Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет166/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

т, м, ы; төртіншіде –  қ, у; бесіншіде: – р, т; алтыншыда – ы, 
е; жетіншіде – д, і; сегізіншіде – к, ə; тоғызыншыда – ө, ү; 
оныншыда – г, ң; онбіріншіде – й, ғ; он екіншіде – ый, ій, 
з; он үшіншіде – ж, в; он төртіншіде – ұу, үу, ш; он бесінші-
де – п, һ əріптері үйретілсін. 
Күніне 3 əріптен 4 əріптен үйретсе осы тəртіпті қолданып 
отырыу керек. Сонда əліппені үйретіу тəртібі  оңнан солға 


426
427
қарай санағанда, соңғы боп шығады: а, б, л, о, н, ы, м, у, қ, 
р, т, е, с, і, д,ə, к, ө, ү, г, ң, й, ғ, з, ж, у, ш, п, һ.
Əр бір əріпті көрсеткенде орысша жаза білетін адамдарға 
ол жаңа əріпті сондай орыс əрпімен салыстырып,  орыс əрпі 
мен шатастырмау жағы ескертілсін. Орысша білмейтін адам-
дарды оқытқанда жаңа əріптің  неге ұқсас екендігі сұралып, 
жадына қону жағы көзделсін.
Орысша  білмейтін  адамдарды  күндегісін-күнде  жазуы 
мен оқуына бірдей төселдіріп отырыу керек.
Он шақты əріпті үйреткен соң не құрлым түрлі сөздер, түрлі 
сөйлемдер құрап, жазып, оқытып көрсетіп, оқыушылардың 
өзіне де тыңнан сөйлем жасаттыра беріу керек. 
Тұтас  сөз  əдісімен  оқыту  жобасы  «Еңбекші  қазақ»-тың 
41 – 55 (1929 жылғы пебырал-март айындағы) сандарында, 
«Жаңа мектеп» журналының сандарында бар. 
Жазу үйреткенде баспасөздерге қарап, жазба қылып кө-
шіртпей, мұғалым тақтайға жазбасын жазып қойып, көшіртіп 
дағдыландыру керек. 
Алғашқы  кезде  тез  жазуын  үйренсе  де,  тез  судыратып 
оқып кете алмайды. Сондықтан баспа, жазба сөздерді көбірек 
оқытып, дағдыландыру керек.
Орысша жазуға шорқақ адамдар əріптің бірін үлкен, бірін 
кіші  ғып,  қийқы-жыйқы  жазып  жаман  үйренбеске,  арасы 
жақын екі жолды дəптерге жаздырып жүріп, төселген кезде 
бір жолды дəптерге жаздырыу керек.
Емле түзетүу
Қазақ  тілінде  жіңішке  сөздердің  алдына  дəйекші 
қойылатын еді. Сөздің ішінде «к», «г», «е» дыбыстары болса 
сөз  жіңішке  естілсе  де  дəйекші  қойылмайтын  еді.  Өйткені 
(к, г, ə) дыбыстары дəйім жіңішке айтылатындықтан, тұтас 
сөзді де жіңішкертуші еді. 
Енді  дəйекші  жоғалып  оның  орнына  жіңішкертіу  үшін 
жаңадан, 4 əріп  (а,  ү,  ө,  і)  алынып  отыр.  Сондықтан  енді 
жіңішке сөздің ішіндегі барлық  дауысты дыбыстар жіңішке 
(ə, ө, ү, і) болуы керек.
Мысалы – өгей  білдім,  үркті,  керелік  сыйақты  жуан, 
жіңішке сөздердің айырмасын жақсы білдіру үшін жіңішке 
дауыстыларды үйрете бастаған жерде бір түсті жуан, жіңішке 
айтылатын екі сөзді салыстырып дағдыландыру керек: мыса-
лы: əлді – алды, өз – оз, түрлеу – тұрлау сыйақты сөздерді. 
Кей бір «білімпаз» – «жемқор» сыйақты жарымы жіңіш-
ке,  жарымы  жуан  естілетін  сөздерді  естілуіне  қарай  жуан 
жіңішке  дауыстыларын  аралас  жазыу  керек  екенін  де 
білдірсін, мысалы: жемқор, білімпаз.
Көбірек көңіл бөлетін жұмыс; жуан жіңішке естіліп жа-
зылатын ұзын «ый» – «ій» – ұзын – «ұу», «үу» – «іу» – «үу»  
лер  əсіресе  «ұу»  дың  төрт  түрлі  жазылуы  қиынырақ  (бұл 
емленің кемдігі) əйтсе де бұларды үйренбей болмайды. 
Ескі  арап  əрпі  мен  емлені  дұрыс  білмейтін  адамдарды 
жазыудың  негізгі  ережелері  мен  таныстырып,  көбінесе  іс 
жүзінде  есіне салып отырыу керек болады.
Сабақ соңындағы кеңесу
1.Жаңа əліппе меселесінің қозғалу (тариқы) жаңа əліппе-
нің мəдениет жүзіндегі маңызы (1 сағат)
2. Қазақстанда жаңа əліппе қозғалысы латыншылар мен 
арапшылардың айтысы; ерсілі қарсылы дəлелдері (2 сағат)
3. Бүкіл түрік жұрттары жаңа əліппені қабыл алуы.
Қазақстанның  жаңа  жұртшылығы  жаңа  əліппені  жақта-
ғаны, арапшылардың қатыспауы. Жаңа əліппешілер кəнпе-
ренсесі одақтық кіндік жаңа əліппе кəмитетінің үшінші пле-
німі жаңа əліппе үкімет тарапынан мемелекет əліппесі боп 
танылуы; 2 жылдың ішінде жаңа əліппеге көшудің керектігі. 
Бұл жұмысқа керек күш көмектер, жаңа əліппені іске асыру 
жоспары (3 сағат)
Бұған керекті материалдар:
1. «Жаңа əліппе айтысы»
2. «Жаңа əліппе жолында»
3. «Жаңа əліппе туралы»


428
429
4. «Көрістерге жетекші»
5. «Өкірік жаңа əліппе кəмитеттеріндегі материалдар.
Жаңа əліп орталық кəмитеті


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет