99
Келесі жолы қағаз үгінділерін тағы да біркелкі жайып, горизон-
таль бетке екі металл шыбықты параллель орналастырайық. Егер екі
өткізгіштің бірін электрофор машинасының жәрдемімен оң, ал екіншісін
теріс зарядтасақ, мұндай жағдайда да қағаз үгінділері екі өткізгіштің
араларында (сурет 4.6,
б) белгілі бір ретпен орналасады. Өткізгіштердің
орта тұстарында параллель жолақтар, ал шеткі ұштарында реттеле иілген
жолақтар пайда болады.
2. Тәжірибелерден нені көріп сезіндік? Біріншіден, ең бас
тысы,
зарядталған қозғалмайтын денелердің төңірегіндегі қағаз үгінділерінің
белгілі ретпен бағыттала қозғалысқа келгенін көрдік. Ал
қозғалыс –
материяның ақиқат бар екендігін білдіретін ажырамас қасиеті. Біздің
сезім мүшелеріміз материяның тек заттық түрін ғана қабылдай ала-
ды. Мысалы, бірін-бірі тартатын әраттас зарядтарды қатты созылған
резеңкемен немесе серіппемен жалғастырып қойсақ, онда біздің сезім
мүшелеріміз материяның бұл екі заттық түрін қабылдар еді. Сөйтіп,
резеңке де, серіппе де әраттас зарядтарды бір-біріне тартады дер едік.
Алайда бұл арада резеңке де, серіппе де жоқ, тек бағытталған реттелген
қозғалыс бар. Ендеше,
материяның заттық түрінен басқа, біздің сезім
мүшелеріміз тікелей қабылдай алмайтын, оның тағы
бір белгісіз түрі бар деген қорытынды жасай аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: