126
токтың күшін өзгерту үшін тиекті жайлап солға немесе оңға жылжы-
тады.
3. Электр тізбегінің бөлігіндегі ток күшінің
(I), кернеудің (U) және электр кедергісінің (R)
арасындағы байланысты алғаш рет неміс физигі
Георг Ом анықтады. Бұл байланыс электр
тізбегінің бөлігі үшін
Ом заңы деп аталады. Осы
заңды тәжірибеде анықтау үшін
ток көзінен, ам-
перметрден, резистордан, вольтметрден, реос-
таттан және
ажыратушы кілттен тұратын
электр тізбегін құрайық (сурет 5.13).
Тәжірибенің 1-кезеңінде өткізгіштің (резис-
тордың) кедергісін өзгертпей (R
= const), ток күші
мен кернеудің байланысын зерттейік. Ол үшін кілтті қосып, тізбектегі
токтың күшін реостаттың жәрдемімен өзгерте отырып, вольтметрмен
резистордың ұшындағы U
кернеуді және амперметрмен тізбектегі I ток-
тың күшін жазып алып отырайық.
Тұрақты жүктемеде және температурада (R
= const; Т
= const) өлшен-
ген әртүрлі ток күшінің (I
1
, I
2
, I
3
т.с.с.) шамаларын кернеудің сәйкес
(U
1
, U
2
, U
3
т.с.с.) шамаларымен салыс тыратын болсақ, олардың арасында
тура пропорционалдық байланыстың бар екенін аңғарамыз. Яғни кернеу
өссе, ток күші де өседі, ал кернеу кемісе, ток күші де кемиді:
Достарыңызбен бөлісу: