Өрістің потенциалы деп өріске енгізілген оң бірлік зарядтың потенциалдық энергиясын айтады:
φ= W q . Формуладан көрініп тұрғандай,
потенциал өрістің энергетикалық сипаттамасы болып табылады. W 1
q – W 2
q түріндегі қатынастар айырымын өрістің 1 және 2-нүк- телері арасындағы потенциалдар айырымы немесе кернеу деп атайды. Электр өрісінің екі нүктесі арасындағы (су-
рет 4.9) потенциалдар айырымын
U = ∆
φ немесе ∆
φ = φ
1 – φ
2 таңбаларымен белгілейді. Өрістің потенциалдар айырымы деп бірлік зарядқа келетін өрістің потенциалдық энер- гиясының өзгерісін айтады: А q = φ 1 – φ 2 . Халықаралық бірліктер жүйесінде потенциалдар айырымы
вольтпен (В) өлшенеді:
1 вольт = 1 джоуль/1 кулон; 1 В = 1 Дж/1 Кл. Жоғарыдағы белгілеулерді пайдаланып, соңғы өрнекті мына түрде
жаза аламыз:
U = φ 1 –