4.Лептоспироз (Leptospirosis) – түсіктермен, ішек-қарын жолының
атониясымен, тері және кілегей қабықтардың некрозымен, гемоглобинуриямен,
сары ауруымен, анемиямен, сүзекпен пайда болатын инфекциялық ауру.
Лептоспирозбен адамдарда аурады.
Этиологиясы. Иттер ауру жануарлардың еттерін, ауру кеміргіштерді
жегенде жұқтырады. Жас малдар ауру аналықтан алынған сүт арқылы
зақымдалады.
Лептоспироз спроалық жағыдайда немесе энзоотия түрінде пайда болады.
Энзоотияға тән ерекшеліктер алғашқы 5-10 күн ішінде жануарлардың аздаған
бөлігі ауруды, кейін жұқтыру тынышты алады, бірақ бірнеше күннен кейін
қайтадан қайталанады. Түрлік бойынша, бұл жағыдайлар қоздырғыштың
қоршаған ортаға жиналуына байланысты, себебі іркіліс ұзақтығы инкубациялық
кезеңмен теңеседі. Энзоотоияның басқада еркешеліктері ол барлық мал басын
қамтуынан тұрады. Бұл сезімтал жануарлардың арасында иммундық қабаттың бар
екендігін
көрсетеді.
Сондай-ақ,
лептоспироздың
таралуы
нашар
азықтандырылу,күтіп-бағудың антисанитариялық жағыдайлары болып табылады.
Лептоспирозбен бір жыл бойы ауыру мүмкін.
Патогенезі. Лептоспироз өткір, өткірлеу, созылмалы өтеді. Ауру тән
белгілердің пайда болуымен байқалады. Сонымен қатар симптомсыз
лептоспироздарда кездеседі, олар көп жағыдайда иммундаушы субинфекция
болып табылады.
Иттерде лептоспироз өткір, өткірлеу және созылмалытүрде өтеді. Ауру
температураның көтерілуімен (41
0
C-ға дейін), тәбеттің болмауымен, құсумен,
жүдеумен сипатталады. Ауру жануарлар қатты шөлдейді. Жиі қана аралас іш
өтулер, кейде іш қатулар байқалады. Сарғыштануы жиі болады, несепі сары
немесе қоңыр, аз мөлшерде бөлінеді және құрамында ақуыз бар. Ауыз қуысының
128
кілегейқабығы ойық-жаралармен жабылған, ауыздан жағымсыз иіс шығып
тұрады. Аурудың ұзақтығы 2-12 күнге ғана созылады. Егер ем қолданылмаса
летальділігі жоғары (50% және одан жоғары).
Ағзаға
сол
немесе
бөтен
жолдармен
түсетін
лептоспиралар
ретикулоэндотелиальді элементтерге бай ағзаларға (бауыр және басқалары)
жиналады. Белгілі бір мөлшерге жетіп және торшалық элементтерді бұзып,
лептоспиралар үлкен қан айналымына түседі және қанда көбеюін жалғастырады,
барлық ағзалар мен ұлпаларға таралады. Қанда лептоспиралардың дамуы дене
температурасының бірден көтерілуін тудырады, ол қандағы лептоспиралар
жойылғанша сақталады.
Ағза лептоспира әрекетіне жауап ретінде антиденелерді өндіреді:
аглютиндер және лизиндер, олар ауырудың 4-5 күндері жеткілікті мөлшерде
пайда болады. Лизиндер лептоспиралардың жаппайы жойылуын тудырады және
эндотоксиндердің босауымен жалғасады. Соңғылары өз кезегінде эритроциттерді
бұзады. Осының нәтежиесінде жануарларда анемия дамиды, қанға көп мөлшерде
гемоглобиндер жиналады.
Лептоспирозға патологиялық диагнозды эпизоотологиялық, клиникалық
және патологиялық мәліметтерді зертханалыө зерттеулермен дәлелдей отырып
қойылады.
Дифференциальді диагностикасы зертханалық зерттеулердің нәтежиелеріне
негізделген:
микроскопия,
серология,
цитологиялық,
клиникалық,
эпизоотологиялық мәліметтерді есепке ала отырып цитология әдістеріне.
Лептоспирозды
бруцеллез,
пироплазмидоз,
қауіпті
катаральді
қызба,
кампилобактериоз, трихомоноз, листериоз ауруларынан ажыратып балау қажет.
Бруцеллезден
зертханалық,
аллергиялық
және
клиникалық
–
эпизоотологиялық
зерттеулердің
нәтежиелеріне
негізделіп
ажыратады.
Түсіктердің мерзіміне (бруцеллез кезінде буаздылықтың екінші жартсында),
қағанақтың кідіруне назар аударады.
Пироплазмидоз анық мерзімділікпен, тасымалдағыш кенелердің болуымен,
тері некрозының болмауымен және қан жұғындыларында пироплазмның
болуымен сипатталады.
Қауіпті катаральді қызба стационарлығымен және споралығымен,
контагиоздықтың болмауымен, ішек-қарын жол мен крупозды-дифтерикалық
зақымданулармен, мүйізгек қабытың күңгірттенімен және орталық жүйке
жүйесінің зақымдалуымен сүйемелденеді.
Трахомоноз аналық еннің ісінуімен, қынаптың катаральді қабынуымен,
қынаптың кілегей қабықтарында түйіндіктердің түзілуімен, эндометриттермен,
пиометритпен, буаздылықтың 2-4 айларында түсіктің болуымен сипатталады.
Лептоспироз жиі споралық жолмен пайда болады, ол координирленбеген
129
қозғалыс түрінде орталық жүйке жүйесінің зақымдалуымен, тепе – теңдікті
жоғалтумен, құрысулармен, кейде құтыру ұстамаларымен, бұлшық еттердің жеке
топтарының шала салдануымен ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |