7.Электр өрістерінің суперпозиция принципі деп нені айтады?
1. Зарядтары q және –q болатын екі
нүктелік заряд бір-бірінен
r арақа-
шықтықта орналасқан. Оларды қосатын түзудің тең ортасында
орналасқан нүктедегі екі зарядтың туғызған электр өрісінің кернеулігін
сызып көрсетіңдер және жалпы түрде есептеп шығарыңдар.
2. Вакуумда орналасқан –2,7 · 10
–6
кулон нүктелік заряд берілген. Осы
зарядтың 1 см арақашықтықта туғызған электр өрісінің кернеулігін
анықтаңдар. Зарядтың өрісін суретке салып, кернеулік векторының ор-
наласуын (басталу нүктесін және бағытын) көрсетіңдер.
3. Нүктелік заряд 3 см арақашықтықта кернеулігі 4 · 10
6
Н/Кл электр
өрісін туғызады. Оның зарядының шамасы қандай? Зарядтың өрісін су-
ретке салып, кернеулік векторының орналасуын (басталу нүктесін және
бағытын) көрсетіңдер.
4. Оқшауланған нүктелік зарядтың 1 м арақашықтықтағы өрісінің кер-
неулігі 32 Н/Кл. Осы өрістің зарядтан 8 м арақашықтықтағы кернеулі-
гін анықтаңдар.