448
449
Сөзге үйрету
Алғашқы сабақтан бастап ақ. Əңгімеден қорытып ұйым-
дасқан түрде шығарған сөйлеуді жаздыртамыз.
Көбінесе сөйлем шығарарда 5 – 6 бала ғана қатысып, өз-
гелері сөз, сөйлем құрасуға кіріспей, даяр сөйлемге ие бо-
лады. Сондықтан, əліп-биде жүргенде сөз үйренуге ынта-
сын аудару үшін жеңіл сұраулы анкетке жауап қайыртып,
əдеттендіреді. Əліп-биді өткеннен кейін сұрауға жауап қа-
йыртып, əдеттендіру көбірек ұсталады.
Қаріпті түгел біліп, əліп-би өтелмеген кезде, оқушыларда
сөз қоры аз. Əліп-биі өтілген соң бұл кемшіліктен құтыламыз.
Өйткені, қандай сөз болсын оқушылар жазалатын болады.
Алғашқы уақытта шамасы оңай келетін жеңіл сұраулар қо-
йылады. Бұдан кейін мазмұны қысқа болсада, сөзді көбірек
тілейтін қиын сұраулар қойылады.
Осы тəртіп пен дұрыс сөйлем құраттырып сөзге үйретеміз.
Өздігінен жазып үйренудің əуелгі кезі
1. Анкет (сұраққа жауап қайыртып жазғызу)
2. Өтініш (ұйымдасқан түрде шығарған жалпы жөні) қат.
3. Пыртокол. Əуелгі кезде пыртоколдың дəл өзі болмаса-
да, шығарған қаулыны жазып үйренеді.
4. Қат. Көбінесе оқушылардың жазған қаттарының сөзі
байланыссыз, мазмұны жеткіліксіз болады; сондықтан жал-
пы бірігіп, оқушылардың ұнатқан сұраулары алынып, жаса-
ған жоспар бойынша жазады.
5. Қабырға газеті (алғашқы кезде бір нешеулерінің белсен-
ділігі мен шықсада, кейіннен көпшілік кірісіп ат салысуға
жарап кетеді).
6. Жергілікті газетке сөз беру (мəселен, қабар дейік).
7. Кітаптан пайдалану. Кітаптан пайдалану үшін, не оқы-
ғаны туралы қысқаша жазып отырсын. Жазғанда кітаптың
атын жазушысын, к) қысқаша мазмұны, д) кітапқа баға беру,
өзінше қорытынды шығару жағын ұсынасың. Тегінде мұн-
дай жұмыстарды үйде істетеді.
Үйге жұмыс тапсырудың жөні
Алғашқы сабақтарда, дыбыстар мен танысқанша, үйге
жұмыс берілмесін, өйткені, алғашқы кезде дыбыс пен таны-
стырып алмасаң, кейін сазайын тартасың. Бөгеліске ұшы-
рауың мүмкін. Кіласта жазғанын үйінде тағы жазсын. Түбін-
де олардың жақсы ұққаны керек.
Əліп-биді өткеннен кейін бала сүйген кітабынан көшіріп
жазуға ерікті. Бірақ ұғып көшірсін. Сөйлеуді жазбай тұрып,
əр бір сөзді буынға айырып жазғанын дұрыстай алсын.
Жазып алған мазмұнынан басқада, өздерінше қорытынды
шығарып жұмысын толықтырсын. Мақаланы алдындағы
өмірдегі тақырыптан алу керек.
Мұрат-бек
Достарыңызбен бөлісу: