132
2. Жаңа жыл шыршасының гирляндасы әрқайсысының кедергісі 52 Ом,
кернеуі 13 В-қа есептелген 20 шамнан құралған. Егер гирлянда кернеуі
220 В электр желісіне қосылған болса, оның кедергісі мен өтетін ток
күші қандай болады?
3. 4 В кернеуге және 0,3 А ток күшіне арналған қалта шамын 220 В жарық
беретін желідегі кедергісі 1100 Ом болатын электр шамына тізбектеп
жалғауға бола ма?
4. Кернеуі 220 В электр желісіне әрқайсысының кедергісі 1100 Ом болатын
6 шамнан тұратын аспашам қосылған. Бұл шамдар қалай жалғанған:
тізбектеп пе, параллель ме? Шамдар параллель қосылған болса, желідегі
токтың күші қандай болады?
5. Әрқайсысының кедергісі 440 Ом болатын 10 шам тармақталып парал-
лель қосылған. Тармақтардың жалпы кедергісін табыңдар.
Теориялық талдауларға сүйеніп, төмендегі тапсырмаларды жазбаша
түрде орындаңдар:
1. Резисторларды тізбектеп жалғағанда тізбектің әр бөлігінен өтетін ток-
тың күші өзгермейтіндігін зарядтардың сақталу заңына негіздеп дәлел-
деңдер.
2. Кернеудің анықтамасын пайдаланып, оған қоса зарядты бүкіл тізбек
бойымен қозғау үшін жасалған жұмыс оның әр бөлігінде жасалған
жұмыстардың қосындысынан тұратынын ескеріп, резисторларды тізбек-
теп жалғағанда электр желісіндегі жалпы кернеу оның жеке бөлік-
теріндегі кернеулердің қосындысынан тұратынын дәлелдеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: