Сыртқы ортамен жылу алмаспайтын тұйық жүйеде денелердің толық энергиясы сақталады. Бұл заңды басқаша былай айтады:
Сыртқы ортамен жылу алмас- пайтын тұйық жүйеде денелердің толық энергиясы механикалық энергия мен ішкі энергияның қосындысынан тұрады және бұл қосынды сақталады: Е = Е м + U = сonst. 5. Денелер жүйесінің толық энергиясы қандай жағдайда сақталаты-
нын көрсетейік. Біз жоғарыда (§8) ішкі энергияны өзгертудің екі тәсіліне
тоқталған едік. Олардың бірі –
жұмыс жасау, екіншісі – жылу алмасу болатын. Энергияны өзгертудің мұндай қасиеттері толық энергияға да
тарайды. Сөйтіп,
тұйық жүйедегі денелердің толық энергиясы сақталуы
үшін екі шарт орындалуы қажет:
біріншіден, сыртқы күштердің жұмысы нөлге теңелуі керек (А сырт = 0), яғни жүйе толығымен тұйықталуға тиіс; екіншіден, қарастырылып отырған жүйе өзін қоршаған ортамен жылу алмаспауы қажет (Q сырт = 0).