Рлар патологиясының негіздері оқу құралы Қостанай, 2016 4



Pdf көрінісі
бет80/126
Дата06.01.2022
өлшемі1,75 Mb.
#14279
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126
5.Ішектің қабынуы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ішектің қабынуы – энтерит, барлық ішекке тарауы мүмкін, бірақ, оның жеке 
бөліктерінде  жиі  кездеседі.  Ас  қазан  мен  ішектің  бір  уақытта  қабынуы 
гастроэнтерит деп аталады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Серозды  энтерит:  Ашып  сою  –  жиі  қанталаулар  болатын  шырышты 
қабықшаның  ісінуі  мен  гиперемиясы.  Ішіндегісі  серозды  экссудатпен  сұйылады. 
Гистологиясы:  тамырлардың  кеңеюі  және  жергілікті  дегенерацияның  серозды 
экссудатпен инфильтратануы, жабын эпителиінің некрозы және бұралуы.   
 
Өткір  катаральді  энтерит:  Ашып  сою  –  кілегей  қабығы  күңгірт,қою, 
қоймалжың,  жартылай  мөлдір,  серзды  шырыштармен,  кейде  шырышты-іріңді 
немесе қанды дақтармен жабылады, бұл күңгірт сұр-ақшыл үлпектер (сорылудың 
бұзылуы,  бездердің  секрециясының  күшеюі  салдарынан).  Гистологиясы: 
шырышты  диятрофия,  торшалық  инфильтрация,  тамырлардың  гиперемиясы. 
Бокал  тәрізді  торшалардың  мөлшері  ұлғаяды,  кірпікті  эпителидің  түсуі 
нәтежиесінде  эрозияның  түзілуі.  Созылмалы  катаральді  гастрит  кезінде 
эпителилердің  регенерациясы  кездеседі.  Гистологиясы:  шырышты  дистрофия 
және  эабын  эпителиінің  түсі,  интерстициальді  дәнекер  ұлпасының  өсуі.  Кілегей 
қабықтары жіңішкерген, түзуленген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Фибринозды  энтерит:  Ашып  сою  –  сұр-жасыл  түсті  жалған  қабықшалы 
дақтар түріндегі фибринозды экссудаттың жиналуы.  Гистологиясы: 
фибрин 
торлары, ілгектерде лейкоциттер және эпителилері түсіп қалған. Егер дақты алып 
тастаған  кезде,  кілегейі  ісініп,  гиперемияланса,  бұл  энтерит  түрі  крупозды  деп 
аталыд. Қабықша астында ақаулар табылса – ол дифтериялық энтерит.  
 
 
Гистологиясы: ішек қабырғасының терең некрозы, фибрин жиналған ядросыз 
ақуыздық  массалар.  Демаркационды  қабыну.  Ліктен  алынған  кезде  қалған 
жаралар грануляциялық ұлпаларға толады (сүзек, оба және т.б аурулар кезінде).   


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет