Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет86/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді  сөздер:  роман,  азаттық,  жанр,  суреткерлік  шеберлік,  поэтика,  теңеу,  ауыстыру, 

ұлттық рух, таным 

 

Тарихи  шығармаларда  бүгінгі  рухани  тіршілігімізге  қатысты  көп  мәселелердің  қамтылуы 



оның  танымдық  рөлінің  өте  зор  екендігін  айқындайды.  Бұл  орайда  тарихи  тақырыптың  қазақ 

әдебиетіндегі  туып,  қалыптасу,  орнығу  үлгісін  танытатын  алғашқы  туындыларды,  яғни 

Ж.Аймауытов,  М.Әуезов,  М.Жұмабаев,  С.Сейфуллин,  І.  Жансүгіров,  С.  Мұқановтардың  тарихи 

шығармаларын  айтпағанның  өзінде  І.Есенберлиннің  “Көшпенділер”,  “Алтын  Орда”,  Ә. 

Әлімжановтың “Махамбеттің жебесі”, “Жаушы”, Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры”, “Елең-алаң”, 

М.Мағауиннің  “Аласапыран”,  С.  Сматаевтың  “Елім-ай”,  Қ.Жұмаділовтің  “Дарабоз”  т.б. 

романдарын  өткенді  айта  отырып  оны  бүгінгі  өмірмен  байланыстыра  көрсеткен,  уақыт  рухы 

көрінетін шығармалар ретінде танимыз, бағалаймыз. 

Қазақ  халқының  XV  ғасырдан  бергі  тарихы  жайлы  жаңа  романдар  (“Алмас  қылыш”, 

“Жанталас”) жазған Ілияс  Есенберлин кейін “Қаһарды” осы серияның үшінші кітабы етіп қосты. 

Бәрі бірігіп “Көшпенділер”  трилогиясын құрады. 

Мұхтар    Мағауиннің  “Аласапыран”  (1981-1983)  атты  екі  томдық  романы  Қазақ-Ресей  

қарым-қатынастарының  басталуы  мен  күрделі  жағдайда  өрістеуін  суреттейтін  үлкен  бір  көлемді 

шығарма болды. Роман XVI ғасырдың аяғы, XVII ғасырдың бас кезіндегі қазақ ордасы мен Ресей 

мемлекеті  арасындағы  қарым-қатынас  тарихын  қозғайды.  Көрші  елдердің  құрметті  адамдарын 

қолға  ұстап,  сол  арқылы  қарым-қатынасты  жөндеу,  біртіндеп  бағындыру  сол  тұстағы  Ресей 

саясаты  болғаны  да  анық  көрінеді.  Қазақ-орыс  қарым-қатынасының  кейінгі  тарихын  (XVIII-XIX 

ғасырлар) Ә.Кекілбаев жазды. Оның  “Үркер” (1981), “Елең-алаң” (1984) романдары Қазақстанның 

Ресей  құрамына  кіруі  мен  содан  кейінгі  алғашқы  дәуірдің  күрделі  қарым-қатынасын  суреттейді. 



185 

 

Роман  оқиғасында  қазақ  делегациясының  Петербургке  баруы,  Орынбор  экспедициясының 



құрылуы мен қазақ даласына сапары, Ор өзені бойында бекініс салу, Татищев пен Әбілқайырдың 

кездесуі, Әбілқайырдың бодандыққа беріктігіне қайтадан ант беруі сияқты жайлар қамтылған. 

Қазақ  тарихының  кейбір  мәселелері  Ә.Әлімжановтың  “Махамбеттің  жебесі”  (1969ж), 

“Ұстаздың  қайтып  оралуы”  (1978ж)  романдарында  да  көрініс  тапқан.  Жазушы  “Махамбеттің 

жебесі”  романында  қазақтың  ғасырлар  бойғы  арыла  алмай  келе  жатқан  рушылдық  дертін, 

алауыздығын  талдайды.  Махамбеттей  ұлы  ақынның  да  қаза  болуына  себепші  болған  осы  мінез 

екеніне назар аударады.  

Қазақ  халқының  ұлттық  ой-санасының  жүдеп  бара  жатқанын  көрген  зиялы  азаматтар 

алпысыншы-жетпісінші  жылдардан  бастап  ұлттық  сананы  оятып,  тәрбиелеуге  көркем  әдебиетті 

пайдалану  мақсатын  қойған  еді.  Ол  үшін  М.Әуезов  негізін  салған  тарихи  роман  дәстүрін 

жалғастыру  керек  болды.  Бұл  алғаш  “жылымық”  жылдарынан  жайлап  басталып,  одан  әрі  аса 

сақтықпен  дамыды.  Қазақ  тарихының  әрқилы  беттері  жаңаша  бедерленіп,  көркем  бейнелеуге  ие 

бола  бастады.  Халықтың  өткен  тарих  пен  оның  негізгі  оқиғалары,  ел  болу  дәстүрі,  бостандық, 

азаттық  идеяларының  таралуы,  сол  бір  кездерде  ел  басқарған,  ел  намысын  қорғаған  батырлар, 

азамат ерлер жайында білуге құмарлығы арта түсті.  

“Жетпісінші  жылдардың  бер  жағында  қазақ  тарихына  арналған  романдар  легі  туды...  Ел 

бастаған, оның мүддесін жоғары қойып, жорықтарға өздері бастап шыққан батыр ел билеушілерді, 

халықтың  даналығын  бойына  жиған  шешендер  мен  көсемдердің  неше  алуан  бейнесін  тарих 

шындығына  сүйеніп  ашты.  Қазақтың  тарихи  әдебиеті  халықтың  өзін  тануына,  оның  тарихтағы 

орнын түсінуіне үлкен көмек жасады” [1, 25 б.], –  дейді зерттеуші- ғалым С. Қирабаев.  

Ұлттық  идеяның  ең  басты  тірегі  –  тәуелсіздік,  еркіндік.  Ол  тәуелсіздік  идеясы  қазақ 

халқының  өткен  ғасырлардағы  азаттық  жолындағы  күресі  –  жетпісінші-сексенінші  жылдар 

прозасында қаламгерлеріміздің кең арналы ойларын  айтып көркемдік шешімдерге  келуіне   тың 

серпін   жасады. 

Жазушы  Маршал  Әбдіхалықовтың  сексенінші  жылдары  жазылған  “Сүйінғара”  [1981ж] 

романы    да  өткен  ғасырлар  тарихи  шындығын  суреттеп,    халқымыздың  азаттық  жолындағы  сан 

тарапты  күрес-тартысының    қырларын  ашады  “Сүйінғара”  романы  –  ХҮІІІ  ғасырдың  соңы  мен 

ХІХ ғасырдың   басындағы еліміздің батыс өңірі Маңғыстаудағы қалыптасқан күрделі   қоғамдық-

саяси  жағдайды  сипаттайтын  сюжеттік-композициялық  өрнегі      жымдаса  құрылған  идеялық 

мазмұны жоғары, көтерген тақырыбы терең шығарма.   

Романның тақырыбы – осы кезеңдегі қазақ батырларының бірінен саналатын тарихи тұлға 

Сүйінғара  Үргенішбайұлының  жер  мен  елін қорғаудағы  ерлік  істері,  Маңғыстау  үшін  Ресей  мен 

Хиуа  хандығы  арасындағы  күрес  мәселелері.  Қиянат  пен  зорлықтардың  шектен  асуы,  салық 

түрлерінің көбеюі, елдің сол кездегі көсемі, сол тұстағы халықты біріктіре алатын аса абыройлы 

тұлға Сүйінқара батырдың елі мен жерінің тәуелсіздігі үшін намысын жанып,  ызасын  туғызады. 

