144
ошақтары. Кескен кезде бауырдың мускаттылығы сәл ғана көрінеді.Гидремия.
Тері асты және басқада клечаткаларда серозды ісінулер. Анемия белгілері,
арықтау.
Гистологиясы: гистоциттердің, эпителиоидты, лимфоидты торшалардың,
фибробласттардың және бауыр, бүйрек және басқада ағзаларда фиброциттердің
диффузды және ұяшықты пролиферациясы; бауырда, бүйректе және басқа
ағзаларда гемосидерин іздері. Лимфоидты гиперплазия және көкбауырдың
депигментациясы (гемосидериннің азаюы).
Инфекциялық анемияның диагнозын клиникалық – гемотологиялық,
эпизоотологиялық және пат.анатомиялық мәліметтердің емебінде қояды. Ауру
тураы дүрысырақ болжамдарды (әсіресе созылмалы кезінде) бауырдағы,
көкабауырдағы,
бүйректегі,
жүректегі
патогистологиялық
зерттеулер
береді.Осыған байланысты, патологиялық үрдістердің дамуы аурудың сатысына,
зақымдалу ауырлығына байланысты. Көкбауырдағы гемоседириннің бөлінуінеғ
ретикулоэндотелияның торшалық-пролиферациялық реакцияларының сипатына,
гломерлонефритке, эндокардитке, продуктивті миокардитке назар аударған жөн.
Инфекциялық анемияны пироплазмидоз бен бактериальді сепсистен
ажыратады. Инфекциялық анемия мен пироплазмидозды дифференциальды
ажырату кезінде клиникалық-гемотологиялық зерттеулерменғана шектелуге
болады және тек белгілі бір жағыдайларда ғана патоморфологиялық мәліметтерді
қолданады. Пироплазмидоз кезінде анемия, сары ауру, ағзалардағы дистрофиялық
өзгерістер, геморрагиялық диатез анық байқалады. Нуталеоз кезінде бүйректің
гемосидерозы тән. Пироплазмидоз кезінде гломерулонефрит бірге дамыған
ағзаларда торшалық – пролиферативті реакциялар болмайды.Бактериальді сепсис
кезінде ағзаның жалпы лейкоцитозына байланысты, ағзалардың ошақты немесе
диффузды нейтрофильді лейкоцитозы және миелоидты типтегі торшалар
құрамының көтерілуі тән.
Достарыңызбен бөлісу: