Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет41/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126
 


49 
 
ІСІКТЕР 
 
Жоспары 
1.  Ісіктің метастаздалуы, анықтамасы, құрылымы, өсуі. 
2.  Ісіктің жіктелуі, этиологиясы, терминология. 
3.  Ісікалды: морфогенезі, гистогенезі, иммунитеті. 
4.  Әр түрлі жануарлардағы ісіктің патморфологиясы. 
5.  Тірек-қорек ұлпаларының ісігі. 
6.  Бұлшық ет ұлпасының ісігі. 
7.  Қан түзуші ұлпалардың ісігі 
1.  Ісіктің метастаздалуы, анықтамасы, құрылымы, өсуі.                  
Ағзаның  ұлпаларының  әдеттегіден  тыс  өсуін  ісік  деп  атайды.  Ісіктерді 
үйренуде  арнайы  онкология(onkos  -  ісік)  деген  ғылым  айналысады.,  Ағзаның 
басқа  ұлпаларының  өсуімен  сай  келмейтін,  соңында  атрофияға  немесе 
айналасындағы ұлпаларды бүлінуге алып келіп, торшаның шексіз өсіп-өнуі ісіктің 
өсу негізіне жатады. Ағзаның басқа торшаларынан ерекшеленетін, ісік торшалары 
жаңа, ерекше морфологиялық және функционалдық қасиеттерге ие болады.   
 
Ісіктер  өте  кең  таралған,  олар  кез  келген  ағзаның,  кез  келген  мүшесінен 
пайда болуы  мүмкін.  ісіктер үй  және  ауыл  шаруашылық жануарларының  ішінде 
иттерде, жылқыларды, ірі қара малда, мысықтарды, шошқаларда, тауықтарда, қой 
мен  ешкілерде  кездеседі.  Ісіктің  кейбір  ерекшеліктері  үй  жануарларында 
сипатталады.  Мысалы,  эпителиалды  ұлпаның  ісігі,  жиі  иттерде,  және  өте  сирек 
шошқаларда тіркеледі.   
 
 
 
 
 
 
 
 
Ісіктер  ағза  торшасының  кез  келген  мүшесінен  пайда  болады.  Басқа 
факторлардың, табиғаттың әсерінен болатынын соңына дейін таппаған. Қалыпты 
торша,  ісіктің    қайтымды  айналу  процессіне  ұшырайды(трансформация).    Бұл 
өзгерістер  ағзаның  бір  торшасынан  бірнеше  торшасына  немесе  әр  түрлі 
мүшелерге жанасуы мүмкін.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Осылайша  пайда  болған  ісіктердің  бастамасы  ісіктердің  өсуіне  ұласады. 
Ісіктің  өсуі  тез  немесе  баяу  жүруі  мүмкін.  Олардың  кей  біреулері  белгілі  бір 
көлемге жеткен соң өсуді баяулатады. Қатерлі ісіктер өте тез өседі, және олардың 
торшаларының жайылуы жануар өлімімен аяқталады.  
 
 
 
Ісіктің  өсуін  2  формаға  айырады:    экспансивтік  және  инфильтративтік. 
Экспансивті  өсуде,  ісік,  айналасындағы  ұлпаларды  ығыстырады.  Олар  анық 
көрінген шекраға, ал кейде, капсулағаие болады, сол себепті олардың кетуі оңай. 
Экспансивті  өсу  қатерсіз,  жетілген  ісіктерге  тән.  Инфильтративтік  өсуде  ісік 
торшалары,торшалар 
аралығындағы 
ұлпа 
айналасында 
өседі, 
олар 
метастаздар(туындаушы  ошақтар)  қалыптастыруда  қан  мен  сөл  тамырларына 
және  қан  мен  сөл  арқылы  ағзаның  әр  түрлі  бөлігіне  енугеқабілетті.  Ісік 


50 
 
торшаларының  көршілес  ұлпаларға  ену  мезанизмі  туралы  сұрақ  әлі  шешімін 
таппаған. Ісінген торшалардың өзіне амебатәрізді қимыл әсер етеді деген ой бар. 
Сонымен  қатар,  ісік  торшалары  гидролизді  гиалуронды  қышқыл  айналатын 
гиалуронидаз жасайды, дәнекер ұлпаның құрамына кіретін торшааралық заттарды 
және саңлау түзетін торшалар қатерлі ісіктерге айналатыны белгілі.    
 
 
Ісіктердің  көрінісі  әртүрлі.  Ісік  домалақ,  емізікше,  саңырауқұлақ  тәрізді 
және  ағаш  тәрізді  формаларға  ие,  ал  беткейі  тегіс,  кедір-бұдырмалы  болуы 
мүмкін.  Ісіктің  кейбір  тілімдері  балық  етін  еске  түсіреді(саркомалар),  ал 
басқалары – талшықты құрылым(фибромдар), үшіншілері әртүрліүлкен көлемдег 
шұңқырға(кистоаденомдар)  айналады.  Тері  ісігі,  әдетте,  саңырауқұлақ  тәрізді 
формаға(фунгозды)  айналады.  Терінің  бетінде  пайда  бола,  олар  талшық  тәрізді 
немесе түсті қырыққабат(қарашық ісіктер) кескініне келуі мүмкін.  
 
 
 
Ісіктердің  мөлшері  микроскопиялықтан  өте  үлкен  көлемге  дейін  өзгеріп 
отырады. Сиырдың аналығында 170 кг салмақты ісік сипатталған. Ісіктер аздаған 
сантиметрден  диаметрге  және  аздаған  граммнан  бірнеше  килограммға  дейінгі  
көлемде  кездеседі.  Ісіктер  бірден  және  бірнешеден  болуы  мүмкін.  Көпшілік 
жағдайда  ісіктер  мүшеде  түйіндер  түрінде,  бірақ,  кейде  ісік  ошақтары  бірден 
бірнеше мүшеде дами алады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
Сондай-ақ,  ісіктердің  консистенциясы,  әртүрлі  және  тығыздан  жұмсаққа 
және желетәрізді болады. Ол торшадағы ісік түріне, строманың, тамырлардың өсу 
дәрежесіне,  сонымен  қатар,  екіншілік  дистрофиялық  үрдістерге  байланысты. 
Сүйек  және  шеміршек  ұлпаларында  болатын,  остеомдар,  хондромдар,  аралас 
ісіктер  –  қатты.  Тамырлы  ісіктер,  липомдар,  миксомдар,  аденом  және  т.б.  – 
жұмсақ.  Ісікті  тілген  кезде  сұйықтыққа  немесе  шырышқа  толы  шұңқырды, 
сонымен қатар, шашылыңқы массадағы аумақтар - некроздардыбайқауға болады. 
Әдетте,  ісік  айналасындағы  ұлпалардан  ақ,  сұр  немесе  сарғыш  түспен 
ерекшеленеді.  Ісіктің түсі ісінген ұлпа түріне және тамырлардың өсу дәрежесіне 
байланысты.    Аденоманың  түсі  бүйрек  үсті  безінің(мүше  түсі)  қабығындағы 
меланомға, меланиндегі пигменттің мөлшері –қара немесе қараңғы – қоңыр түске 
байланысты. Қатты дамыған тамырлы жүйе ісікке ашық-қызыл рең береді. Егер, 
ісікте некроз дамыса, онда мұндай аумақтар сұр, сарғыш-жасыл түс, қан кетуде – 
қызыл немесе қызғыш-қоңыр түске айналады.   
 
 
 
 
 
 
Гистологиялық  кез  келген  ісік  паренхима  мен  стромадан  тұрады.  Ісіктің 
паренхимасы  ұлпаға  сәйкес  дамиды.  Жоғары  торшалы  ажыратуды  -  қатерсіз, 
жетілген, гомологиялық, гомотиптік деп атайды. Егер ұлпаның ісігі жетілген ағза 
ұлпасының  әлсіз  торшалы  ажыратуларынан  бөлек  жинақталса,  онда  қатерлі, 
жетілмеген,  гетерологиялық,  гетеротиптік  деп  аталынады.  Гетеротопиялық 
ісіктер,  ұлпалардан  дамиды,  ісік  әдеттен  тыс  орыннан  шықса,  сол  орында 
сақталса,  нәтижесінде  эмбриональды  жылжу(гетеротопия),  гомотипиялыққа 


51 
 
қарағанда,белгілі дәрежесінде, қолайлы аналық ұлпадан дамиды.  
 
 
 
Ісіктің  стромасы  дәнекер  ұлпасында  дамиды.  Онда  қантамырлы,  сөл 
тамырлары  және  жүйке  өтеді.  Әртүрлі  ісіктерде  строма  мен  паренхиманың 
қатынасы  әр  түрлі.  Строма  мен  паренхимада  жақсы  көрінген  ісіктерді 
органоидты(мысалы,  эпителиалды  ісіктер)  деп  атайды.  Стромасы  әлсіз  көрінген 
ісікті 
гистоидты 
деп 
саналады. 
Строма 
мен 
паренхиманың 
ара 
қатынасы(сандық,сондай-ақ сапалық)әдетте, қалыпты мүшеге сәйкес келмейді.  
 
Барлық ісіктер қалыпты торшалар мен ұлпалардан(атипизм) ерекшеленеді. 
Торшалы  атипизм  -  ісік  дамыған  мүше  торшасынан  паренхималық  торшадан 
цитологиялық  ерекшеленеді.  Әдетте,  ядро  хроматинге  бай.  Олар  жоғары  бөлуге 
қабілетті. Қалыпты торшада болмайтын, көптеген митоздар пайда болады. Торша 
мөлшеріне  ядроның  үйлесімсіздігін  көрсетеді.  Соңғылары,  әртүрлі  пішінге  ие 
болып, эмбрионалды торшалардың құрылысын еске түсіреді(анаплазия). Торшалы 
атипизм  әдетте,  торшалы  полиморфизм  қатты  ерекшеленгенде,  қатерлі  ісіктерде 
қатты пайда болады.    
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұлпалы атипизм жаңадан пайда болған ұлпаның дұрыс емес құрылысында 
(мысалы,  сүт  безіндегі  без  ісігінің  шығарушы  өзектері  болмайды),  және 
строманың әртүрлі дамуымен білінеді.    
 
 
 
 
 
Ісінген  ұлпа,  холестеринге,  сүт  қышқылына,  нуклеин  қышқылына 
неғұрлым бай, осылармен ол эмбрионалды ұлпаға ұқсас(гистохимиялық атипизм). 
Ісінген торшаларда, өзіне тән алмасу - биохимиялық атипизм бар. Олардың ақуыз 
және  әсіресе,  сульфидрильді  және  дисульфидті  топтарының  және  де  ақуыздың 
құрамдас бөлігінің алмасуы бұзылғанда пайда болады. Барлық ісіктер клиникалық 
белгілері бойынша екі үлкен топқа бөлінеді: қатерлі және қатерсіз ісік болып.  
 
Қатерсіз  ісіктер  ажыраған  торша  элементтерінен  тұрады.  Ісік 
құрылысында, көбінесе, торша атипизмінің белгілерін көрсетеді. Қатерсіз ісіктер, 
әдетте, ақырын өседі, ығыстыра өсумен сипатталып, қысымнан   айналасындағы 
ұлпа  мен  мүшелер  атрофильденеді.  Мұндай  ісіктер,  хирургиялық  жоюдан  кейін 
қайта  пайда  болмайд  және  қайтадан  өсуге  жол  бермейді.  Бірақ,  шектеудің 
арқасында, қатерсіз ісіктер қауіпті болуы мүмкін(бас және жұлын ісіктері).    
 
Қатерлі  ісіктер  аз  ажыратылған  торшалардан  құралған.  Осыған 
байланысты  ісіктердің  шығуы  жайлы  сұрақтарды  шешу  оңай  емес.  Бұндай 
ісіктерде  ұлпалы  және  торшалы  атипизм  білінеді.  Қатерлі  ісіктің  жайыла  өсуі, 
олардың  торшалары  айналасындағы  ұлпаларды  бұзатындықтан,  матастаздар 
пайда болады және хирургиялық жоюдан кейін қайталанады.  
 
 
 
 
Ісінген 
торшалар 
электронды 
микроскопта 
жаңа 
құрылымдық 
ерекшеліктерге  ие  болады;  қалыптағы  және    әртүрлі  көлем  және  пішіндегіге 
қарағанда  цитоплазмада  митохондрия  аз,  кейде  олар  қысқарады  және 
көпіршіктенеді.  Эндоплазмалық  тордың  құрылымы  бірыңғай  кішілене  түседі. 


52 
 
Рибосома және ірі ядро үлкейіп, жиі хроматиннің орналасуы шектелуі байқалады. 
Ақырын  өсетін  торша  ісіктері  торшаның  қалыпты  ұлпасынан  көп  жағдайда 
ерекшеленіп  өсетін  торша  ұлпасына  ұқсас  болуы  мүмкін.  Ісіктің  құрылысы 
.................(60стр2абз). Кейбір жағдайларда ісінген ұлпа, қолайлы ұлпа эмбрионын 
еске түсіреді. Ісінген ұлпа құрылысының мұнд ай  ерекшелігін  анаплазия(гр.  ana  - 
қайта,  plasso - түземін) деп атайды.  
 
 
 
 
 
 
 
Ісік  торшасының  қайтадан  денеге  өсіп-өнуі,  қатерлі  ісіктің  торшасы  қан 
және  сөл  тамырларында  өседі:  бүкіл  ағзаға  жайылады,  жеке  ағзалар  мен 
ұлпаларда тамырлары бітеліп, еншілес ошақтар туғызып, сонда көбейеді. Және де 
кейбір  ісіктер  сөл  жүйесінде  басым  өсіп-өнеді(рак),  басқалары  -  қан 
тамырында(саркомалар),  бірақ,  лимфогематогенді  қайта  өсіп-өну  болуы  мүмкін. 
Лимфогенді  қайта  өсіп-өнуде  қатерлі  ісік  торшалары  аумақтық  сөл  түйіндеріне 
енеді,  сосын  сөл  өзегі  арқылы  қақпалық  венаға,  оң  жақ  жүрекке,  жеңіл,сол  жақ 
жүрекке  -  үлкен  қанайналым  шеңберіне  және  паренхиматозды  мүшеге,  ұсақ 
қантамырларын  бітейді.  Гематогенді  жолмен  ісінген  торшалар  бірінші  кезекте 
ісінген  фокустар  дамыған  өкпеге  түседі.  Өкпеге  түскеннен  соң,  қайта  өніп-
өседі,көбінесе,  бауырда,  бүйректе  және  көкбауырда,  кейде  -  теріде,  шырышты 
қабықтарда,  эндокриндік  бездерде,  жыныс  мүшелерінде,сүйекте,  бас  миында 
тіркеледі.  Қайта  өсіп-өнуде  көбірек  қабілеттілікті  меланомдар  иеленеді.  Әдетте, 
метастаздар пайда болған ісігін көшіреді.  
 
 
 
 
 
 
 
Бірақ, барлық ісінген торшалар метастазға алып келмейді, көбісі олардың 
ішінде  өліп  қалады.  Метастаздың  дамуы  үшін  эмболадан  белгілі  бір  шарттар 
қажет  -  ісінген  торшалар  тамырларыдың  қабырғасына  таратып,  қанша 
жетілгенторшалар  көп  болса,  олар  біршама  қатерлі  және  онымен  қоса  олар  осы 
қабілеттілікті  иеленеді.  Бұдан  басқа,    торшаның  жаңа  орнына  әкелінген  сапалы 
метастаздарды  қалыптастыруда  маңызды  мәнге  ие.  Ісік  қалыпты  ұлпадан 
дамымайды.  Оның  пайда  болу  алдында  ұлпаның  ұзақ  өзгерісі,  яғни 
ісікалды(ракалды) секілді болады.   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет