А = Fl. Газдың қысымы тұрақты (
р = const)болғандықтан, поршеньге әрекет
ететін күш мына формула бойынша табылады:
F = pS,мұндағы S–
поршеннің ауданы. Ендеше, газдың істеген жұмысы:
А = pSl, мұндағы
Sl – ұлғайған көлем өсімшесі.
Газдың бастапқы және соңғы көлемдерін
V 1 және
V 2 деп белгілеп,
төмендегі түрлендіруді аламыз:
Sl = V 2 – V 1 = ∆V.
Сөйтіп, газдың істеген жұмысы мына формуламен анықталады:
А = p(V 2 – V 1 ) = p∆V. Бұл формула
тұрақты қысымда (р = const)өтетінизобаралық деп атала-
тын
процесті сипаттайды.
Сонымен, газдың істеген жұмысы былайша тұжырымдалады:
Газдың тұрақты қысымда температурасы өсіп, көлемі изобаралық ұлғайғанда сыртқы күштерге қарсы істейтін жұмысы оның көлемінің өсімшесі мен қысымының көбейтіндісіне тең: А = p∆V. 5. Изобаралық процестегі газдың жұмысын график түрінде көрсетейік
(сурет 3.1,
ә). Суреттегі изобаралық процесс (р = const) АВ кесіндісімен
бейнеленеді. Газдың көлемі
V В – V А =
∆Vшамасына өзгереді. Газдың
атқарған
А = p∆V жұмысы сары түспен боялған биіктігі ОР, табанының
ұзындығы ∆
V болатын тік төртбұрыштың ауданына тең болады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217