Түйінді сөздер: реформа, дистанция, приставтық, әскери-полициялық бақылау, уезд.
Маңғыстау қазақтары ХIХ ғасырдың орта шенiне дейiн өздерiнiң дәстүрi, әкiмшiлiк-
территориялық бiрлiгi бойынша Кiшi жүздiң билеушi-сұлтаны басқаруындағы батыс бөлiкке
қарады. ХIХ ғасырдың ортасынан бастап Маңғыстау халқы патша өкiметiнiң отарлық басқару
жүйесiне тартыла бастады. Алғашқыда Маңғыстау қазақтары ресейлiк басқарылуға түгелдей
қамтылмады, батыс бөлiгiндегi 52-дистанцияға адай руының төрт аталығы (қырық мылтық,
түркпен-адай, құнан-орыс, балықшы) және Yстiрттiң оңтүстiгiн мекендеген Кiшi жүздiң басқа да
бөлiктерi енгiзiлген болатын. Кiшi жүз территориясына орыс бекiнiстерi салынған сайын,
Маңғыстаудағы адайлардың патша өкiметiне бағындырылуы күшейе түстi. 1867 жылы Адай
қазақтары Жоғарғы дистанция деп аталынған әкiмшiлiк жүйелiк бiрлiкке бiрiктiрiлді. Бірақ, көп
ұзамай бұлайша басқарудың қиындығына байланысты екi дистанцияға бөлiнiп басқарылды.
Маңғыстау Адайларының бес аталығы Төменгi дистанцияға, ал Yстiрттi мекендеген Адайлар-
Жоғарғы дистанцияға бағындырылды.
Маңғыстаудағы патшалық әкімшілік биліктің өзіндік ерекшелігі болды. Маңғыстауды
отарлау мен Ресейлік әкімшіліктің басқа аймақтардағы өзгешелігі - приставтықтың құрылуы
болып табылады. Приставтық – Россия империясында қабылданған әкімшілік бөліктерге бөлу
жүйесіндегі біртұтас қабылданған бірлік емес еді. Сол себепті де оны енгізу патша үкіметінің өзіне
бағынышты әрі шекаралық стратегиялық аймақ болып табылатын территориясындағы әскери-
полициялық биліктің айқын белгісі болды. Әкімшілік реформалар Маңғыстаудың әкімшілік-
193
территориялық бағыныш-тылығын бірнеше рет өзгертті. Әрбір өзгеріс әскери-полициялық
бақылауды күшейту және түбек халқын қазақ халқының негізгі бөлігінен айыру бағытында
жүргізілді. Уездегі көшпелі халық болыстарға бөлінді, ал болыстар ауылдарға бөлінді. Болыстар
мен ауылдарға кіретін үй басы санын облыстық басқарма бекітті. Болыстарды болыс басшылары,
ал, ауылдарды – ауыл ақсақалдары биледі. Сондай-ақ, Маңғыстау халқындағы әкімшілік билік
жүргізудің Қазақстанның басқа өңіріне қарағандағы тағы бір өзгешелігі болыстарды құруда болыс
басшыларын, ауыл старшындарын, тіпті билердің өзін отаршыл әкімшіліктің тағайындауынан
көрінді. Қазақстанның өзге аймақтарында жергілікті билеушілерді формальды түрде болса да,
сайлап қоюшы еді. Олар 3 жыл мерзімге халықтық сайлау арқылы сайланатын. Ал, Маңғыстауда
оларды патшалық әкімшілік тағайындады.
Маңғыстау халқының Ресейге заңды түрде бағындырылуы ХIХ ғасырдың 40-жылдары Кiшi
жүз халқын дистанцияларға бөлу принципiмен басқару жүйесiн енгiзуге байланысты жүзеге
асырылды. Бұл жүйе бойынша, қазақтардың жайылымдары казак станицаларының санына
сәйкестендiрiлiп бөлiнiп, басқарыла бастады (алғаш 32 дистанция болса, кейiнiрек олардың саны
өсе бердi) [1]. Патшалы Ресейдің отары болған Қазақстан ХІХ ғасырдың соңында үш генерал-
губернаторлыққа Түркістан, Орынбор, Батыс Сібір генерал-губерна-торлықтарына бағынған 6
облысқа бөлінді. Маңғыстау ол кезде Маңғышлақ приставтығы деген атпен белгіленіп, негізгі
қазақ жерлеріндегі әкімшілік-басқару жүйесінен бөлініп, алғашқыда Кавказ әскери округына
енгізілді.
Маңғышлақ приставтығы 1861-1881 жылдар аралығында (кейіннен болыс, уезд, облыс,
губерния ретінде) өмір сүрді. Маңғыстау түбегіндегі әкімшілік-территориялық бөлік 1868 жылы
Маңғышлақ приставтығына Бозашы түбегі, үстірт жоны, Каспий теңізінің Шығыс жағалауындағы
Морской, Святой, Подгорный, Долгий, Орлов, Керел (Жандауыр) аралдары кірді.
1869 жылы орыс әскерлерінің Красноводск, Тасарбатқала бұғаздарында жүргізген әскери
барлау жұмыстарының нәтижесінде Каспий жағалауында Красноводск приставы құрылып, Кавказ
наместнигіне берілді. Красноводск приставымен қатар 1870 жылы 2 ақпанда Маңғыстау да
Кавказдағы Дағыстан облысына қаратылып, аймақтағы адайлар мен түрікмендер Ресейдің
әкімшілік жүйеде жүргізілген реформаларына байланысты еріксіз түрде өз руластарынан, ұлтынан
бөлініп қалды. Территориялық принцип негiзiнде басқаруға бейiмделген бұл жүйе – қазақтардың
ғасырлар бойы дамыған дәстүрлi шаруашылығын дамыту, әрi жүргiзу мүмкiндiгiн жойғандықтан,
Кiшi жүз қазақтары 1868 жылы көтерiлiске шықты.
Нәтижесiнде Маңғыстау территориясында Уақытша ережеге сай патшалық басқару жүйесi
iс жүзiнде 1870 жылы күшпен енгiзiлдi. 1870 жылы 2 ақпанда Маңғышлақ приставтығы
Александровск фортымен бiрге Орынбор генерал-губернаторлығындағы Орал облысынан бөлiп
алынды, Дағыстан генерал-губернаторлығындағы Кавказдық мирасқор әкімшіліктің
басқарылуына берiлдi [2]. Енгізілген басқаруға негізделіп Маңғыстау приставтығы 2 қазақ, 1
түрікмен болысынан құрылды. Олар: Бозащы, Маңғыстау, Түрікмен. Қазақстанның басқа
аймақтарында болыстар қысқы қоныстарына байланысты құрылса, Маңғыстауда көшу ретіне
қарай, екіншіден, жерді пайдалану құқына, рулық бөлінуіне байланысты құрылған. Болыстардың
санын және шекараларын анықтау Кавказ армиясының бас қолбасшысына жүктелді.
1874 жылы патша үкіметінің Каспий сыртқы аймағын басқару туралы Уақытша ережесіне
сәйкес, Маңғыстау мен Шағадам (Красноводскінің) әкімшілік жүйеде біріктіріліп, 1881 жылы
Каспий сыртқы аймағы облысына кірді, ал 1884 ж. Шағадам (Красноводск) маңындағы 2894 түтін
біріктіріліп, Адай болысы құрылды.
Алғашында, Маңғыстау территориясында Кавказдық әкiмшiлiк әскери басқаруды енгiзудi
жоспарлады. 1874 жылы 9 наурыздағы Каспий сырты аймағын басқару туралы Уақытша ережесi
бойынша Маңғышлақ пен Шағадан (Красноводск) приставтықтары Каспий сырты әскери бөлiмiне
бiрiктiрiлдi. Бұл бөлiм әскери және әкiмшiлiк жағынан да Кавказ әскери округінің Бас
командашысына тiкелей бағынатын. Маңғыстауды Кавказ арқылы басқарудың бұл әдiсi қолайсыз
көрiнгендiктен Каспий сырты әскери бөлiмi 1881 жылы 10 маусымда орталығы Ашхабад болған
Каспий сырты облысына айналдырылды. Облыс Кавказ әскери округына бағындырылып, үш
уезден: Маңғышлақ, Красноводск жєне Ахалтеке уездерінен тұрды.
194
1890 жылы Каспий сырты облысы Кавказ әскери округынан бөлініп, бөлек әкімшілік және
әскери, құрамында 5 уезі бар аймаққа айналдырылды. Маңғышлақ уезінде негізінен қазақтар –
адайлар мен түрікмендер тұрды. Адайлар үш болысқа: Маңғышлақ, Бұзашы және Yстiрт
болыстарына бөлiнiп басқарылды. 1877 жылы Маңғышлақ болысы екiге – Маңғышлақ пен
Түпқараған және Бiрiншi мен Екiншi-Бозащы болыстықтары болып бөлiндi [3]. Маңғыстауда 1888
жылы жаңадан үш болыстық: Түрiкпен-адай, Жеменей және Райымбердi болыстықтары құрылды.
Кейiнiрек Yшiншi-Бозащы болыстығы құрылады. Сондай-ақ, 1908 жылы Каспий теңiзiнiң
шығысындағы қазақ және түрiкмен балықшылары Рыболовная деп аталатын болыстыққа
бiрiктiрiлдi. 1881 жылы Маңғышлақ приставтығы 10 қазақ және 1 түрiкпен болыстарынан
құрылған уезге айналдырылады. Айта кету керек, 1880 жылдары Маңғыстауда жүргізілген
әкiмшiлiк басқарудағы өзгерiстер кезiнде 6 мың түтiн адайлар (1,2,3 – Адай болыстары) ерiксiз
Орал облысына қалдырылып, Маңғышлақ уезiне енгiзiлмедi
[4]. Адайлардың болыстардағы
орналасуы әркелкi болды. Әр болыста 1100-1600 түтiн аралығында адамдар болды. Болыстар
әкiмшiлiк бірліктер – ауылдарға бөлiндi. 1908 жылы болыстарда 74 ауыл болды. Маңғыстаудағы
әрбiр болыстың территориясы табиғи шекаралармен анықталып отырды.
1890 жылы Каспий сырты облысы Кавказ әскери округынан бөлiнiп, жеке әкiмшiлiк және
әскери басқарудағы облысқа айналды. Маңғышлақ уезi Каспий сырты облысы құрамындағы 5
уездiң бiрi болды. 1897 жылғы санақ бойынша, Маңғышлақ уезiнде 68.555 адам тұрды, 1 м
2
жерге
0,36 адамнан келдi.
Маңғыстау, Красноводкі уездіндегі қазақтардың негізгі шаруашылығы – көшпелі мал
шаруашылығы. Маңғыстау уездіндегі адайлардың 93,4% мал шаруашылығмен, 0,02%
егіншілікпен, 6,4 % басқа да кәсіппен айналысқан. Олар: балық аулау, кірешілік, сауда және
қолөнері. Маңғыстау уездінде егіншілікпен Қаратау, Ақтау және Александровскі форты маңында
тұратын адайлар айналысты. Олар бидай, арпа, тары егіп және Александровскі форты маңында
жүгері, жоңышқа, бақша дақылдарын өсіретін. Өлке Ресейге қосылғаннан кейін Маңғыстау
уезіндегі қазақ ауылының экономикасында болған елеулі өзгерістерге қарамастан, мұнда
шаруашылықтың негізгі саласы бұрыңғысынша мейлінше экстенсивті көшпелі шаруашылық
болып қала берді. Мәселен, уезд бастығының 1916 жылғы есебінде былай делінген: «Маңғыстау-
дың бүкіл өндіргіш күштері тек қана мал шаруашылығына шоғырландырылып отыр, жалшылықта
жүрген кедейлерді қоспағанда, барлық қырғыздар (қазақтар) түнелдей сонымен айналысады.
Табиғи жайылымның жеткіліксіздігі адайларды мал табындарымен қоса үнемі (жыл бойы)
құдықтан құдыққа көшіп жүруге мәжбүр етті. Сондықтан олардың табындарында ұзаққа
созылатын жүріске өте шыдамды, сонымен бірге көшпелі жұртты қажетті нәрсенің бәрімен
қамтамасыз ететін мал (қой, түйе, жылқы) түрлері басым болды» [5].
Маңғыстаудағы мал шаруашылығына тән ерекшелік қысқа арнап жем-шөп дайындаудың
мүлде болмауы еді. Р.Карутц «малға жем-шөп қоры жасалмайды, мұның өзі едәуір зиян шегуге, ал
кейде малдан мүлдем айырылуға әкеп соғады» деп жазады [5, 457 б]. Адай ауылдары көшпелі
болып қалып, оқшау және бытыраңқы (құдықтар маңында), рыноктардан алыста өмір сүріп, заттай
сипатын едәуір дәрежеде сақтап қалғандықтан, онда рулық құрылыстың қалдықтары
Қазақстанның басқа көптеген бөліктеріне қарағанда күштірек сақталды. Мұнда негізінен бұрыңғы
рулық жер қауымдары сақталып, көшіп-қону жолдары, суаттарды (құдықтарды) және
жайылымдарды пайдалану өзгермеді. ХХ ғасырдың басына дейін Маңғыстау уезінің шегінде
мекендеген Адай және Табын руларының солтүстіктегі жайлау алқаптарына (Орал уезінің
Қарағаш және Шілік болыстарына, Елек пен Жайықтың су айырығына) орыс
қоныстанушыларының көшіп келуі, шөп шабудың, егіншіліктің дамуы осы екі ру жайлауының
оңтүстікке қарай ығысуына ықпал етті.
Сонымен, Маңғышлақ уезi - бұрынғы Маңғышлақ приставтығы. Ол алғашқы кезде Кавказ
әскери округына, ал 1899 жылдан бастап Түркiстан генерал-губернаторлығына қарасты Каспий
сырты облысына бағынды. Маңғышлақ уезiнiң оңтүстiк шекарасы Қарабұғазды қақ жарып, Арал
теңiзiне дейiн, солтүстiк шекарасы қазiргi Комсомол шығанағынан Yстiрт жонының солтүстiгi мен
Арал теңiзiнiң батысына дейiнгi жердi алып жатты. Уезд 10 болыстықтан, 74 әкiмшiлiк ауылдан
тұрды. Маңғышлақ уезi деген атау 1920 жылға дейiн сақталып, сол жылдан бастап Адай уезi
атанды. Адай уезі (кейінгі округ) Маңғыстаудағы негізгі шаруашылық – мал шаруашылығының
195
өсуі мен орналасуының мекені ретінде қалпын көп өзгертпестен 1920-1927 жылдарға дейін
оңтүстіктегі Шағадам (Красноводск) қаласынан бастап Солтүстік, Солтүстік-шығыстағы Мақат
пен Шалқарға дейінгі территорияны немесе қазіргі төрт облыстың (Шағадам, Маңғыстау, Атырау,
Ақтөбе) жерін қамти орналасып жатты.
ӘДЕБИЕТТЕР
1.
ҚРОМА 5 - қор, 1 - тізбе, 2171 - іс, 124 – парақ.
2.
ҚРОМА 715-қор, 1-тізбе, 41-іс, 180-183 парақтар.
3.
Турсынова М.С. Казахи Мангышлака во второй половине ХІХ века. - Алма-Ата:
Наука КазССР, 1977. –184 с. (c. 119 - 120).
4.
ҚРОМА 40-қор, 1-тізбе, 712-іс, 1-2 парақтар.
5.
Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында.Алматы.,2002.457 б.
Достарыңызбен бөлісу: |