Түркі халықтарының рухани қҰндылықтары және маңҒыстау жыраулық ДӘСТҮРІ



Pdf көрінісі
бет99/218
Дата06.01.2022
өлшемі3,59 Mb.
#14043
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   218
Байланысты:
Жыраулар туралы ғылыми жинақ

Түйінді сөздер: рухани байлық, руханилық, жеке тұлға, ұлттық тәрбие 

 

Болашақта ұлан байтақ жері мен тілін, ұлттық болмыстын сақтап қалу үшін ұрпақты рухани 



байлық көздерін іздеуге бағыт бағдар беру маңызды. 

Келесі  белестен  өтуде  тарихтың    көші  алға  қарай  жылжыған  сайын  әлем  өзгеріп,  жаңа 

ұрпақ келіп,  қоғамның жаңаша сұранысы туындайды.  Осыдан ширек ғасыр бұрынғы жастар мен 

қазіргі заман жастарының сұранысы мен талабы арасында  жер мен  көктей  айырмашылық бар.  

Өйткені  айнала  қоршаған  ортаның,  болашақты  тәрбиелейтін  қоғам  мен  заманның  күнбе-күнгі 

өзгерісінде соншалықты шапшаңдық бар. Заман мен қоғам тудырып жатқан өзгерістер құбылмалы 

да  қарқынды  болғандықтан  ұрпақ  тәрбиелеу  ісі    туралы  ел  Президентiнiң    сөйлеген  сөзінде: 

«Ұрпағымыз  -  жауапты  да  жiгерлi,  бiлiм  деңгейі  жоғары  денсаулығы  мықты  болашақ  өкiлдерi. 

Олар  бабаларының  игi  дәстүрлерiн  сақтай  отырып,  қазiргi  заманғы  нарықтық  экономика 

жағдайында  жұмыс  iстеуге  даяр  болады...»,  баяндалған  аманатында  ұлт  болашағы  мен  ұрпақ 

тағдырына деген зор жауапкершiлiктің биігін көреміз. 

Сол өмір  ағымы мен ақпараттар тасқынында еркін жүзе алатын жан-жақты қабілетті ұрпақ 

дайындауда руханилықты басты шамшырақ қылып ұстау маңызды. Ұлттық тәрбиенің қайнар көзі 

қазақ халық педагогикасы мен дәстүрлеріне қайта оралу  ғана емес, ол – қоғамдық өмір талабынан 

туындаған  қажеттілік,    мәдениеттің  әлеуметтік-тұрмыстық  дәстүрлі  түрлерін  танып-білу,    оның 

рухани бастауына терең бойлау, туған елінің, ұлтының өзіндік ерекшелігін аялап, сақтауға үйрету.  

Рухани байлықтың көзі ол - ұлттық құндылықтар мен даналыққа негізделген, халқымыздың 

ғасырдан  ғасырға  екшеп  жеткізген  асыл  мұрасы  арқылы  ұрпақ  тәрбиелеуге  бағытталған 

тағылымды 

өнегесі. 

Рухани 

байлық 


тұлғаның 

болмысын 

ішкі 

қажеттіліктерін 



қанағаттандыратындықтан ол үнемі игілікке бағытталады.

 Рухани байлықтың бірінші қайнар көзі 

– оқулықтар мен әдебиеттер. Сол кітаптар мен әдебиеттерді талдау барысында рухани байлықтың 

мәнін  түсіндірген,  бақытқа  жету  жолдары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  маңызына  тоқталған 

ғаламдар мен ойшылардың еңбектерін жастарға бағыт бағдар ретінде ұсынуымыздың қажеттілігі 

айқындалды. 

Рухани  байлықты  асыл  арна  деп  қарастыру  оның  адам  өміріндегі  маңызына  ежелгі  грек 

философарының  еңбектерінен  көреміз.  «Дүниенің  көзі,  тұтқасы,  түп  негізі  -  заттық  нәрсе  емес, 

рухани  дүние»-деп,    философ  Платон  атап  көрсеткендей,  руханилыққа  ұмтылу  түпкі  талап 

екендігін,  Абай  еңбектері  жалғастырады.  Оның  қара  сөздері  мен  шығармалары,  өлең  жолдары 

соның дәлелі. «Жүрекке қайрат болмаса» (1998ж.) өлеңінде:  Мал да бар жан мен тән, Ақыл, сезім 

болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса? – деп, жан мен тән құмарлығы рухани байлық 

көздеріне ұмтылу екендігін меңзейді. Тән мен жан құмарлығының ара жігін ажыратуда хакім Абай 

жетінші  қара  сөзінде:  «Жас  бала  анадан  туғанда  екі  түрлі  мінезбен  туады;  біреуі,  ішсем,  жесем, 

ұйықтасам деп, бұлар  тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі 

өспейді,  қуат  таппайды.  Ал  біреуі;  білсем,  көрсем,  танысам  екен  деп,  ......  көзі  көрген,  құлағы 




214 

 

естігеннің  бәрін  сұрап,  тыныштық  көрмейді.  Мұны  бәрі  жанның  құмары  дейді.  Білсем  екен, 



көрсем екен, үйренсем екен деген. Қуат жетпеген, ми толмаған ессіз бала күндегі «бұл немене, ол 

не?»  деп,  бір  нәрсені  сұрап  білсем  екен  дегенде,  ұйқы,  тамақ,  есімізден  шығып  кететұғын 

құмарымызды,  ержеткен  соң,  ақыл  кіргенде,  кісісін  тауып,  ғалым  тапқандардың  жолына  неге 

салмайды екенбіз? Сол өрістетіп, өрісімізді ұзартып, құмарланып жиған қазынамызды  көбейтсек 

керек, бұл жанның тамағы еді. Тәннен жан артық еді, тәнді жанға бас ұрғызса керек еді.» [1] деп 

білімге, ғылымға, ізгілікке ұмтылып, тән құмарын жан құмары басқарғанда адамның көкірек көзі 

ашылып, руханилықтың жолына түсетінін баяндаған.  

Жан  –  ләззатқа  толы.  Сондықтан  барлық  жан  иелері  бұл  дуниеде  ләззат  іздейді.  Олар 

барлық  өмірін  рахатқа,  ләззатқа,  бақытқа  ұмтылумен  өткізеді.  Бұл  әлемде  көпшiлiк  адамдар 

өздерінің  тән  құмары  арқылы  ләззат  алғылары  қеледi.  Бұл  барлық  жан  иелеріне  ортақ  болып 

табылатын өмірдін төрт құбылысы. Олар: тамақ ішу, ұйқы, ұрпақ қалдыру жане қорғаныс. Өмірдің 

осы  төрт  көрінісінен  ләззат  алу  үшін  жан  иелері  оларды  жетілдіріп,  өздерiне  түрлi  материалдық 

жағдайлар  жасайды.  Мұны  материалдық  өрқениет  деймiз.  Бірақ  жоғары  жетілген  адамдар 

бұлармен ғана шектелмей, одан да жоғары мақсат қояды. Әр кім бақытты өмір сүргісі келеді. Абай 

ілімінен  шыгатын  бақытты  өмір  кепілі  –  дененің,  жанның  және  жүректегі    жанның 

құмарын   сәйкестікте  ұстау.  Бұл  сәйкестік  адамның  санасына  байланысты  құбылып,  өзгеріп 

отырады [2]. 

Дәстүрлі қазақ қоғамында материалдық байлықтан рухани игілікті жоғары қоятын “Малым 

- жанымның садағасы,  жаным  -  арымның садағасы”  деген  моральдық  ұстаным  қалыптасқан.  Осы 

рухани 


принцип 

қазақ 


қоғамындағы 

әлеуметтік 

құндылықтар 

мен 


құқықтық 

нормалардың имандылыққа, әділеттілікке негізделуіне  себепші  болды.  Соған  қарамастан  қазақ 

халқы  байлықты  адам мұратының,  әлеуметтік  құндылықтардың  бірі  ретінде  бағалаған.  “Түстік 

өмірің  болса,  күндік  мал  жи”  деген нақыл соның  айғағы.  Мал-дала  өркениетіндегі  байлықтың 

басты өлшемі болды. Мыңғырған мал өсірген байлар дәстүрлі қазақ қоғамындағы экономика және 

әлеуметтік  жүйенің  негізін  құрады.  Олар  ауылдастарына,  руластарына  көмектесіп,  мешіт-

медреселер ұстап, алғашқы газет-журналдарға демеушілік жасап, талантты жастарды шет елдерде 

оқытып,  қоғамдағы  рухани  байлықтың  сарқылмауына,  өсіп-өркендеуіне  ықпал  етті  [3].  Еңбек 

етсең ғана мұратыңа жетерсің деп, ары мен намысын жерге тастамаған.  

Материалдық  дүние  өткінші,  ал  руханилық  –  мәңгі.  Руханилық  адам  бойындағы 

адамилыққа байланысты болса, материалдық дүние пендешілікке тән. Сондықтан Абай: «менікі» 

өлсе  өлсін,  оған  қайғырма,  өзіңнің  өзіңнен  кейінгі  ұрпаққа  қандай  рухани  мұра  қалдыра 

алатындығыңды ойлан, бір сөзбен айтқанда пенде емес, азамат, адам бол деп үйретеді [1]. 

Келешек  ұрпақты  тәрбиелеу  мәселесі  қашанда  ұстаздар  мен  ғалым-ағартушыларды 

толғандырған.  Ж.Аймауытовтың  «Тәрбиеге  жетекші»,  «Психология»  т.б.  еңбектері  маңызды 

болып  табылады.  Ол  жас  ұрпаққа  жан  дүниесін  байытатын  эстетикалық  тәрбие  бере  отырып, 

дүниетанымын, мәдениетін қалыптастыруды негізгі мақсат етіп қояды. Адам жанының нәзіктігін 

айта  отырып,  оның  дамуына,  жеке  тұлғасының  қалыптасуында  үлкендердің  психологиялық, 

рухани  тірек  болуын  көздейді.  «Тәрбие»  атты  мақаласында:  «Адам  табиғаттың  емес,  тәрбиенің 

құлы  болуы  керек.  Қиянат,  зорлық,  бірін-бірі  өлтіру  тәрбие  болмағандықтан,  адамның  тек 

табиғаттың құлы болып өмір сүргендігінен», - дей отырып, ол тәрбие мәселесіндегі адамгершілік 

қасиет пен ізгілікті әрекет етуге даярлық пен мінез-құлық мәдениетіне тоқталып өтеді [4]. 

Осындай  ұлттық  тәрбие  құралының  маңыздылығы  жөнiнде  ғұлама  ойшылдарының, 

ағартушылардың құнды пiкiрлерi, осы мәселе төңiрегiнде ой түйiндеуге негiз болды.  

М.Жұмабаев өзінің «Педагогика» еңбегінде ұлттық тәрбиенің түп-тамырын сақтау арқылы 

ұрпақтың  жан-жақты  тәрбиелі,  дүниетанымы  мен  мәдениетінің  жетік  болуын,  терең  білімді, 

қабілеттерінің  шыңдалуына,  психологиялық  жай-күйінің  дұрыс  қалыптасуына  мүмкіндік 

туғызады  деген  пікірін  маңыздылығы  жоғары.  Баланың  ішкі  жан  дүниесіндегі  құндылықтарды, 

ақыл-ойын, сезімін, еркін жетілдіру барысы ұстаздың жүргізетін тәрбиесінің тұлғаға бағытталуын 

ұсынады.  

Осы  деген  еңбектегі  бөлімдердегі  мынадай  тақырыптарда:  «Ішкі  сезімдер»,  «Сұлулық 

эстетика  сезімдері»,  «Құлық  сезімдер,  оларды  өркендету  жолдары»,  «Мінез»,  «Баланың  жалпы 

жаратылысы»  дүниетамынын  кеңейту,  сапалық  қасиеттерін  қалыптастыруда  жағымды  мінез-



215 

 

құлық  маңызына  ерекше  тоқталып  өтеді:  «Бала  шақта  алынған  әсер  ержеткенде  адамның 



ақылының, ой-пікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде һәм түрде болуына негіз салады. Балалықта 

ылғи  жағымды  әсер  алынса,  адам  өмір  бойы  шат  көңілді  болмақ.  Балалықта  жағымсыз  әсер 

алынса, адам өмір бойы қасіретке бейім болмақ», - дейді. 

М.Жұмабаев: «Баланы тәрбие қылу – тұрмыс майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін 

адам  шығару  деген  сөз.  Қалса,  өзін  аса  барлық  адам  баласын  әділ  жолмен  өрге  сүйрейтін  ер 

шығару  деген  сөз.  Тұрмыста  түйінді  мәселелерді  тез  шеше  білетін,  тұрмыстың  тұңғиық  теңізін 

қалың қайратпен кеше білетін, адалдық жолда құрбан бола білетін, қысқасы,  адамзат  дүниесінің 

керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі болып шығару. Баланы мұндай адам қыла алу 

үшін  тәрбиеші  бар  күшін,  бар  білімін  жұмсап,  жалықпай,  шаршамай  үйрете  білу  керек»  -  деп 

айтылған ойды тарқата түседі [5]. 

Рухани  байлықтың  негізгі  іргетасы  –  жақсы  ойлар.  Ойының  дұрыс  бағытта  екендігі 

адамның сөзінен және ісінен, ниетінен көрініп тұрады. Мұндай адамдар жағымды сөздер айтуға, 

ықылас  білдіруге,  сөз  көмегін  немесе  іс  көмегін  беруге  дайын  тұрады,  басқа  адамға  ізетті,  қате 

жіберсе  кешірім  жасауға  және  кешірім  сұрауға  да  қиналмайды  [6].  Ал  жаман  ойды 

қалыптастырған  адам  үнемі  адам  үнемі  басқаның  мінін  іздейді.  Әл-Фараби  «сезімдік  қабілеті 

бұзылған адам» деп атаған. 

Мағжан Жұмабаев «Адамға қалай да болса, қашан да болса пайда келтіретіндей ой, ләм іс 

ізгілік»  -  деп  жақсы  ой  мен  игі  іспен  айналысудың  адам  тұлғасының  дамуына  әсерін  баяндаған. 

«Жақсылық  та,  жамандық  та  біртіндеп,  мысқалдап  сіңеді  бойға.  Сөйте-сөйте  бүкіл  ойыңды, 

бойыңды билейді» деген Ғ.Мұстафин жамандықтан қашық болу үшін жаман ойдан, теріс пейілден 

арылып,  ниетін  түзуге  бағыттаған.  Ниеттің  тазалығын  ізгіліктің  бастауы  ретінде  қарастырған. 

Адамның  таза  кіршіксіз  ойлары  жоғары  адамгершілігі,  мәдениеті,  игі  істері  мен  жақсылықтары 

оның рухын көтеруге игі әсерін тигізеді.  

Рухани  құндылықтар  көрінісі  адамның  ішкі  жан-дүниесінің  жайдарлығын  мен  іс-

әрекетіндегі  игі  бастамалары,  жақсылықтары,  адамның  сапалық  қасиеттерінің  сипаттамасы  мен 

көңіл-күйі,  сезімінің  көтеріңкі  болуы,  оның  тұрақтылығы  мен  жетілу  деңгейін,  әлеуметтену 

дәржесін,  қоғамдық  мәнін  айқындайтын  жеке  тұлғаның  ішкі  ең  мәнді  құрылымдық  элемент. 

Өйткені,  рухани  құндылықтар  адам  санасында  орын  алып,  сана  арқылы  игеріліп,  зерделену 

нәтижесінде ой қорытындысы жасалынады. 

Ұлттық  саналы  жеке  тұлға  тәрбиелеуде  жалпыадамзаттық  және  ұлттық  құндылықтарды 

бағалайтын,  оларды  терең  танып,  құрметтеу  мақсатын  ұстанады.  Қазіргі  жағдайда,  бір  жағынан, 

қазақ  қоғамын  демократияландыру  процесі,  жас  ұрпақты  тәрбиелеудің  ұлттық  негіздерін  қайта 

жаңғырту  бағыттарын  қарастырылса,  бірақ  екінші  жағынан  өскелең  ұрпаққа  сырттан  жат 

бұқаралық  мәдениеттің  белсенді  әсері  күшею  себебінен  тәрбиенің  халықтық  идеясын  қайта 

жаңғырту,  өзектендіру  маңызды  болып  табылады.  Сол  тағылымнан  нәр  алған,  халқының 

дәстүріндегі  және  діліндегі  ерекшеліктерді  ұғынған  тұлға  өзіндік  көзқарасы  арқылы  түрлі 

ағымдардың жетегінде кетпейді. 

Әр  халықтың  өзіндік  ерекше  тәрбие  жүйесі  бар,  сондықтан  бір  халықтың  тәрбие  жүйесін 

басқа  бір  ұлтқа  енгізу  мүмкін  емес.  Тәрбие  ісінде  басқа  халықтардың  тәжірибесі  барлығы  үшін 

құнды  мұра  болып  табылады,  бірақ  дүниежүзілік  тарихтан  белгілі  озық  тәжірибелер  барлық 

халықтарға ортақ болғандықтан негізгісін бөліп қарастыру керек. Әрбір халықтың адамгершілік-

рухани  құндылықтарының  берік  іргетасы  бар,  оның  өзегі  халық  педагогикасының  өзіндік 

генетикалық жады болуы тиіс. 

Болашақ ұрпақты адамгершілік, салауаттылық, имандық қасиеттер арқылы ғасырлар бойын 

жетіліп, қалыптасып отырған  өзіндік тарихы бар құндылық негізде тәрбиелеу ісін мазмұны бай, 

тағлымы  терең  атадан  балаға  ұласып  келе  жатқан  халық  педагогикасы  тәжірибесін  пайдалану 

көзделінуде.  Ұлттық  және  жалпы  ұндылықтар  арқылы  тәрбие  ісін  жалғастыру  –  рухани 

дағдарыстан шығудың ең басты жолы.  

Білім беру мекемелерінде қолданылатын  ұлттық  тәрбиенiң алғашында қоршаған ортадағы 

құбылыстарды тану мен бейiмделу және өмiр сүру заңдылығына назар аудару ғылымда негiзделсе, 

уақыт өте келе ол дүниені қоршаған ортаны тану үшiн жай бақылау мен ұғыну ғана емес, сонымен 

бiрге  ол  күрделi  құбылыстардың  себеп-салдарын  анықтау  үшiн,  ең  қажетті  –  рухани  байлық 




216 

 

көздерін іздестіруде бiлiм тәжiрибелерiн жинақтауға деген қажеттілік арта түстi. Заманның өзгеруi 



–  соңғы  ірі  бетбұрыстар  нәтижесінде  қоғамға    тиiмдi  тәжiрибелердiң  негiздерiн  қалыптастыру 

керектiгi саналы түрде қабылданып отыр.      

Халық даналығын  адамзаттың рухани байлығы ретінде қарастыру үрдіске айналған. Білім 

беру мекемелерінде осы тақырыпта біраз іс-шаралар атқарылып жатыр. Сабақ барысында рухани 

байлық көздерін ұғындыру; рухани байлықты бағалай білуге үйрету; рухани байлыққа тәрбиелеу; 

жақсы ой, ізгі ниеттің адамға тигізетін әсерін ұғындыру; жақсы ойлауға, ізгі ниетті болуға үйрету; 

айнала қоршаған ортаға ізгі ниет тілей білу - рухани байлық екенін үйрету міндеттерін қойып осы 

тұрғыда әр түрлі тақырыптар талданады. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



 

1. Абай. Шығармаларының екi томдық толық жинағы. – Алматы: Жазушы, 2002.  

2. Абайдың рухани мұрасы  https://www.proza.ru/ 

3.https://kk.wikipedia.org/wiki/ 

4. Аймауытов Ж. Шығармалары. 6 т. шығармалар жинағы. Т.4. Псиқология, жан жүйесі мен 

өнер  таңдау  /  Жүсіпбек  Аймауытов;  ҚР  Мәдениет  және  ақпарат  министрлігі,  М.О.  Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер ин-ты.- Алматы: Ел-шежіре, 2013.- 382 

5.Жұмабаев М. Педагогика (баланы тәрбие қылу жолдары). -Алматы: Рауан, 1992.- 112б. 

6.  Омарова  Р.С.  Адамның  психикалық  энергиясының  құпия  мүмкіндіктері.  –  Астана, 

«Prosper Print» ЖШС, 2016.-104б. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет