2. Нақты жағдайда сыртқы ортамен әрекеттеспейтін тұйықталған де-
нелер жүйесін жасай алмаймыз. Оның үстіне тұйық жүйедегі денелер
арасында әртүрлі үйкеліс күштері әрекет етеді де, олардың температура-
лары жоғарылай бас тайды. Мұндай жағдайда механикалық энергияның
сақталу заңы орындалмайды:
Е м = Е к + Е п ≠ сonst. 3. Механикалық энергияның сақталмауы оның түгел жоғалып
кеткенін білдірмейді. «Сонда ол қайда кетеді?» деген сұрақ туындай-
ды. Бұл сұрақтың дұрыс жауабын табу үшін қозғалыс түрлерін ажы-
рата білуіміз керек.
Физикада қозғалыстарды
макроскопиялық денелердің механика-