§25. ӨТКІЗГІШТЕРДІ ТІЗБЕКТЕП ЖӘНЕ ПАРАЛЛЕЛЬ ЖАЛҒАУ 1. Тұйықталған электр тізбегі екі бөліктентұрады дедік (§22). Ток
көзі тізбектің
ішкі бөлігін құрайды, ал оның қысқаштарына жалғанған
электр энергиясын пайдаланатын барлық тұтынушы аспаптар мен
жабдықтар (қысқаша
жүктемелер) тізбектің сыртқы бөлігін құрайды.
Жүктемелер мен қосалқы жабдықтардың барлығы да электр тізбегіне
екі түрлі тәсілмен жалғанады. Олардың біреуін
тізбектеп жалғау,
екіншісін
параллель жалғау деп атайды. Төменде осы жалғаулардың
тәжірибеде анықталған ерекше қасиеттерін сипаттаймыз.
2. Өткізгіштерді тізбектеп жалғаудеп резисторларды (жүк- темелерді) тармақтамай, бірін екіншісіне, екіншісін үшіншісіне т.б. тіркестіре жалғауды айтады (сурет 5.16). Өткізгіштерді тізбектеп жалғау төменде көрсетілген заңдылық
қасиеттерімен сипатталады.
Біріншіден, өткізгіштерді тізбектеп жалғағанда олардың бойларынан
өтетін токтың күші өзгермейді (сурет 5.16):