Оқулық физика 8 Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ұсынған



Pdf көрінісі
бет112/302
Дата06.01.2022
өлшемі4,48 Mb.
#14281
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   302
§17.
 
ЖЫЛУ МАШИНАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
1.  Адамзат  өркениетін  дамытуда  жылу  машиналары  орасан  зор 
рөл атқарды, әлі де атқарып келеді және атқара беретін болады. Алайда 
өркениет дамуының жаңа кезеңінде кезек күттірмей шешілуге тиісті екі 
көкейтесті проблема туындады. Оның бірі – жер қойнауындағы табиғи 
қазба  отындардың  күрт  азаюына  байланысты  туындаған  мәселе.  Ал 
екіншісі  –  жылу  машиналары  мен  қондырғылардың  қоршаған  ортаны 
ластауынан туындаған экологиялық мәселе, «Аталған проблемалар адам-
затты не үшін алаңдатады?» деген сұраққа жауап берейік.
2.  Жылу  қозғалтқыштарының  барлық  түрлерінің  пайдалы  әрекет 
коэффициенттері іс жүзінде 40%-дан аспайды. Өйткені олардың барлығы 
да атмосфераға жұмыс газын ыстық күйінде шығарады. Мысалы, дизельді 
де, бензинді қозғалтқыштар да атмосфераға жұмыс газын ыстық күйінде 
(500–600
0
С  шамасында)  шығарады.  Мұндай  процесс  олардың  ПӘК-ін 
төмендетеді. Сондықтан бензинді қозғалтқыштардың ПӘК-і 20–25%, ал 
дизельді  қозғалтқыштарында  30–36%-дан  аспайды.  Осылайша,  оларды 
жүргізуге жұмсалатын әрбір 100 л жанармайдың 70–80 литрі бостан-бос 
сыртқы  ортаға  шығарылып,  төңіректі  ластайды.  Мұндай  жағдай  жылу 
қозғалтқыштарының барлық түрлерінде орын алады.
Сонымен қатар тіршілік иелеріне аса қажетті ауадағы оттек газын да 
орасан мол мөлшерде шығындайды. Мысалы, бір ғана реактивті ұшақтың 
қозғалтқышы 5 сағат ішінде жану процесіне 45 тонна оттекті жұмсап, одан 
да көп мөлшерде зиянды жану өнімдерін атмосфераға таратады. Ал бір 
зымыран ұшқанда оттек шығыны да, қоршаған ортаға тарайтын зиянды 
заттар да ұшақтағы мөлшермен салыстырғанда мыңдаған-миллиондаған 
есе артып түседі. Сол сияқты жүздеген миллион  басқа да жылу маши-
налары мен қондырғылар жанармай мен оттек газын шығындап, сонша 
мөлшердегі зиянды жану қалдықтарымен төңіректі ластайды.
Өнеркәсіп салалары мен жылу электр стансыларында да орасан мол 
мөлшерде оттек пен органикалық отын түрлері шығындалады. Олардың 
пештері мен басқа да қондырғыларындағы отын толық жанбай, қоршаған 
ортаға күл аралас қоқыстар шығарылып, ал ауаға көмірқышқыл газы, 
күкірт  және  азот  тотықтары  мол  мөлшерде  тарайды.  Күкірт  және  азот 
тотықтары  атмосферадағы  су  буларымен  химиялық  байланысқа  түсіп, 
күкірт және азот қышқылдарының тамшыларынан тұратын аса зиянды 
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


83
бұлт түзеді. Оның салдарынан улы да қышқыл жаңбыр жауып, адамдар 
мен жануарлар да, ауылшаруашылық дақылдары мен бау-бақшалар да, 
дала өсімдіктері мен ормандар да үлкен зиян шегеді.
Орта  есеппен  әрбір  25  жыл  сайын  ауаға  адам  айтса  нанғысыз 
345   ·   10
9
  (345  миллиард)  тонна  көмірқышқыл  газы  тарайды.  Сөйтіп, 
көмірқышқыл  газының  ауадағы  концентрациясы  жылдан-жылға  мо- 
лайып, ал оттек газының мөлшері керісінше азайып келеді. Көмірқышқыл 
газының  ауадағы  концентрациясының  молаюы  «
жылыжай  эффектін» 
туғызып,  Жер  бетінде  қалыптасқан  жылу  балансының  табиғи  жүрісін 
бұзып,  температураның  жасанды  көтерілуіне  әкелді.  Оның  кесірінен 
көмірқышқыл  газын  жұтып,  оттек  шығаратын  планетамыздың  жасыл 
өкпесі ормандар өртеніп, тау жоталары мен Солтүстік Мұзды мұхиттағы 
және  Антарктикадағы  алып  мұз  жоталары  қарқынды  ери  бастады. 
Сөйтіп,  планетамыздың  кей  өңірлерінде  құрғақшылық  орын  алып,  ал 
кей жерлерде алапат дауылдар соғып, құйынды жаңбырлар ойран сала 
бастады. Оның үстіне көптеген аралдар мен құрлықтағы ойпаттарды то-
пан су басу қаупі күн тәртібіне енгізілді.
3.  Сонымен,  жылу  қозғалтқыштарының  пайдалы  әрекет  коэффи-
циенттерінің  төмендігі  салдарынан  адамзат  өрке ниетінің  даму  тарихы  
барысында  (негізінен  соңғы  екі  ғасыр  шамасында)  бүкіл  өндірілген 
отынның 2/3 бөлігі босқа рәсуа болды. Планетамыздың ластануы, жылу 
алмасудың табиғи балансының бұзылуы шекті жағдайға жетті. Оның үс-
тіне энергияны пайдаланудың қазіргі қарқыны сақталған жағдайда жер 
қойнауындағы газ бен мұнайдың қоры 30 жыл шамасында, ал көмірдің 
қоры 150–200 жыл ішінде таусылып бітетіні белгілі болды. 
4. Жоғарыда сипатталған мәселелерді шешуде Қазақстан Астанасын-
да «Болашақ энергиясы» тақырыбына ұйымдастырылған халықаралық 
ЕХРО–2017 көрмесі (сурет 3.5) дәуірлік тарихи маңызы бар оқиға болды. 
ЕХРО–2017 көрмесі «Болашақтың энергиясын» жасақтаудың мына  
негізгі 
үш бағытына басымдық беруді көздейді:
• экологиялық таза жаңартылатын энергия көздерін (күн, жел) 
пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру;
•  Жер-ананың  өкпесі  –  жасыл  энергия  көздерін  (ормандар  мен 
өсімдік  түрлерін)  қорғау  және  олардың  энергетикалық  әлеуетін 
үнемдеп пайдаланатын техника мен технологияларға басымдық беру;
•  жаңартылмайтын  қазба  отын  энергия  көздерін  (көмір,  мұнай, 
газ, шымтезек, жанғыш тақтатас) үнемдеп пайдаланатын техника мен 
технологияларға басымдық беру.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях  
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


84
ЕХРО–2017 көрмесі аясында көрсетілген 
бірінші басымдық мына 
дерекке негізделеді: жел энергиясын қоспағанның өзінде жыл сайын 
Жер шарының әрбір текше метріне 1,36 кВт/м
2
 Күн энергиясы түседі. 
Міне, осы әрбір текше метрге түсетін Күн энергиясының тек 0,2 Вт/м
2
 
бөлігін  ғана  игере  алатын  техникалар  мен  технологияларды  жа-
сай  алсақ,  онда  адамзат  қоғамы  энергетика  мәселесін  де,  экология 
мәселесін де түбегейлі шешкен болар еді.
Екінші  және  үшінші  басымдықтар  негізгі  зерттеу  жұмыстарын 
ауаны  ластамайтын,  пайдалы  әрекет  коэффи циенттері  жоғары,  әрі 
энергияны  үнемдеп  пайдаланатын  қозғалтқыштар  мен  қондырғылар 
шығаруға бағыттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   302




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет