Байланысты: zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte
ҚЫСҚА КӨРІСТЕРДЕ, САУАТ АШЫУ МЕКТЕПТЕРІНДЕ ЖАҢА ƏЛІП ПЫРҒЫРАМЫ (білім кеңесі ұнатқан) Көрістің (ликбездің) мақсаты: 1.Қызметкерлерге (1оқушыларға) жаңа əліппенің мəде-
ниет жүзіндегі маңызын түсіндіріу.
2. Жаңа əліппемен хат таныту.
3. Жаңа əліппенің тезірек іске асуына жəрдемші болғандай,
белсенді жаңа əліппешіл ғып шығарыу (10 – 20 сағат).
Қат таныту жұмысы Мұнда көбінесе қат танымайтын əдіс жағын айту керек
болады. Жаңа əліппе мен қатты оңай таныту үшін əріптерін
аз-аздан көрсетіп үйретіу керек.
Орысша да, қазақша да сауатты адамдарға күніне 3 – 4
əріп үйретуге болады. Қазақша ғана сауаты бар, орысша жаза
білмейтін адамдарға күніне екі əріптен артық үйретіу, оқыу-
жазуына төселту қийын болады. Сонда орысша-қазақшаға
бірдеу сауатты адам 10 сабақта қат таныйды. Қазақшаға
сауатты адамға 15 – 20 сабақ, жазаласа одан да артық уақыт
керек. Өйткені олаға көбінесе жаңа əліппенің жазуы қиын
соғады.
Оқытушы қат танытқанда мейлі тұтас сөз əдісін, мейлі
дыбыс əдісін қолдансын; қалайда əріптерді соңғы тəртіп пен
жағалап үйреткені дұрыс.
Бірінші сабақта – а, б, л; екіншіде – н, о; үшінші сабақта –