48
Торшалық элементтерінің өсуімен сипатталатын ппролиферативті қабынуды
дәнекер ұлпасының өсуі қауіпті болып табылатын созылмалы қабынулардың
басқада түрлерінен ажырату керек. Осыған байланысты, әдетте, негізгі қабыну
түрінің қалдық белгілері байқалады (катар, фибринозды қабыну). Пролиферативті
қабынуға дәнекер ұлпасының ауқымды ұлғаюымен (соққы болған жерде
тыртықты өсу, желіннің индурациясы, жүрек плеврасының тұтасуы, көкшандыр
және т.б.) көрінетін, әр түрлі патологиялық үрдістердің қатыстық өзгерістері
жатпайды.
Гранулематозды қабыну (лат.granulus - түйіршік) пролиферативті
өзгерістермен болатын, ошақты зақымдалумен сипатталады. Бұл қабынудың
себебі – созылмалы инфекциялар мен инвазиялардың қоздырғыштары, олар
инфекциялық
түйіндердің
(туберкулездік,
маңқалық,
бруцеллоздық,
паратифоздық,
актинамикоздық)
және
инвазиялық
гранулемалардың
(трихинеллез, стронгилидоз және т.б. түйіндер) түзілуін тудырады.
Ұлпаға ену орынында немесе осы қоздырғыштармен тамырлардың
эмболиясы кезінде дегенеративті – некротикалық және ұлпалық элементтердің
атрофиялық өзгерістері, қан және лимфа айналымының бұзылуы дамиды,
тамырлардан қанның сұйық құрамды бөліктері бөлінеді, лейкоциттер көшеді.
Оларға ең тәні зақымдалу орынында жиналатын немесе оның аумағында
шектеуші аумақ түзетін жергілікті торшалық элементтердің көбеюі болып
табылады.
Кейбір
жағыдайларда
продуктивті
аумақтардың
құрамы
гранулемаларға тән, ол зақымдалуды патологиялық – гистологиялық
диагностикалауға жеткілікті. Туберкулезді гранулема кезінде эпителиоидті және
ірі торшалардың (Пирогова – Лангханса торшалары) және лимфоидті
торшалардың сыртқы аумағының өсуі белгіленеді. Паразитарлы ошақтарда
эозинофильді лейкоциттер жиналады.
Өзіннің массасы жағынан пролиферативті аумақтар некроз ошағынан өтеді
немесе өлген аумақтар мүлдем болмайды. Бұл қоздырғыш патогенділігінің
әлсіздігімен, альтеративті өзгерістерді тудыра алмау мүмкіншілігімен, зақымдалу
ошағында ұлпалық элементтердің резистенттілігімен немесе қабыну ошағынан
некротикалық массаның тез сорылуымен, оның жаңа түзілген ұлпалық
элементтермен бірге араласуымен түсіндіріледі. Ары қарай, қоздырғышты
ликвидациялаған кезде, гранулемалардың жаңа түзілген торшалары ағзаның
зақымдалған аумағының толық регенерациясы үрдісінде жоғалады, жетілген
дәнекер ұлпалы элементтер (тыртықты ұлпа) өзгереді немесе некроз ошағының
баяу сорылуы кезінде (паразиттердің дернәсілдері және сол сияқтылары)
гиалинозға ұшырайтын дәнекер ұлпалалары капсулаларды қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: