2.Ірі қара малдардың қауіпті катаральді безгегі (Coryza gangraenosa borrum) (ҚКБ) – ірі қара малдардың өткір инфекциялық ауруы, энзоотия түрінде
спора түзу арқылы өтеді. Бастың, ішектің кілегей қабықтарының катаральді-
ошақты, фибринозды-некрозды қабынуымен, орталық жүйке жүйесі мен көздің
ауыр зақымдалумен сипатталады.
Қоздырушысы: фильтрлеуші вирус. Жұқтыру көздері: ауру жануарлар.
Вирус тасымалдағыштар қойлар, ірі қара малдарды бағушылар болуы мүмкін.
Патогенезі:жеткіліксіз зерттелген. Қоздырушы алғашында қанда болады,
кейін ағзаға таралып, кілегей қабықтарға және паренхиматозды ағзаларға
оргаласады. Бұл қанда вирустың бар екендігімен дәлелденеді (аурудың алғашқы
сатыларында қандағы вирусты анықтау оңай).