Сүйінғара  Үргенішбайұлы  жалпы  қазақ  даласындағы    ұлт  азаттығы  үшін  болып    жатқан 

оқиғаларға ат салысты. Исатай-Махамбет  қозғалысын ақырына дейін қолдап, ағалық ақыл-кеңесін  

беріп   отырған тарихи тұлға. 

“Адамды заман билейді. 

Бұл  туралы  кім  болса  да  ойланатын  шығар.  Тіпті  ойланбағандар  болса  да,  осы  сөзді  ара-

тұра естігенде ақиқат сипаты мол ұғымды іштей мақұлдайды. 

М.  Әбдіхалықовтың  “Сүйінғара”  романын  жазу  барысында  осы  ойлардың  қамауында 

болғаны көрініп тұр. Роман тақырыбы өте күрделі. Жері кең болғанмен, адамы сиректеу, аңқаулау 

көрінетін Маңғыстау түбегіне көз тіккен Ресей, Англия, Хиуа мемлекеттері саясатының шиеленісе 

бастаған уақыты. Ағылшындар Хиуа ханы арқылы қазақ жеріне, сол арқылы Кавказ елдеріне көз 

тігіп отырса, орыстар Маңғыстау арқылы Орта Азияға, одан Индия, Қытай байлықтарынан дәмелі. 

Осы  алпауыттар арбасуының аясына  айналған қазақ елінің жай-күйі,  бостандық, азаттық туралы 

арман,  әрекеттері  суреттеледі.  Роман  жарық  көрген  жылдар  Кеңес    үкіметінің  ұлт-азаттық 

идеялардан қатты үрейленетін кезі. Мұның  барлығын  М. Әбдіхалықов өте жақсы білді. Қаламгер 

шығармашылығының  үлкен  бір  белесі    “Сүйінғара”  романы  –  осындай  ахуалды  уақыттағы 

ойларды  жазған  үкілі  еңбегі.  [2,  5б.],  –  дейді  роман  жөнінде  ой  толғаған  әдебиет  зерттеушісі 

З.Бисенғали.  




186 

 

ХҮІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Маңғыстауда өте күрделі қоғамдық-саяси 



жағдай    қалыптасты.  Бұл  кезде  Ресей  империясының  Орта  Азияға  біртіндеп  еніп  жатқан,  бірақ 

толық    билік  орната  қоймаған  уақыты  еді.  Қазақ  руларының  басым  бөлігі  Ресей  империясының 

бодандығын  мойындап  қалса  да,  Сүйінғара  батырдың  қол  астындағы  Маңғыстауды  мекендеген 

рулардың  әлі  де  басыбайлы  бодандыққа  өте  қоймаған  кезі.  Сүйінғара  Үргенішбайұлының  сол 

кездегі іс-әрекетін тарихи жағынан пайымдасақ, ол уақыттың талабына, қоғамдық-саяси жағдайға  

орай әрекет   еткендігіне көзіміз жетеді. Бұл жерді мекендеген елді жау шапқынынан қорғау ғана 

емес,  күнделікті тұрмыс, қоныс, азық-түлік, жер-су жағдайлары сол кездегі өте күрделі  мәселелер 

болатын. 

Сүйінғара  батыр  екі  жақтан    қыспаққа    қалады.    Солтүстіктен  алып  Ресей  империясы 

бүйірлей  енуге  әрекет  етсе,  оңтүстігінде  көршілес  мекендеген  Хиуа  хандығы  қысымшылығынан 

жергілікті  адай  рулары  қатты  зардап  шекті.  Хиуа  хандығы  Сыр  бойына  бекіністерін  салуын 

салғанымен,  Маңғыстауға    өз    билігін  жүргізе  алмады.  Тек  көктем,  күз  айларында  Хиуаға    мал 

айдап,  өнімдерін  саудаға  шығарған  кезде  ғана  Хиуа  ханы  белгілеген  алым-салықтарды  төлеуге 

мәжбүр болып отырды. 

“Маңғыстауды орыстар иелене бастаған кезде, Адайлар ханға зекет  төлеуден   бас  тартты. 

Ашуланған  Хиуа  хандығы      Адайлар        сатқан        малдарға      салықты    бұрынғыдан  да  ұлғайтып 

жіберді. Тіпті   адайлардың   керуендерін    тоқтатып,  сауда-саттықты доғарып тастады” [3, 19б.],  

–  дейді  тарихшы  ғалым      М.Тұрсынова.  Бұл  кезде,  яғни  ХІХ  ғасырдың    жиырмасыншы  

жылдарында      Ресей  империясының  қазақ  руларына    толық  билігі  орнағанымен,    Маңғыстауды   

мекендеген  Адай  рулары  өз  дербестігін  сақтауға  тырысты.  Сондықтан  патшалық  Ресейдің 

жазалаушы  отрядтарының  шапқыншылығына  жиі  ұшырап  отырды.  Әсіресе,  маңғыстаулықтарға 

патша үкіметінің Орынбордағы үкімдерінің  тізесі қатты батты. Басқыншыларға қарсы көтеріліп, 

қарсы жасақ құрып күреске шыққан елдің сол кездегі көсемдерінің бірі Сүйінғара батыр болатын, 

сол тұста халықты біріктіре алған аса абыройлы тұлға еді.  

“Әр әріптің  бетіне үрке   қарап,   дүрбісін оңды-солды салып отырған цензуралы заманда 

Сүйінғара      сынды      өмірі  өте      күрделі      болған    ердің,    жұртының  тағдыры  талқыға  түскенде   

шауып жүріп жорға салатындай  би-шешеннің,  бір жарым ғасырдан астам  уақыт бойы   Хорезм  

жұртының, Мерв, Балқан бойындағы іргелі елдің құқайына, ағайын қадамын  аштыртпаған   қол 

бастаған батырлар  ордасының санаулы сырттаны, азуы  қатты арыстанының  атын  атап, атқарған 

тарихи миссиясын  бүркеп, бүркемей  роман  жазу   оңай    емес-ті. Бірақ,  Мәкең  аталған романын 

жазды.  Бұл  Маңғыстау  елінің      берісі      алпыс  жылдық  өміріндегі  аламанды  тірлігіне,  оның 

Сүйінғара  батырына  қойған  қаламгер  ұрпағының  ескерткіші  болатын  [4],  –  деген    Ж.Тілепов 

тұжырымына  сүйенсек,  біз  сөз  етіп  отырған  туындыда    жазушының  ұлт-азаттығы  тақырыбын 

көтеру үшін Сүйінғара  тұлғасына арнайы тоқталуы кездейсоқтық емес.  

 Қаламгер тарихи болмысқа, ақиқат құбылыстарға жауапкершілік тұрғысында қарап, типтік 

сипаттағы  деректерді  саралауға  жете  мән  береді.  Сүйінғара  бастаған  елдің  Аллақұл  ханға  қарсы 

азаттық күресіне байланысты белгілі тұлғалардың іс-әрекетін тарихқа, мінезге сәйкесті аша білуін 

романның  жетістігіне  жатқызамыз.  Романда  сол  дәуірге  тән  негізгі  қоғамдық  тенденциялар 

толғанып алынған.  

Романның  бас  кейіпкері  Сүйінғара  Үргенішбайұлы  (1756-1841ж)  –  Кіші  жүздегі  түрлі 

отарлау,  басқыншылық  саясаттарға  қарсы    күрескен  халық  батыры.  Қазақтың  шекарасын 

мөлшерсіз  кеңейтіп,  ырысын  өлшеусіз  молайтқан      жауынгер  тайпа  –  Адай  ұлысының  ұлттық 

тарихымыздың  парақтарынан  ойып  орнын    ала  алмай  жүрген  өксікті  ерлерінің      ішінде, 

шетелдіктердің  де,  орыс  өкіметінің  де,  Хиуа,  одан  арғы  парсы  жұртының  да  назары  ерекше 

аударған   ерен тұлға. 

Сүйінғараның  қимыл-әрекеттері  әкесі  Үргенішбай  батырдан  дарыған.    Нақты  жазба 

деректер бойынша  Сүйінғара Адайдың ұраны – Пірдің соңы  Бекет  атадан аттай   алты  жас  кіші   

болған, яғни   замандасы. 

Романда Сүйінғара өмірінің соңғы кезеңдері, жасы ұлғайған кезі сөз болады.  М.Әуезовтен 

кейін  тарихи  тақырыпқа  жазып  жүрген  авторлардың  қай-қайсысы  да  бас  кейіпкерлерінің  өмірін 

немесе  суреттелініп  отырған  өмір  құбылыстарының  тобын  түгел  қамтуды  мақсат  етпейді. 

“Сүйінғара”  романында  да  осы  дәстүр  негізге  алынып  бас  кейіпкердің  жасының  жетпіске  келіп, 




187 

 

ұлғайған  шағы  болса  да  ең  бір  маңызды  кезеңі  таңдалған.    Ең  бастысы  –  батырдың  ешкімге  бас 



имейтін  асқақ  рухы  көрінеді.  Хан,  сұлтан  алдарында    да  еш  уақытта  өз  басын  төмендетпеген, 

аласармас өрлік, биік намысы оны көре  алмаған, қызғаншақ көптің көз алдында шыққан биігінде 

қалады.    Сүйінғараның  жасы  ұлғайған  шағында  да  халқымен  бірге  болып,  ел  басына  түскен 

қиыншылықты  қайыспай  көтерерлік,  әлі  де  қолбасшылық,  баһадүрлік  іс-әрекеттерге  баруы  жеке 

бас  қасиеттерімен  ұштастырыла  өріледі.  Қаламгер  тарихи  фактілер,  мұрағат  деректеріне  сүйене 

отырып, өз шығармасында ел аузынан естіген естелік әңгімелерімен  толықтыра отырып,  көркем 

туындыны жарыққа шығарды. 

Шығарманың  оқиғасы  қою,  айтпағы  шымыр  да  шынайы.  Роман  үш      бөлімнен    тұрады,  

жазушы  оқиғаны  баяндау  түрінде  береді.  Адам  портреті,    оны  мінездеу,  ішкі  психологиялық 

иірімдерін  беру,    табиғат    көрінісі    шынайы    тұрғыда    көркемдікпен      суреттеледі.  Романға  ел 

тарихындағы  елеулі оқиғалар негіз болып, оның  бір қаһарман тағдырына байланысты (Сүйінғара)  

қамтылып, оншақты  жыл ішіне жинақтала суреттелуі –  шығарма композициясын  ширата түседі. 

Автордың  идеялық  нысанасы  –  сол  кезеңдегі  халық  басынан    өткен      тарихи      оқиғалардың   

шындығын таныту. 

Шығарманың алғашқы тарауларында батырлығымен аты шығып, даңққа бөленген, болмыс-

тірлігі  бірте-бірте  уақыт  желісінде  ел  арасында  аңызға  айнала  бастаған  Сүйінғара  ел  ішінде 

айтылатын  адуын  ер,  батыр  деңгейінде  ғана  алынбай,  кемеңгерлікке  толы  парасат  иесі,  ірі 

саясаткер  ретінде  суреттеледі.  Бұл  сипаттары  романда  жәй  баяндау  емес,  оқиға  жүйесінде, 

детальді көріністе, қисынды фактілермен өрілген сюжеттік желілер арқылы беріліп отырады.  

 Сүйінғара  Карелин  мен  Тұрпаевтың  өзімен  өткізген  әңгімелерінен  Ресейдің  Маңғыстауға 

байланысты  ой-мақсатын  түсінеді.  Түпкі  ойларын    ашып  айтпай,  жер,  су  жайын  сұраған  болып  

сыр  тартуынан  Карелин  мен    Турпаевтың      көмейіндегі    сөздерді    Сүйінғара    сезеді.  Романда 

жазушы   басты   кейіпкерінің бірі  – Карелиннің ой толғаныстары, көрген түстері арқылы Ресей   

империясының    Хиуа      хандығымен  арадағы  дау-жанжалдар,    Петр    патша      тұсындағы    А. 

Черкасский    отрядының  Маңғыстауға  сапары,  оны  Хиуа  ханының  алдап  соғып  қатыгездікпен 

өлтіруі,  Хиуа  –  ағылшын    қатынастары  арқылы      Маңғыстауда      қалыптасқан    қоғамдық-саяси 

жағдайларды  хабардар етеді. 

 

Алпауыт  мемлекеттер  өзінің  мүддесі  үшін  кімді  де  болсын  аямайтыны  ақиқат.  Олар 



өздерінің ішкі пасық ойларын жасырып әрекет жасайды. Сондай жымысқы қулықты түсіну үшін 

де  ақылгөйлік,  кемел  біліктілік,  елдің  намысы  үшін  күресе  білер  қайрат  пен  жігер  керек. 

Сондықтан  ол  әр  кезде  өзін  сақ  ұстайтын,  сергек  те  сезімтал,  көрінгенге  ішін  бере  бермейтін 

салқынқанды  ақыл  иесі  ретінде  көрінеді.  Сүйінғараның  өте  сақ  екендігі  іргесінен  үңгіп  келіп, 

қамалын  салмақ  болып,  теңіз  айдынында  кемелерімен  ұйлығып  жүрген  орыстарды  көрсе  де, 

біразға дейін хабарласпайды. “Еліміздің жаңа тұрпатта тізіліп  жатқан жаңа   тарихы   қазақтың 

Россияға      өз  еркімен    қосылды  деген  қисынның  атымен    жалған    екендігін  дәлелдеп  отыр.  

Әбілхайыр хан, оның жанындағы батырлар, билер кейіннен солардың  жолын ұстаған Сүйінғара, 

Арыстан,  Көтібар,  Есет,  Жоламан    тағы  басқа  батырлар  қазақтың  жалпақ  тілімен    айтқанда 

орыспен  алыстан  сыйласу  салтын    ұстаныңқырады.  Одан  сақтанды.  Орыс  патшасының    боданы  

емес  одағы,  одақтасы  болуды   қалады” [5]. 

Сайын  даланы  отаршылдықтан  тек  білектің  күшімен  емес,    мәмілегерлік  жолдармен  де 

шешуге  ұмтылғандығын,  тынымсыз  ой  кешкенін  тарихи    зерттеулердегі  Сүйінғараның  

хаттарынан,  ол  туралы  жазбалардан    байқауға  болады.    Сүйінғараның    ел  тағдырына  қабырғасы 

қайысып,  тереңнен    ойланып-толғанып  жүрген  ер  екені  Қоңырмолда,  Тұрыш  қажымен  арадағы 

әңгімелерінде, Жәңгір ханның таққа отырған соң,   бар шұрайлы жерлерін сары ала  шекпенділерге 

бөліп  жібергеніне  торығатынынан,  елдің  малын  пітір,  зекет  деп  талап  жеген    Хиуа    хандығына  

деген  ызасы,  малға  жайлы  шұрайлы  жерлерді  алып    жатқан  патша      өкіметі      іс-әрекеттерінен 

шошынатынынан байқаймыз.  

Сүйінғараның  ерлігімен  қоса,  рухани  бітімі  кесек,  ақыл-парасаты  жоғары.  Елге  деген 

шексіз  махаббаты  мен  сенімінің  зор  болуына  оның    ел  тізгінін  ұстауы,  Тұрыш,  Кежі,  Мая 

билермен достық сезім, қимас көңілмен жиі кездесіп дүниетанымын байытып отыруы, Махамбет, 

Исатайларды ой көсемі, сөз пірі деп тануы, ел жақсыларымен қысталаң шақтарда үзеңгілес жүріп, 



188 

 

бірге  күйзелген,  бірге  тебіренген  сәттері  Сүйінғараға  әрине,  игі  әсерін  берген  дейміз.  Халық 



қамын тереңнен ойлап, адамгершілік, адалдық жолымен түсінетін адам. 

   Академик  З.  Қабдолов:  “Қандай  бір  көркем  шығарма  болсын,  ол  оқырманға  бұрын 

беймәлім өмірді, шындықты, бейтаныс заманды, адамды танытады. Әр кітап оқырман үшін бұрын-

соңды беймәлім дүниенің есігі секілді. Сол есікті ашып кіргенде ғана адам өзіне белгісіз құпиялар 

сырына тереңдеп, танымын байытпақ” [7, 357 б.], – деп пайымдағанындай,  романның танымдық 

нәрінің нәтижесінде  оқырман халқымыздың бір бөлігінен саналатын  Батыс аймағындағы ХҮІІІ 

ғасырдың  аяғы  ХІХ  ғасырдың  басындағы  тарихи  жағдайлар,  сол  кезең  адамдарының,  тарихи 

тұлғалардың  сезімдері  мен  толғаныстарын,  мінез-құлықтарын,  үміттері  мен  армандарын,  тыныс-

тіршіліктерін  сезініп,  түйсінеді.  Елбасының  «Ұлы  даланың  жеті  қыры»  мақаласында:  «Тарих 

арқылы  түп-тамырымызды  біліп,  ұлттық  тарихымызға  терең  үңіліп,  оның  күрмеулі  түйінін 

шешуге  мүмкіндік  туады.  Қазақстан  тарихы  да  жеке  жұрнақтарымен  емес,  тұтастай  қалпында 

қазіргі заманауи ғылым тұрғысынан қарағанда түсінікті болуға тиіс. Оған қажетті дәйектеріміз де 

жеткілікті.  Көтерілген  мәселелер  жан-жақты    ой  елегінен  өткізіп,  терең  зерделеуді  талап  етеді. 

Сондай-ақ  біздің  дүниетанымымыздың,  халқымыздың  өткені  мен  бүгінінің  және  болашағының 

іргелі негіздеріне тікелей қатысты» - деген болатын. 

Осы  орайда    өскелең  ұрпақты  отаншылдық  сезімге,  патриоттық  рухта  тәрбиелеу,  рухани,  

ұлттық  құндылықтарды  сақтауда  бүгінгінің  тамыры  өткен  тарихта  екендігін  қаламгерлеріміздің  

тарихи көркем туындылары дәлелдей алатындығын көретеді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Қирабаев С. Ұлт тәуелсіздігі және әдебиет. – Алматы: Ғылым, 2001. – 448 б.  

2.Бисенғали  З.Ғ.  //  М.Әбдіхалықовтың  әдеби  мұрасы  және  рухани-тәрбие  мәселелері.  М. 

Әбдіхалықовтың  70  жыл  толуына  арналған  республикалық  ғылыми  теориялық  конференция 

материалдары. – Ақтау, 2007. – 25 маусым.  -4-8 бб. 

3.Турсунова  М.  Казахи  Мангышлака  во  второй  половине  ХІХ    века.  –  Алма-Ата:  Наука,  

1977. – с 181.   

4. Тілепов Ж. Алашқа айбын бола білген азамат // Маңғыстау 2006. – 2 қараша 

5. Спан Ә. Кезеңі туғызған кемел тұлға // Маңғыстау. – 2006. –  2 қараша. 

6. Әбдіхалықов М. Сүйінғара.  – Алматы: Нұрлы әлем, 2009. – 275б. 

7. Қабдолов З. Сөз өнері. 2 томдық таңдамалы шығармалар. – Алматы: Жазушы, 1983. – 2 т. 

– 456 б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет