Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет173/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   248
Байланысты:
zhubaeva o khkh gasyr basyndagy kazak tili zhonindegi zertte

ТƏЖІРИБЕ САБАҚТАРЫ
(Бұл тəжіриба Тəшкендегі қазақтың үлгі мектебінде, жə-
не 1925 жылғы Қызылжардағы мұғалім күрсінде істелген).
1-жыл, алғашқы жеті
(Мұғалімнің балалармен танысып, мектеп, оқу сайман-
дары мен таныстыруы).
І күн
Алды мен балалардың сыртқы киімін шешкізу бөркін ал-
дырып  отырғызу.  Киімдерін  қоятын  жерді  көрсету.  Аяқта-
рын қарау, сүрткізу. Партаға дұрыстап отырғызу; кіластағы 
орындарын  белгілеу.  Балалардың,  əкелерінің  аттарын 
сұрап жазып алу, отырған балалардың атын атап жеке-жеке 
денесінің  киімдерінің  тазалығын  байқау.  Үйлерінде  неше 
адам бар, балалардың үйлерінде өздерінен жасы үлкен, кіші 
адамдар қанша екендігін білу.


450
451
–  Үйлеріңде  ауру  адам  барма?  Не  ауыру?  Мұнда  не 
істеуге келдіңдер? Сендерді кім жіберді? Бұл үйдің аты не? 
Бұл мектептің атын білесіңдерме? Үйлеріңде жоқ нəрселер 
мұнда барма? үйлеріңнің ішінде тұратын нəрселердің атта-
рын  атаңдаршы!  Бұл  бөлменің  ішінде  не  нəрселерді  көріп 
отырсыңдар? Н. сені осы көріп тұрған нəрселеріңнің бəрін 
атап шықшы!…
Сендер үйде қандай нəрсеге отырасыңдар? Бұл бөлмеде 
нендей  нəрседе  отырсыңдар?  Отырған  нəрселеріңнің  аты 
не? Парта неге керек? Байқап қараңдаршы! Парта алдында 
несі  бар?  оған  не  қояды?  Алдарыңдағы  қақбақ  ашылама? 
қақпақты балалар тұрғанда қайтеді? Отырғанда не қылады? 
қане тұрып, отырып байқап қараңдаршы! қақпақтың үстінде 
несі бар? ол неге керек? Партаның қақпағын ашып аяқтарың 
астына  қараңдар,  не  көрдіңдер?  Ол  неге  керек?  Партаның 
артында  не  бар?  Арқа  сүйеп  отырған  көлденең  ағаш…  ол 
неге  керек?  Парта  отырудан  басқа  тағы  неге  керек?  Енді 
партаның біз білмеген жері қалды ма? Керек нəрсеме екен!? 
Бұларды бүлдіруге сызуға болады ма?
Мынау не? Борды көріп-пе едіңдер? Борды неге жағады? 
(тері илейді, үй ағартады…) мына қара тақтаны бормен сы-
зып көрші (сен) бормен тақтаға сызғанда қандай із түседі? 
Тақтаны қара мен неге бояды екен?! Бұл қара тақта неге ке-
рек? Бізге бор неге керек екен?
Мына шүперек пен (сен) тақтадағы сызықты сүрт! Шүбе-
рек неге керек екен? Енді шүперекті сулап сүртіп қараңдар! 
Сулап сүртпесе, қайтеді? Кеудеге шаң кірсе кісі не қылады? 
Шаңның  кісіге  пайдасы  барма?  Осы  отырған  бөлмені  не 
дейді? Кіластың ішінде тағы не көрінеді. 
(Əлгілерді бірнеше балаға қайтарып айтқызып керек).
ІІ күн
Алдыңғы сабақ жалғасы. Елдің жазғы тұрмысы
Қараңдаршы,  кіласта  неше  есік  бар?  Жар  (кереге)  бар? 
қай жары ұзын? Жардың ұзындығын қалай білеміз? Не мен 
өлшейміз, аттап өлшесек…? Н. сен. Кіластың есігінен төріне 
шейін  аттап  көрші,  ұзындығы  неше  адым  болар  екен?… 
неше адым болды? Енді сен атта! (адымдарында айырықша 
болу керек) неше адым болды?… мен аттайын, нешеу бол-
ды?  Неге  əр  түрлі  болды?  Бəріміздің  адымдарымыз  бірдей 
болып  шықты  ма?  Барлық  адам  адымы  бірдей  ме?  Бұдан 
басқа белгілі өлшеу жоқ па?
Үйлерің кездеме əкеле ме; кездемені саудагер немен өл-
шеп сатады? Бəрің де білесіңдер-ғой! Кіластың ішін кезбен 
өлшесек, қайтеді? Сен ұзындығын кезбен өлшеп көр! Енін 
өлшеп көр! Тағы біреуің өлшеп көр! Кіластың ұзыны неше 
кез  болды?  Ені  неше  кез  болды?  Терезенің  кең,  тарлығын 
немен  өлшейміз?  Аттап  өлшеуге  болама? (кезді  балаларға 
көрсетіп, мектептің ішін өлшетеді. Белгі салдырады).
Үйдің  жарығы  жақсы  ма,  қараңғы  болғаны  жақсы  ма? 
Неге? Үйдің биіктігін де кезбен өлшейміз бе? Кезден үлкен 
өлшеу бар ма?
Сендер егін басына барып көрдіңдерме, егін салатын жер-
ді немен өлшейді?
– Сажынмен..
Мына сажынды кезбен өлшеңдерші!  Кезден үлкен бе, кі-
ші ме? Неше кез бір сажын болады?
Сіздің үй қанша егін салды? Егінді қай уақытта салады; 
сендер егін салған уақытта бірге болдыңдар ма? Жерді не-
мен  жыртады?  Егін  саймандарының  аттарын  білесіңдерме, 
атаңдаршы! Биыл үйлерің қандай егін екті?
Егіннен кейін ауыл қандай жұмыс істейді, атаңдар!
Шөпті  немен  шабады?  Сенің  ағаң  немен  шапты?  Шал-
ғыдан  басқа  немен  шабады?  Орыстар  шөпті  немен  шаба-
ды? Сендер пышеншіге не көмек бердіңдер! Шошақ (отау, 
кебен) көпенеден (шөмеледен) үлкен бе, кіші ме? Сіздің үй 
неше кебен үйді? Неше шөмеле шапқанын үйлеріңнен сұрап 
келіңдер!
(Енді мұғалім балаларды мектептің сырты, орамы мен та-
ныстыруы керек. Күн сайын алдыңғы күнгідей балалардың 
киіміне, тазалығына зер салып отыру керек).


452
453
ІІІ күн
Балалардың өзі, ата-анасы туралы білім алу, саулықтарын 
зерттеу,  оқу  құралдарын  қалайша  қолдану  жолын  түсіндіру. 
Балалардың жазғы ойыны. Күн райына қарап кəлендер жасау.
Балаларды жеке бөлмеде шешіндірп денесін, тісін, құла-
ғын зерттеп қарау. Бұрын ауырды ма, жоқ па? қашан, қандай 
аурумен ауырды? үйлеріңде ауыру кісі барма?
Балалар туралы сұрау арқылы жалпы білім алу:
1. Өзінің, əкесінің аты?
2. Қыз ба, ұл ма?
3. Нешеде?
4. Қай ұлттан?
5. Бұрын оқыған ба?
6. Ата-анасы бар ма?
7. Кімнің қолында тұрды?
8. Жас əскер ұйымдарында бар ма?
Ата-анасы туралы білім
1. Ата-анасының кесібі не?
2. Мал бағушы, жұмыскер, қызметкер, батырақ па?
3. Қай жерде жұмыс қылады?
4. Ауқаты қалай?
5. Үй ішінің жаны қанша?
(Балаларға дəптер, қарындаш үлестіру. Бұларды қолдану 
ретін түсіндіру: ұстай білу. Керексіз жазып, кір жұқтырып, 
жыртып,  уқалап  ұстамау.  Сұрау  арқылы  балаларға  оқу 
құралдарын қолдану тəртібін ұғындыру).
Жаз қандай ойын ойнап жүрдіңдер? қандай ойынның атта-
рын білесіңдер? Білген ойындарыңның аттарын атаңдар. Бұ-
дан басқа білетін ойындарың барма? қандай ойынды жақсы 
көресіңдер?  Жаз  ойнайтын  ойындардың  аттарын  атаңдар! 
Жаз сырғанақ болама? Сырғанақ қай уақытта болады? Немен 
сырғанайды? қыс ойнайтын ойындардың аттарын атаңдар!
Қыс  отыр-шөпті  жұрт  немен  тасиды?  Жазғытұры  жұрт 
отын-шөп тасима? Неге? Отынды қыс көп жаға ма, жаз көп 
жаға ма? Неге қыс көп жағады? қыс от жағылмаған үйлерде 
кісі тұра алама?
(Балаларды тыныс уақытында далаға шығарып күн райы-
на қарап кəлендер жасауға үйрету).
Бүгін біз күн райын байқайық. Мына қабырғадағы жап-
сырылған  қағазға  (айдың  күн  есебі  жазылған  қағаз)  күн 
райының  түрін  байқап,  күн  сайын  белгі  салып  отырайық. 
Белгілер
жаңбыр 
 
 
 
 
=
қар   
 
 
 
 
=
бұршақ 
 
 
 
 
=
қиыршақ 
 
 
 
 
=
қиыршақ қар 
 
 
 
=
шық  
 
 
 
 
=
қырау 
 
 
 
 
=
мұздақ 
 
 
 
 
=
қылау 
 
 
 
 

шұңғы боп қатқан мұз 
 
 
=
жалпақ тұман 
 
 
 
=
жер бетіндегі тұман 
 
 
=
құрғақ тұман 
 
 
 
=
дауыл-найзағай (жақындағы)   =
алыстағы дауыл (алыстағы найзағай) =
көк жиекте алыстағы күн жарқылы. =
Кемпір қосақ 
 
 
 
=
Күн құлақтануы 
 
 
 
=
Ай құлақтануы 
 
 
 
=
Күн екі жағынан баған 
 
 
=
Күнді айнала құрсаған құлақ 
 
=
Айды айнала құрсаған құлақ 
 
=
Арқаның жарқылы   
 
 
=
қатты жел   
 
 
 
=
боран 
 
 
 
 
=
жер бетіндегі қыр   
 
 
=
Төменде  көрсеткен  түрде  айлық  кəлендер  жасап  отыру 
(бұл  белгілерді  біртіндеп  күннің  райына  қарай  салдырып 
отыру керек. Бəрін бірден үйретпеу керек).


454
455
VІ күн
Сөйлемді сөзге бөлдіру, есепке кірістіру. Жабайы есепке қа-
тынасы  бар  сызықтар: (тырнауыш,  тарақ,  айыр,  қол  сала-
сы).
Үй  өлшеулері,  көз  ишарасы – таяқ  «а»(неше  кез  болса, 
сонша таяқ – «а»)
Бірлік белгілері: таяқ – «а», тас, есеп шот тасы.
Қолдан есеп шот жасау.
Екі үш сөзден құралған сөйлемдерді айырту.
Қабықтан,  қағаздан  қиып  жанды,  жансыз  заттардың  пі-
шінін жасау, суреттерін салу, І ІІ ІІІ ке шейін рұм сандары 
мен таныстыру.
Байтас ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет