=Ғ/Ғ ор .
Бұл қатынас, біріншіден, диэлектрлік өтімділіктің өлшемсіз шама
екенін білдіреді; екіншіден, зарядтардың берілген ортадағы әрекеттесу
күшінің сондай аралықта вакуумдағы әрекеттесу күшінен қанша есе
кем болатынын көрсетеді. Ортаның диэлектрлік өтімділігі эксперимент-
те анықталып, кесте түрінде беріледі. Мысалы, вакуумның (ауаның да)
диэлектрлік өтімділігі бірге тең (ε
= 1),судың диэлектрлік өтімділігі ε
су = 81 т.б.
5. Әрекеттесетін
нүктелік зарядтардағы Кулон күші оларды қосатын түзудің бойында жатады (сурет 4.5, б). Аттас зарядтарға әрекет ететін
күштер зарядтарды ажыратуға тырысады, сөйтіп, олар бір-бірінен
тебіледі. Әраттас зарядтарға әрекет ететін күштер зарядтарды біріктіруге
тырысады, сөйтіп, олар бір-бірін тартады.
Халықаралық бірліктер жүйесінде заряд бірлігіне