r–меншікті кедергісін, l –
ұзындығын және
S– көлденең қимасының ауданын өлшеуге қарағанда,
оның бойынан өтетін токтың I күшін және ұштарындағы U кернеуді
өлшеу өте ыңғайлы. Сондықтан практикада өткізгіштің кедергісін Ом
заңы бо йынша
R = U I формуласымен анықтайды.
Халықаралық бірліктер жүйесінде кедергінің өлшем бірлігіне туын-
ды бірлік – ом (Ом) алынған:
1 Ом = 1 вольт/1 ампер (1 Ом = 1 В/1 А). 1. Резисторлар мен реостаттар қандай аспаптар, қайда қолданылады?
2. Ом заңы электр тізбегіндегі қандай шамалардың арасын дағы байла-
нысты анықтайды? Бұл байланыстар қандай формуламен өрнектеледі
және қалай тұжырымдалады?
3. Ом заңы қандай тәжірибелер негізінде ашылған және тәжірибе нәтиже-
лері графикте қалай бейнеленеді?
4. Ом заңы бойынша өткізгіштің кедергісі қалай анықталады және қандай
бірлікпен өлшенеді? Өткізгіштің кедергісі қандай шамаларға тәуелді
өзгереді?
1. 220 В-тік жанып тұрған шамнан өткен ток күші 0,5 А. Шам қылының
кедергісін табыңдар.
2. Электр плитасы 220 В кернеуге арналған. Оның спиралінің кедергісі
75 Ом. Ток күшін табыңдар.
3. Ұзындығы 5 м, қимасының ауданы 0,12 мм
2
никелин өткізгішінен
24 В кернеуде өтетін токтың күші 1,5 А. Никелиннің меншікті кедергісін
табыңдар.
4. 120 В кернеуге, 5 А ток күшіне есептелген электржылытқышының
спиралін қимасы 0,3 мм
2
болатын манганин өткізгішінен жасаған. Осы
өткізгіштің ұзындығын табыңдар.