107
2.Аймақтық лимфа түйіндерінің серозды – геморрагиялық лимфадениті.
3.Өткір талақтану (септикалық көк бауыр), көк бауырдың көлемі 2-3 есе
ұлғайған, кескен кезде борпылдақ, жазық бұлшық еттерінің шала салдану
әсерінен оңай жыртылады, күрең түсті. Жүдеу жануарларда және өткірлеу ағымда
талақтану болмауыда мүмкін.
4.Бауырдың, бүйректің, миокардтың түйіршікті дистрофиясы. Жүректе
миокардтың күңгірттігінен басқа, қуысының кеңейгендігі, эпи- және
эндокардтағы (әсіресе сол қарыншаның), сондай-ақ, клапандардағы (септикалық
эндокард) қанталаулар байқалады.
5.Өкпе гиперемиясы және ісігі (геморрагиялық пневмония). Кейде, өкпеде
геморрагиялық және катаральдік пневмония аумақтары, ал пиосепсис кезінде
абцесстер мен іріңді бронхопневмония ошақтары байқалады.
6.Гемолиз
7.Кілегей қабығының сәл сарғыштануы
Пиемия септициемиядан барлық ағзада іріңді ошақтардың болуымен
ерекшеленеді: өкпе, көк бауыр, бүйректер, бауыр, миокард, бас миы және т.б.
іріңді артриттер, тері асты және бұлшық ет аралық клечатканың флегмонасы
болуы мүмкін. Пиемия кезінде инфекция сепикалық ошақтан венадағы қан тогы
арқылы өкпеге енеді, ол жерде жаңа септикалық ошақтар қалыптасады. Кейін,
өкпе венасы сен сол жүрек арқылы қан айналымының үлкен блогы
инфнекцияланады.
Стрептококк сепсисті ең жиі қоздырушы болып табылады және ол қатерсіз.
Ашып сою: 1) инфекция қақпаларында іріңді ошақтар;
2) аймақтық лимфа түйіндерінің іріңді лимфадениті;
3) өкпеде, бауырда, көк бауырда және басқада ағзаларда
абцесстер;
4) іріңді артриттер, плевриттер, перикардиттер.
Достарыңызбен бөлісу: