б) өлім құрсақ қуысынан, сирек кедергілердің болу орындарынан
рефректорлы туындаған жүректің шала салдануынан болуы мүмкін.
Ашып сою: жүрек қуысының кеңеюі және қанға толып қалуы, венозды
жүйедегі іркілу; өкпе және ми ісігі, бауыр гиперемиясы.
Өлім ішектің ішіндегісінен уланудың нітежиесі болуы мүмкін. Коликтер
кезінде ішек ішіндегілерінің шіруі және шірікті фдфрауы жүреді, ол жерлерде улы
өнімдердің бактериалды токсиндері, азықтық ферменттер түзіледі. Олар
паренхиматозды ағзалардың түйіршікті және майлы дистрофиясын тудырады.
Өлім 2-3 тәуліктен кейін болады.
Ашып сою кезінде серозды және шырышты қабықшаларда қанталаулар,
паренхиматозды ағзалардың (жүрек, бауыр,. бүйрек) дистрофиясы байқалады;
ішектің кілегей қабығының ісінуі және гиперемиясы, өкпе ісігі, эпители нерозы
анықталады. Қысымшылық кезінде веноздық іркілулер мен аралас ішектің
инфарктары табылады.
Шаншулар кезінде жылдамдатулар туындауы мүмкін: 1) бас миының
контузияс, 2) диафрагманың жарылуы, 3) ішек-қарын жолының перфорациясы
мен жарылуы (өткір кеңеюлер кезінде), 4) бауырдың, көк бауырдың жарылуы
(олардың қайта тууы кезінде), 5) құрсақ қуысының ірі тамырларының жарылуы,
6) ішектің қабырғасындағы қанталаулар, 7) ішек қабырғасының өлуі және
гангренасы, 8) септикомия, 9) өкпе гангренасы, асперационды пневмония, 10)
перитонит.
Шаншудан өлген жылқыларда барлық патологиялық өзгерістер қатысты
болуы мүмкін: 1)ішектің бұралуына, 2) бітелуіне, инвагинациясына немесе ішек
97
саңылауының қысылуына, 3) ішек тамырларының эмболиясы, 4) ішек немесе ас
қазанның ауға толуы.