34
Екіншіден, бір литр суға қарағанда бес литр суды қайнатуға көп
жылу шығындалады. Олай болса, затқа берілетін немесе одан алынатын
Q жылудың мөлшері сол заттың
m массасына да тәуелді өзгереді:
Q ~ m.
Үшіншіден, затқа берілетін немесе одан алынатын
Q жылудың
мөлшері сол заттың
тегіне байланысты өзгереді. Мысалы, массалары тең
мыс және қорғасын сымдарын бірдей температураға дейін қыздырғанда
немесе суытқанда олар әртүрлі мөлшерде жылу қабылдайтынын неме-
се бөліп шығаратынын тәжірибелер дәлелдейді. Мыс пен қорғасынның
т массалары мен
t температураларының бірдей болуына қарамастан,
олар жылуды әртүрлі мөлшерде жұтып та, шығарып та отыр. Ендеше,
затқа берілетін немесе одан алынатын
Q жылудың мөлшері сол заттың
тегіне де байланысты өзгереді деген қорытындыға келеміз. Заттың
тегін сипаттайтын физикалық шаманы
«с» әрпімен белгілеп,
меншікті
жылусыйымдылық деп атау келісілген. Олай болса, жылу мөлшерінің
заттың тегіне байланысын төмендегіше өрнектей аламыз:
Q ~ с.
Эксперимент нәтижелеріне сүйеніп, мынадай қорытындыға келеміз:
Достарыңызбен бөлісу: