§27. №7 зертханалық жұмыс Электр тогының жұмысы мен қуатын өлшеу Жұмыстың мақсаты: амперметр мен вольтметрді және сағатты пайдала-
нып, электр тогының жұмысы мен қуатын анықтауды үйрену.
Аспаптар мен жабдықтар: зертханалық амперметр мен вольт метр,
жалғастырушы сымдар, ток көзі, тізбекті тұйықтайтын кілт, электр шамы (ре-
зистор), секундомер (сағат).
1-тапсырма. Амперметр мен вольтметрдің шкала-
ларын қарап, олардың бөліктерінің құнын анықтап
алыңдар.
2-тапсырма. Сурет 5.22 бойынша электр тізбегін құ-
рып, кілтпен тұйықтаңдар да, сағатпен уақытын белгі-
леңдер.
3-тапсырма. Амперметр мен вольтметрдің көрсету-
лері бойынша шамдағы токтың қуатын
P = IUформула-
сын пайдаланып, есептеп шығарыңдар.
4-тапсырма. P = A/tформуласын пайдаланып, шамдағы токтың жұмысын
есептеп шығарыңдар (
t –шамның жанған уақыты).
5-тапсырма. Өлшеулер мен есептеулердің нәтижелерін төмендегі кестеге
түсіріп жазыңдар: