С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет9/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162
1. История стран Азии и Африки в средние века. Т. 1.— М.: МГУ, 
1987.— 12—38; 173—187 бб.
2. История Востока. Т. 2. Восток в средние века.— М: «Восточная 
литература» РАН, 1995.— 67—83, 157—173 бб.
3. История Китая с древнейших времен до наших дней.— М.: 
Наука, 1974.


22
23
§ 2. III—IX ғасырлардағы Жапония
1. III—VI ғасырлардағы Жапонияның əлеуметтік құрылымы.
2. Ерте феодалдық жапон мемлекетінің құрылуы. 
    Сога əулетінің билігі.
3. Жапонияға будда дінінің тарауы.
4. «Тайк төңкерісі» жəне үлестік жүйенің қалыптасуы.
5. Мемлекеттік құрылыс.
6. Мəдениет.
Жапон аралдарының ең ежелгі тұрғындары — қазіргі айнулар-
дың арғы атасы — эбисулер болып есептеледі. Біздің заманымызға 
дейінгі кезде жапон аралдарына Азия материгінен маньчжур-тунгус 
тайпалары бірнеше рет қоныс аударған. Олар Корея арқылы Кюсю 
аралына жетті, онан əрі Хонсю аралының оңтүстігі мен орталығына 
тарап, эбисулерді солтүстікке ығыстырды.
Жапон халқының қалыптасуында қазіргі Индонезия мен Үнді-
Қытай жарты аралын мекендеген малаялықтар мен т.б. тайпалар 
маңызды рөл атқарды. Жапон аралдарына жан-жақтан қоныс ауда-
рушылар арасында күрес болып тұрды, тіпті бара-бара бір-бірімен 
араласып та кетті. III ғасырдың аяғы мен VI ғасырдың ортасында 
барлық тайпалардың ішіндегі ең күштісі ямато болды. Ол Хонсю 
аралының орталығына орналасты. Алғаш Жапония осы тайпаның 
атымен Ямато деп аталған. Қазіргі «Жапония» деген аты VІ—VII 
ғасырларда қалыптасқан. “Нихон” немесе “Ниппон” деген сөз “Күн 
шығатын ел” дегенді білдіреді. Ағылшын-неміс-француздар “Япан” 
деп атап кетті.
Жапонияда егіншілік ерте дамыды. Аңыздар мен дəстүрлер, 
ғұрыптар бойынша өңделген егістікке зиян келтіру өте ауыр қылмыс 
деп есептелді. Қазіргі жапондықтардың ертедегі ата-бабалары егін 
егуге қолайлы жерлерге ғана орналасатын.
Сонау III—VI ғасырларда-ақ басты ауыл шаруашылық дақылы 
күріш болды. Ол суғарылатын жерлерге ғана емес, қуаң далаға да 
егілетін. Тарихи деректер егістік алқаптарды суаратын каналдар 
мен байламалар тұрғызылғандығын хабарлайды.
Археологиялық қазба материалдары бұл кезде Жапонияда 
қолөнерінің өмірге келгендігін байқатады. Тарихи деректер 
тоқымашылар, ұсталар, зергерлер туралы баяндайды. III—VI ға-
сырлардағы ауыл шарушылығының, əсіресе, қолөнерінің дамуына 
Қытай мен Кореядан қоныс аударғандар зор ықпал етті.
Жапониядағы ерте феодалдық мемлекеттің қалыптаса бастауы     
VI ғасырдың екінші жартысына жатады. Ол тайпалар одағының 
басшысы — Ямато патшалары мен жергілікті көсемдердің 
арақатынасынан өз көрінісін тапты: соңғылары орталық өкіметтің 
өкілдері ретінде қарастырылды. Көсемдер мен қауым мүшелерінің 
арақатынастары да өзгерді: бұрынғы құрбандықтың (ауланған аңнан 
беретін үлес, үйде жасалған бұйымдарды сыйлау) орнын астық 
салығы — «татикара» басты. Сондай-ақ, қолөнер салығы да болды. 
Ол «мицуги» деп аталды. Құрылыс жұмыстарындағы міндеткерлік 
енгізілді. Ол «этати» деп аталды.
Феодалдық өндірістік қатынастардың қалыптасуы қауымдық 
жерден «ата» деп аталған ақсүйек жерінің бөлініп шығуынан да 
көрінеді. Бұл бөлініп шыққан жердің иесі феодалға айналды. Ол өз 
жеріндегі жұмысқа «табэ» деп аталған кедейленген қауым мүшелерін 
жалдады. «Бэ» деген сөз «құл» деген мағынаны білдіреді. Бұрынғы 
үй шаруашылығында пайдаланатын «яцуке» деп аталатын құлдан 
«табэнің» айырмашылығы — оның өз мүлкі болды, оны қожасы 
өлтіре алмады, сата да алмады. Сондықтан да оларды көптеген та-
рихшылар жартылай ерікті егіншілер дейді.
Бұл жартылай еріктілер Жапон мемлекетінің құрылуында үлкен 
рөл атқарды. Себебі, олардың еңбегі өндіргіш күштерін дамытты. 
Мұндай жартылай еріктілер қатарын қоныс аударған немесе күштеп 
əкелінген қытайлықтар мен кəрістер толықтырып отырды.
Бұл Корея мен Қытайдан келгендер мəдениеті, əсіресе жер 
өңдеу, егіншілік техникасы жағынан əлдеқайда жоғарылар еді. 
Қытай  мен  Кореядан  келгендердің  едəуір  бөлігі  қолөнершілер  — 
тігінші, тоқымашы, зергер, ұсталар болатын. Үстінен қарап, билік 
жүргізетін жергілікті тайпа көсемдері келімсектерге өз мүлкін, 
құрал-сайманын иемденуге рұқсат беретін, бірақ олардың азық-
түлігін сыпырып алып, өздерін топ-топ болып, белгілі бір жерде 
ғана тұруға міндеттейтін. Сөйтіп, өздерінің жағдайы жағынан бұл 
келімсектер құлдарға жақын тұратын. Бұл жартылай еріктілерді жа-
пон деректері «томобэ», «какибэ» деп те атайды. Сөйтіп, феодалдық 
қатынастардың қалыптасуымен қатар Жапонияда құл иеленушілік 
қатынастар да орын алды.
Бірақ, құл иеленушілік қатынастардың онан əрі дамып жетілуіне 
бірнеше факторлар кедергі болды. Шаруашылықтың басты саласы 
— егіншілік негізінен қауым мүшелерінің қолында болды.
Жапония сияқты таулы елде құлдар еңбегін пайдалануға 
тиімді мүмкіндік туғызатын ірі латифундияларға орын болмады. 


24
25
Оның  үстіне  жұмысшы  күшін  толықтыру  көзі  де  шектеулі  бол-
ды. Құлдарды негізінен Кореяға шабуыл кезінде қолға түсіретін. 
VI ғасырда Корея жарты аралында жеке корей патшалықтарын 
біріктірген күшті Силла мемлекеті құрылды. Ол тек жапон шабуы-
лына тойтарыс беріп қойған жоқ, сонымен қатар 562 жылы жапон-
дарды Миманыдан да ығыстырды. Сондықтан VI ғасырда дамудың 
құл иеленушілік жолы жойылды, Жапония құл иеленуші мемлекет 
болмай, феодализм жолымен дамуға көшті.
Жапониядағы феодалдық қатынастар үстемдігі VII ғасырдың 
ортасында орнай бастады. Бұл орнығу үстем таптың жеке топтары 
арасындағы билік үшін күреспен қатар жүрді. Сонау VII ғасырдың 
басында-ақ Ямато патшалары өз биліктерін басқа ру-тайпалар 
көсемдерінің биліктерінен ерекше екендігін дəлелдеуге тыры-
сты. Ямато тайпалық одағының бетке ұстары Киммэйді таққа 539 
ж.  Сога  əулеті  отырғызған  еді.  571  ж.  Киммэй  қайтыс  болған  соң 
таққа отырған оның баласы Мононобэні Согалар өлтіріп, билікті 
өз қолдарына алды. Таққа Суйко деген əйелді отырғызып, ханзада 
Умаядоны регент деп жариялады. Ол тарихқа Сетоку-Тайси деген 
атпен енді (Сетоку — конфунциандықтағы ең асыл қасиет, ал тайси 
— ханзаданың атағы).
Сетоку Тайси 605 ж. Ямато патшалығының мəлімдемесін (декла-
рациясын) жариялады. Ол «14 бап» деп аталды. С.Тайси бұл заңға 
теңелген мəлімдеме арқылы орталықтандырылған билікті нығайтуды 
көздеді. Ол мəлімдемеде: «патша — аспан, оның пенделері — жер. 
Күн жерге сəуле төгіп тұрғанда тыныштық болып, жылдың төрт 
мезгілі бірінен соң бірі ауысып тұрады. Егер күн жерді жапқысы кел-
се, онда дүние күйрейді. Сондықтан патшаның айтқанын пенделері 
тыңдауы керек. Жоғарыдағыға төмендегі бас июі керек, мемлекетте 
екі басшы жоқ. Мемлекеттегі барлық халықтың қожасы — патша. 
Барлық əкім-қызметкерлер — патшаның малайы»,— делінген.
Сол кезде Қытайда 581 жылы құрылған Суй империясына арқа 
сүйеуге қадам жасалды. Суй сарайына бірінен соң бірі елшіліктер 
жіберілді. Ол елшіліктердің жеткізіп жататын сəлемдемелерінде ең 
алғаш «тэнно» деген сөз қолданыла бастады. Бұл сөзбен жапон мем-
лекет басшысы басқа елдермен қатынасында өзін осылай атай баста-
ды. Бұл сөз қазір де сақталған. Ол «император» дегенді білдіреді.
Бұдан кейінгі оқиғаларда сыртқы факторлар үлкен рөл атқарды: 
Қытайдың саяси ықпалы, ғылым-білімнің, буддизмнің ықпалы.
Ежелгі Жапония синтоизм дінін («синто» — сөзбе-сөз «құдай 
жолы») ұстанды. Жапонияда буддизм VI ғасырдың ортасын-
да тарай бастады. 552 жылы Кореяның Пекчэ мемлекетінен елші 
келді. Ол будда дінін таратуды ұсынды. Бірінші будда монасты-
ры  Хорюдзэ 608 жылы Нарада тұрғызылды. Баспалдақ үлгісімен 
ұйымдастырылып, бір орталыққа бағындырылған будда шіркеуі 
феодалдық мемлекеттің үлгісі болды. Буддаға табынушылық 
бұрынғы ру-тайпалық алауыздықтардың жойылуын қамтамасыз 
етті. 624 жылы Жапонияда 46 будда храмы, 816 монах (сопы), 569 
əйел-монахинялар болды. Монастырлардың жерлері, шаруалары 
болды.
Умаядо (Сетоку тайси) өле-өлгенше, яғни 622 жылға дейін билік 
құрды. Ол өзін қытай императорымен тең ұстауға тырысты. Қытай 
императоры менсінбегенімен, шыдамдылық танытты. Сетоку Тайси 
(Умаядо) жапон жастарын Қытайға оқуға жіберіп отырды. Қытайда 
білім алған жапондықтардың көпшілігі кейін Тайк төңкерісінде 
үлкен рөл атқарды.
Міне, осындай жағдайда 645 жылы «тайк төңкерісі» болды. 
Тайк жылдың аты. Осы жылғы патша сарайындағы кəріс елшілігін 
қабылдау кезінде принц Наканоэ мен сол кездегі патшалық құрып 
тұрған  Сога  Ирук  тұқымының  ата  жауы  Накатоми  Каматари  өз 
жақтастарымен патшаны өлтіріп, билікті бұрынғы патша əулетіне 
қайтарды. Сога тұқымы заңды патша əулетін биліктен тайдырып, 50 
жылға жуық мемлекеттік билік тізгінін ұстап тұрған болатын.
Таққа «патша үйінің» ең үлкен өкілі — Кару отырғызылды. 
Наканоэ тақтың мұрагері деп жарияланды. Ал Накатоми Каматари 
Фудзивара деген фамилияны алып, «сарай министрі» болып 
тағайындалды. Наканоэ Сога тұқымын құртып жіберді.
646 жылғы жарлық бойынша барлық жер жеке меншіктіктен 
алынып, мемлекет қарамағына өтті. Халық мемлекеттің үлесін 
иемденушілер болып есептелді.
Халықтың басым көпшілігі — шаруалар — əр жеке басына 2 тан-
нан (бір тан — 0,12 га) жер (үлес) алды. Əйелдер сол 2 танның үштен 
екі бөлігін алды. Əр алты жылда бір рет отбасындағы өзгерістерге 
қарай жер үлестері қайта бөлініп тұратын. Шаруалар отбасына 
үйінің төңірегіндегі бау-бақшалық, усадьбалық учаскелері жеке 
меншіктікке берілді.
Адам  басына  үлес  алған  шаруалар  мемлекетке  астық  салығын 
жəне үйде өндірілетін өнімдерден: матадан, қолөнер бұйымдарынан 
салық төлеуге тиіс болды. Азық-түлік рентасынан басқа шаруалар 
барщина өтеді. Жылына жүз, тіпті одан да көп күн мемлекет пайда-
сына тегін жұмыс істеуге тиіс болды. Шаруаның үлестен бас тартуы 
немесе үлесті тастап кетуі қатаң жазаланды.


26
27
Бұл ерте феодалдық құрылыстың негізгі принциптері 701 жылы 
құрастырылған Тайхоре кодексінде бекітілді. Үстем таптың өкілдері 
де жер үлестерін алды. Бірақ олардың үлестері шаруа үлестерінен 
əлдеқайда көп еді (40 еседен 1000 есеге дейін: қызметіне, пайдасы-
на қарай), бірақ қызметіне қарай берілетін үлес уақытша болды: 
қызметінен кетсе, мемлекет қайтарып алып қойды.
Жапониядағы феодализмнің орнығуы қүл иеленушілікті толық 
жойған  жоқ.  Жартылай  құл,  жартылай  ерікті  томобэ  мен  какибэ-
лер жойылды. «Яцуко» деген үй шарушылығындағы жекеменшік 
малай-құлдар сақталып қалды. Мемлекеттік құлдардың жаңа ка-
тегориясы — үкімет мекемелеріндегі малайлар пайда болды. Құл 
иелену ол кезде жер алу жолдарының бірі болды. Əр құл үшін оның 
иесі үкіметтен үлестің үштен бірін алатын. Құл табу барған сайын 
қиындай түсті. Кейбіреулер кедейлердің балаларын құлдыққа сатып 
алды, кейбіреулер ұрлап немесе тартып алды. Сондай-ақ, қылмысы 
үшін жазаланғандар мен қарызын өтей алмағандар құлға айнала-
тын. Өмір сүруге қаражаты жоқ адамдардың өзін-өзі құлдыққа са-
туы да кездесетін.
VII—VIII ғасырларда жапон халқының 10—20 % жуығын құлдар 
құрады. Олардың еңбектері негізінен құрылыстарда пайдаланыл-
ды.  VIII  ғасырдың  аяғына  қарай  құлдар  еңбегі  жойыла  бастады. 
Егіншілікте құлдар еңбегі толық жойылды.
Наканоэ (Тэнти) (662—671) 662 ж. Кореяға 27 мыңдық əскер 
жіберді. 663 ж. Пэккан өзеніндегі шайқаста бірлескен тан-силландық 
əскер жапондық əскерді жеңді. 671 ж. Наканоэ өлген соң оның ба-
ласы Кобун мен бауыры Оаманың арасындағы тақ үшін талас ба-
сталды. Кобун небəрі 8 ай билік құрды. Əкесінің інісінен жеңілген 
соң өзін-өзі өлтірді. Жеңіске жеткен ағасы (Оаман) өзін Тэмму деген 
атпен император деп жариялап, 673—686 жж. билік құрды. 678 ж. 
Таққа оның əйелі Дзито отырды. 696 ж. Дзито тақтан бас тартып, 
өзінің 14 жасар немересі Моммуды император деп жариялады. Ол 
707 жылға дейін билік құрды.
729 ж. Фудзиварлар императордың əулетін тек өз қыздарына 
үйленіп тұруға міндеттеді. 784 ж. Фудзиваралар əулеті император-
ды солтүстіктегі Ямасиро провинциясына алып барды. Сол жерде 
Хэйан («Бейбітшілік») деп аталған жаңа астана сала бастады. 858 
ж. Фудзиварлар жас императордың регенті болып тағайындалды, ал 
887 ж. канцлерлік лауазымды иемденіп алды. Жапон тарихындағы 
866—1068 жж. аралығы Фудзиварлардың регенттік билігінің кезеңі 
деп аталады.
895 ж. елдің сыртқы əлеммен байланысына тыйым салынды. 
Қытаймен, Кореямен қатынас үзілді. Елге рұқсатсыз кіруге, елден 
рұқсатсыз шығуға қатаң тыйым салынды. Бұл талапты бұзушылар 
өлім жазасына кесілетін болды.
969 ж. «тэнно», яғни «император» деген термин «ин», яғни 
«бас  тартқан»  деген  терминмен  ауыстырылды.  Император  өзінің 
жас баласының пайдасына тақтан бас тартып, шашын алғызып
монастырға кетіп отырды. Мемлекетті басқару үшін үлкен аппарат 
құрылды. Оны жоғарғы мемлекеттік Кеңес-додзекан басқарды. Ол 
Кеңеске 8 министрлік бағынды. Ел провинцияға (кун) жəне уез-
дерге (кор) бөлінді. Жалпыға бірдей əскери міндеткерлік енгізілді. 
Білім беру жүйесі Қытай үлгісімен құрылды. Қытай тілі өкімет 
басшыларының тілі болды. Ел басшылары, зиялылар қытай тілінде 
сөйледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет