Түйінді сөздер: көші-қон, механикалық өсім, уезд, санақ, демография.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде елдегі қалыптасқан демографиялық ахуалға орай
тарихи-демографиялық мазмұндағы зерттеу жұмыстарының маңызы арта түсті. Ел президенті
Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан-2030» атты халыққа жолдауында еліміздің демографиялық даму
мәселелеріне баса назар аудара отырып «ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты
189
демографиялық және көші-қон саясаты шығарылуы тиіс»,-деп еліміздің демографиялық және
көші-қон саясатын жетекші басымдықтар қатарына жатқызады [1]. Қазіргі кезеңдегі еліміздің
демографиялық даму жағдайы өткен тарихымызбен тығыз байланысты. Себебі әлеуметтік-
экономикалық және саяси дамуымыз секілді этнодемографиялық даму тарихымызда бір-бірімен
сабақтас. Халықтың сандық өсімі, табиғи және механикалық өсімі, ұлттық, әлеуметтік құрамы мен
жыныстық-жастық құрылымындағы өзгерістер тарихы бір-бірімен сабақтас. Сондықтан да қазіргі
таңдағы демографиялық ахуалды талдау, осыған орай демографиялық дамуды бағдарлау міндетті
түрде өткен тарихты білуді, терең де жан-жақты саралап, зерттеуді қажет етеді.
Көші-қон процестері ХХ ғасырдағы Қазақстанның этно-демографиялық дамуында,
халықтың көп ұлттануында ерекше, басты рөл атқарды. Халықтың жалпы санының өсуі табиғи
қозғалыспен қатар көші-қон процестеріне тікелей байланысты. Қазақстан жеріне көші-қоншылар
ХVІ ғасырдан бастап-ақ аяқ басқан 1861-1919 жылдары 1544049 адам көшіп келген екен. І-
Петрдің Шығысқа байланысты жоспарларының тұсауын кескен жері де – Маңғыстау. Орыс
әскерлері І Петрдің бұйрығымен түбекте Қарағантүп, Кендірлі қамалдарын да сала бастаған.
Алайда, құрылыс аяқсыз қалған. Каспий теңізіндегі алғашқы орыс параходтары 1846 жылы пайда
болды. 1846-1858 жылдары аралығында Маңғыстауға барлығы 49 отбасы көшіп келді. 1852 жылы
15 отбасы балық аулауды кәсіп етсе, 1868 жылы 25 отбасы балық аулаумен айналысты.
ХІХ ғасырдың 2-жартысынан бастап орыс, украин, поляк және т.б. шаруалары да көшіп
келе бастады. Мұны 1870 жылғы және 1897 жылғы санақтары аралығындағы Маңғыстауды мекен
еткен шаруалар санының өскендігінен байқаймыз. Олардың бірқатары еркіндік алғанымен жері
болмағандықтан амалсыздан қалаға келіп, болашақ жұмысшы табының негізін құрады. 1897 жылы
санақта көші-қоншылар туылған жеріне байланысты жіктелінеді. Мысалы, Маңғышлақ уезіне 20
адам Каспий сырты облысының басқа аймақтарынан, 1443 адам басқа губерниялардан, ал 655
адам шетелдерден келіп қоныстанған. Көші-қоншылар көбінесе Форт-Александровскіні мекендеді.
Көші-қоншыларды сословиелік ерекшелігі мен туылған жерлеріне байланысты нақтыласақ, шаруа,
казак және шетелдік қоныстанушылары бар ауылда есептелінген 18 адам губернияның басқа
уездерінен келген, 1191 адам басқа губерниялардан келген [2].
1897 жылғы санақ бойынша, Маңғышлақ уезінде барлығы 1669 адам (1007 ер, 662 әйел)
жергілікті тұрғын емес, сырттан көшіп келгендер тіркелді: Хиуа хандығынан – 650 адам
(түрікмендер), Европалық Ресейден 1301 адам (864 ер, 437 әйел) және т.б. Тамбов (277),
Нижегородск (2005 адам) және Астрахань (328 адам) облыстарынан Маңғыстау жеріне көшіп
келгендер, саны Ресейдің басқа облыстарынан келгендерге қарағанда салыстырмалы түрде көп
болды. Сонымен, ХІХ ғасырдың соңына қарай Маңғыстауда полиэтникалық халық құрамының
негізі қаланып, көші-қон процестері белсендіріле бастады. Көші-қон халықтың демографиялық
құрылымына ғана өзгеріс әкелген жоқ, ең бастысы, жергілікті халықтың шұрайлы жерлері мен
балық кәсіпшілігіне ыңғайлы суларын алып қоюмен қатар жерді. Алайда, көші-қондық ағымдар
белең ала бастағанымен бұл санақта қазақтар негізгі көпшілік қалпында қалды.
1900 жылғы Маңғышлақ уезіне көшіп келген ұлттар туралы мәліметке сүйенсек, сырттан
келгендердің жалпы саны 1462 адам болды. Олар Маңғышлақ уезінің Форт Александровск
маңындағы слободада (297 адам), Николаевск поселкесінде (893 адам), Долгий селениесінде (247
адам), Заворот селениесінде (23 адам) тұрақтаған. Негізгі көпшілігі орыстар 1199 адам. Сондай-ақ,
85 түрікмен, 76 қырғыз, 54 армян, 24 текиндік, 14 татар, 8 парсы, 2 поляк тіркеліпті. Орыс
ұлтынан өзгелері Форт-Александровскі жанындағы слободада ғана кездеседі. Діни сеніміне сәйкес
сұрыптасақ, олардың 1199-православ, 207-мұсылман, 54-армян-григорян, 1-протестант және 1
католик екен. Сословиелік ерекшелігіне сәйкес бөлгенде көпшілігі ауыл тұрғындары – 1248 адам,
153-мещан, 27-діни атақтағылар, 9-дворян, шенеуніктер және 41-төменгі шендегілер мен казактар
[3].
ХІХ ғасыр соңында қазақ жерінде қоныстандыру саясатын мемлекеттік тұрғыдан жүйелі
түрде жүргізу ниетімен ішкі істер министрлігі жанынан қоныс аудару басқармасын ашты. Қоныс
аударушылардың құқықтары кеңейтілді, жеңілдіктер мен көмек ақылар, несие беру, дәрігерлік,
азық-түлік көмектерін беру т.б. шаралары заңдандырылды. Бұл заңдар қазақтарды өздерінің
жерлеріне деген құқықтарын қорғаудан айырды. Осы қоныс аудару басқармасының
басшылығымен 1896-1905 жылдар аралығында Қазақстанның 4 облысына қоныс аударылғандар
190
мен мемлекеттің жәрдемінсіз өз беттерімен келушілер саны: қоныс аударушылар – 234134 адам, өз
беттерімен келгендер 96980 адам, барлығы 291114 адам.1904-1905 жылдары үкімет орындары
Қазақстанды қоныс аударатын бес ауданға бөлді. Олар Торғай-Орал, Ақмола, Семей, Сырдария
және Жетісу аудандары еді, Көріп отырғанымыздай, Маңғыстау жері бұл тізімге ілікпеген. 1904-
1906 жылдары бұл аталған облыстардың бәрінде аудандық қоныстандыру мекемелері ашылды [4].
Столыпиннің аграрлық саясатының құрамдас бөлігі 1907-1917 жылдар аралығында
Орталық Ресей аудандарынан шет аймақтарға шаруаларды қоныстандырып, отарлау саясатын
тереңдету болды. Осы саясаттың барысында Қазақстанға 1907-1914 жылдар аралығында 714395
адам қоныстандырылған болатын [5].
Маңғыстау
жері
табиғи-географиялық
ерекшелігіне
байланысты
шаруаларды
қоныстандыруға лайықты аудан есебінде қарастырылмады. Тіпті, мұнда 1910 жылға дейін
қоныстандырушыларға арналған қор ұйымдастырылған жоқ. 1910 жылдан бастап сенатор
К.К.Полен бұл өңірге шаруа-мұжықтарды қоныстандыру мүмкіндігін анықтау мақсатында алдын-
ала тексеру жүргізді. Маңғыстау өлкесіндегі түтін басылық есептің болмағандығына қарамастан,
көшпелі мал шаруашылығымен айналысушы жергілікті халықтың мал басының санын, күн көріс
мөлшерін анықтау кезінде адамдар санын да қарастырып кетті. Қоныс аударушы шаруалар,
казактар Маңғыстау жеріне арнайы бөлінбегенімен біртіндеп көшіп келіп, тұрақтана бастады. 1897
жылғы санақта да, одан кейінгі жүргізілген санақтарданда Маңғыстау жерінде орыс, украин,
белорус т.б. ұлттың енгендігін, саны мен үлесінің өсе бастағандығын, әлеуметтік топтар ретінде
шаруалар, сондай-ақ казактар, мещандар т.б. сословиелік топтардың саны өсе бастағанын көреміз.
Қоныстандыру әлсіз жүрген аймақтарға басқа облыстардан жерінен қуылған қазақтардың
келуі Гурьев (177%), Маңғышлақ (113%), Темір (155%) уездеріндегі қазақтардың саны да үлесі де
өскен. Қоныстандыру басқармасы қазақтардың «артық» жерлерін тартып алып, өздерін қуып
жіберу арқылы қазақтарды мәжбүрлі түрде орын ауыстыруға әкелді. Бұл кезеңдерде ішкі-сыртқы
көші-қон ерекше белсенді түрде жүрді. Көші-қон айырымы оң сипатта болды. Республикадан тыс
жерлерге кетушілерден, республикаға сырттан келушілер саны 63898 мың адамға артық еді.
Республикаға келуші көші-қоншылар Украина, Волга бойынан, РКФСР-дың орталық
аудандарынан, Сібірден, Қиыр Шығыстан, Белоруссия мен Орта Азиядан келген [6].
ХХ ғасыр басындағы саяси оқиғалар Қазан төңкерісінің жеңісі, оның алғашқы декреттері
мен социалистік қайта құрулар халықтың орналасу географиясындағы өзгерістерге әкеп
соқтырды. Патша үкіметі кезіндегі отарлық саясат тұрғылықты халықты мекендеген жерлеріндегі
құнарлы бөліктерінен айырып, тықсырғаны белгілі. Төңкерістен кейін жергілікті халықты қоныс
аударушылармен бірдей құқықтарын теңестіру шаралары жүргізілді. 1920 жылдары қазақтардың
суармалы және жауынды жер шаруашылығымен айналысатын аудандарға экстенсивті мал
шаруашылығымен айналысатын аудандардан көшіп, орын ауыстырғандығы туралы мәліметтер
бар. Әсіресе, олардың Орал, Сібір, Жетісу және Орынбор казак әскерлері мен отаршыл-
кулактардың жерлеріне қоныс аударғаны байқалды.
Көші-қон халықтың кеңістіктегі қозғалыстарға икемділігін көрсетеді. Көші-қонға саяси,
табиғи-климаттық, экологиялық, этнографиялық, тарихи және т.б. факторлар жиынтықта және
әртүрлі қосынды құбылыста әсер етеді. Көші-қон өткен мен қазіргі кезеңдегі және болашақтағы
тарихта маңызды рөл атқарады.
1914-1917 жылдар аралығында Маңғышлақ уезінің халқы 72,4 мыңнан 73,1 мыңға (0,7 мың
адамға) өскен. Қазақстан бойынша осы жылдары қазақтар саны 349 мың адамға, Батыс Қазақстан
аймағы бойынша халық саны 144,6 мыңға кеміген. Бұдан көретініміз, Қазақстан бойынша да,
Батыс Қазақстан аймағы бойынша да алғанда халқы өскен Маңғышлақ уезі екен.
Халықтың, соның ішінде қазақтар санының күрт кемуіне 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс
кезіндегі өлім-жітіммен бірге жазалаудан қашқандардың көші-қоны, соғысқа мобилизация-
ланғандар мен олардың кері қайту-қайтпауы да әсер етті. Маңғыстауда 1916 жылы көтеріліс
толқыны болды, алайда, ерекше тегеурінді жүрмеді. Жаппай қырғынға ұласқан жоқ. Сол себепті,
керісінше, осы жылдары Маңғыстауға жазалаудан қашып келгендер де болды деуге болады. Мұны
1914-1917 жылдар аралығындағы өңір халқының 0,7 мыңға өскенінен байқаймыз. Маңғышлақ
уезінен 1916 жылы күзі мен қысында 3 мың адам реквизицияланғанын есепке алсақ, 1917 жылы
191
өңір халқының өсімі тек табиғи өсім арқылы емес, басқа өңірлерден келушілердің механикалық
қозғалысы арқасында деген ұғым шындыққа сәйкес келеді.
Қазақ АКСР-іне 1920 жылы енгеннен кейін Маңғыстау халқының экстенсивті көшпелі мал
шаруашылығымен айналысу ерекшелігі бір орыннан екінші орынға, үш республиканың – Қазақ
АКСР-і, Хорезм республикасы және Түркістан республикасы жерлерінде малға жайылымдық жер
іздеп көшіп-қонып жүруіне әкелді. 1916 жылғы қозғалыс, азамат соғысы, 1921-22 жылдардағы
ашаршылық кезіндегі өздерінің тарихи отанына кері қайтуы негізінде Маңғыстау өңіріндегі
түрікмендер саны 178 адамға (0,1%-ға) кеміді. Сондай-ақ, 1920-1923 жылдар аралығында уездегі
қазақтар саны 220 адамға төмендеді.
1926 жылы республикада да, Маңғыстауда да қазақ емес ұлттардың көші-қоны арқасында
өзгеше этнодемографиялық жағдай қалыптасты. Орыс, украин ұлты өкілдерінің саны мен үлесі
өсті. Маңғыстаудағы ерекшелік – қазақтар абсолюттік көпшілік статусын сақтап қалды. 1926-1939
жылдар аралығында Маңғыстау өңіріндегі халықтардың саны ғана өзгеріске ұшырап қойған жоқ
оның әлеуметтік, ұлттық құрамында да ірі өзгерістер болды. Ол өзгерістердің негізгі себебі –
көші-қон процестеріне тікелей қатысты. 1928 жылы басталған байларды тәркілеу де жер
аударулармен байланысты көші-қонды туғызды.
1927-28 жылдардағы Маңғыстаудағы жұт зардабын апат деп атаймыз. Ашаршылыққа
ұшырап күйзелген Маңғыстау халқы Түрікменстан жеріне дендеп кіріп, одан ары Иранға жұмыс
іздеп, тамақ табудың амалын қарастыруға кірісті. 1928 жылы жұтта біршама отбасылардың
Түрікменстан мен Тәжікстанға барып паналағаны жөнінде мәліметтер бар. Қазақтардың шет
жерлерге ауа көшуі 1927 жылдан кейін көпшілік сипат алды. Біраз қазақтар Красноводск, Жебелі,
Байрамәлі, Тедженде, Чарджоу округы мен Өзбекстанға барып орнықты. Мұрағат құжаттарында
Красноводскіге – 1000, Байрамәліге – 500, Тедженге – 100 шаруашылық кеткендігі айтылды [7].
Форт-Александровск қаласы тұрғындарының саны 1927-1931 жылдары аралығында 2,1
мың адам деп есептелінсе, 1932 жылы 3,1 мың, 1933 жылы – 5,7 мың 1934 жылы – 4,9 мың, 1935
жылы – 4,9 мың, 1936 жылы – 4,9 мың, ал 1937 жылы – 3,0 мың болып өзгергенін, кемігенін
көреміз. Сандық динамикасына келсек, 1927-1933 жылдар аралығындағы күрт өсуін табиғи
өсіммен бірге механикалық өсімнің жоғары болғандығынан деп түсіну керек. Осы облысқа көшіп
келушілердің негізгі бөлігі Қазақстан халық шаруашылығын социалистік жолмен қайта құрудың
алғашқы жылдарында «интернационалдық» көмек көрсетуге келгендер еді. Көмектерін бағалай
отырып, олардың барлығын өз істерінің мамандары деп айту қиын. Мысалы, Қазақ АКСР-інің
Бүкілодақтық Атқару Комитетіндегі өкілі 1927 жылы 11 мамырында Ресей Федерациясы халық
комиссарлар Кеңесіне Қазақстанға мамандарды жібергенде берілетін жеңілдіктерді өзгерту туралы
жіберілген ұсынысында былай деп мәлімдеген: «...Қазақстанға қызметке келетін мамандардың
көпшілігінің не біліктілігі нашар, не олар Қазақстанға өз еріктерімен келмейді немесе жалған
мамандар болып табылады» [8].
Халық санының бірде кеміп, бірде өсуі көшпелі халықтың нақты тұрақтауы мен адамдарды
шаруашылық белгісіне байланысты орналасуы мен территориялық өзгерістерге, сондай-ақ, 1937
жылғы санақты өткізу кезіндегі адам санын тіркеу кезіндегі тиянақтылыққа байланысты деп
ойлаймын. Сонымен, 1926-1939 жылдар санақтары арасындағы кезең халық қозғалысының
белсенділігімен ерекшеленеді. Бұл кезеңде Қазақстанға өзге республикалардан келгендер туралы
ғана мағлұматтарды көруге болады (кулактық жер аудару, ұйымдастырылған және стихиялы түрде
жүргізілген аграрлық қоныс аудару, депортацияның алғашқы кезеңі). Жаңашаландыру
(модернизация) дәуіріндегі шаруаларды күштеп ұжымдастыру науқаны, көшпелі және жартылай
көшпелі аудандардағы шаруаларды отырықшылыққа мәжбүрлі көшіру шаралары дәстүрлі
шаруашылық түрін өзгертумен байланысты болғаны белгілі. Демографиялық апатқа ұшыратқан
ашаршылық Маңғыстау жерінде Қазақстанның өзге өңірлеріне қарағанда ерте басталды. 1927-
1928 жылдардағы «Аққоян» жұты Маңғыстау халқын жан-жаққа босытты, мал қырылып,
адамдардың жаппай өлуі белең алды. Қай санақ материалдарын қарамасақ та, Қазақстан бойынша
халық санының төменгі өсімін Маңғыстау өңірі бергенін байқаймыз. 1897 ж., 1920 ж., 1926 ж.,
1939 ж. және 1959 ж. санақтар бойынша Маңғыстау өлкесінің халық өсімінің Қазақстанның өзге
аймақтарына қарағанда төмен болуының себептерінің бірі-сыртқы көші-қон процестерінің бұл
192
аймақты терең қамтымағандығы мен табиғи өсім есебінен халық өсімінің баяу қарқында дамуы
болды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030: Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі
мен әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - Алматы: Білім, 1998. -
96 б.
2. Первая Всеобщая перепись населения Российской империи. 1897 г. т.LХХХІІ.
Закаспийская область. -С.2-3.
3. ҚРОМА. 40-қ., 14-тізбе, 824-іс,4-п.
4. Қойгелдиев М.Қ. Алаш қозғалысы. - Алматы: Санат, 1995. 35-б.
5. Алексеенко Н.В. Население дореволюционного Казахстана; (Численность, размещение,
состав 1870-1914 гг.) Алма-Ата: 1981. -С.69.
6. Асылбеков М.Х., Галиев А.Б. Социально-демографические процессы в Казахстане (1917-
1980). Алма-Ата: Ғылым, 1991. -С.50.
7. К.Жаулин. «Аққоян жұты» // Отан тарихы. 1999, №2. 43 б.
8. ҚРОМА., 196-қор, 1-тізбе, 663-іс, 52-п.
Достарыңызбен бөлісу: |