§7. 7. Ауаға шығарылатын зиянды заттарды азайту үшін халықаралық дең-
гейде қандай шаралар жасалды? Қазақстанда қандай жұмыстар атқа-
рылып жатыр?
Оқулықтағы және басқа да ақпарат деректерін талдай отырып, төмен-
дегі есептеулерді жүргізіңдер:
– Қазақстанның бір адамға тоннамен шаққандағы ауаға шығаратын
көмірқышқыл газын есептеңдер;
– Қазақстанның, АҚШ пен Қытайдың бір жылда ауаға шығаратын
көмірқышқыл газын залалсыздандыру үшін әр елдің өз аумақтарында
қанша алқапқа ағаш егу керектігін анықтаңдар;
– теориялық есептеулер бойынша егілуге тиісті ағаш алқаптары осы
елдердің территорияларының қандай бөлігін қамтыр еді?