Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университі
Орындаған Турдакынова Аружан
Алматы 2023 ж.
В.П.Беспалько білім беру процесіндегі оқыту технологияларға «Педагогикалық технология – білім беру мақсатын практикада тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тәрбиелеу мен оқыту процесінің теориялық негізделген әдістері мен тәсілдерінің жиынтығы» деген анықтама береді.
Сондай-ақ В.П. Беспалько педагогикалық технологияны практикада жүзеге асатын педагогикалық жүйенің жобасы ретінде қарастырады:
● Технология нақты күтілетін нәтижеге кепілдік беретін педагогикалық бағдар мен құндылыққа негізделеді.
●Технология жеке тұлғаның дара, дербес ерекшеліктерін ескеретін мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқан іс-әрекеттер қызметін
көздейді.
Педагогикалық технология – жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына толық мүмкіндік беретін біртұтас педагогикалық процестің барлық дара, инструменталдық және әдістемелік құралдарының қолдану реті мен жиынтығының жүйесі, жобасы.
Ғалым Л.А.Чепляева өзінің зерттеуінде оқыту технологияларын жүзеге асыруда тұлғаның төмендегідей сапалық ерекшеліктерін ұсынады:
●танымдық процестердің жүзеге асу ерекшеліктері: ойлау, зейін, елестету, қабылдау, зерделеу, сөйлесу;
● жеке тұлғаның әлеуметтік типінің ерекшеліктері: жоғары нерв жүйесінің типі, темперамент, мінез, күш-жігер (интеллектілік, адамгершілік,
мәдени, іскерлік
Оқыту технологиясы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық техникадан тұратын жүйе болып табылады.
«Әдістеме» мен «технология» ұғымдарының салыстырмалы сипаттамасы
№
|
Салыстыру
белгілері
|
Әдістеме
|
Технология
|
1
|
Анықтама
|
Ғылыми тұрғыда негізделген іс әрекеттер, оқыту ережелері мен әдістәсілдерінің жиынтығы
|
Оқыту мақсатына жетудегі барлық пайдаланылатын құрал-жабдықтар
жиынтығы, оқытудың бірізді процесін
басқару жобасы
|
2
|
Міндеттер
|
Нақты әдіс-тәсіл, оқыту құралдары мен
ұйымдастыру формаларын ұсынады
|
Оқыту мақсаты мен ұйымдастырылуына сәйкес оқытудың әдістері, құралдары, ұйымдастыру формасының жүйесін ұсынады
|
3
|
Құрылымның
Негізгі факторлары
|
Құрылым процесі мен негіздемесін
технологиядан табады
|
Мақсат, нәтиже, бағдарлылық,
әдістеменің әдіснамалық негізі
|
4
|
Парадигма
|
Білімилік
|
Мәдениеттілік
|
5
|
Бағдар
|
Мұғалімге бағдарланған
|
Оқушыға бағдарланған
|
6
|
Оқыту
динамикасы
|
Оқыту процесін ұйымдастыруға, жүргізуге нақты ұсыныстар береді
|
Болашақ оқыту процесінің жобасын
ұсынады
|
7
|
Зияткерлік
|
Нақты пәндік аспект
|
Мәдени тұрғы
|
8
|
Нәтиже
|
Оқыту процесіне
бағытталады
|
Жеке тұлғаға бағытталады, нәтижеге
100 % кепілдік береді
|
Педагогикалық технологияның ерекшелігін айқындайтын сапалық қасиеттері: диагностикалық болжау; нәтижелігі; тиімділігі; жоспарланушылығы; біртұтастық; басқарушылығы; түзетушілігі; оңтайлығы; қайталанушылығы және т.б. Педагогикалық технологияларды қолдау деңгейіне, философиялық негіздемесіне, ғылыми тұжырымдамасына, құрылымы мен мазмұнына қарай жүйелеуге болады:
Педагогикалық технология
Оқушы іс-әрекетін
белсендіруге негізделген
педагогикалық технология
Оқу материалын дидактикалық-әдістемелік жетілдіруге негізделген педагогикалық технология
Оқыту процесін тиімді ұйымдастыру және басқаруға негізделген педагогикалық технология
Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектеп мұғалімдері өз практикаларында Н.П.Гузиктің ішкі сыныптық саралау технологиясын, В.В.Фирсовтың түпкі нәтижеге негізделген деңгейлік саралау технологиясын, Унт Инге, В.Д.Шадриковтың жекешелеп оқыту технологиясын, Ш.А.Амонашвилидің білім беруді ізгілендіру технологиясын, Н.П.Гузиктің оқытудың кіріктірілген жүйесін пайдаланып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |