Кейбір мәселелері


«гласная  буква»,  «согласная  буква»



Pdf көрінісі
бет10/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

«гласная  буква»,  «согласная  буква»  деген  терминдері  де  осы  соңғы 
айтқандарымызды білдіреді.  
Татарларда  Ғалымжан  Шараф  деген  ғалым  палатограмма  (таңдай  жазу) 
жолымен бір дыбыстың түрленуін 8 жыл зерттеген.  
Бұл  зерттеулер  грамматиканы  логикадан  айыру  үшін  бір  адым  ілгері 
болғанымен формализмге апарып, тіл ілімін теріс жолға салған
1
.  
 
*  *  * 
 
Фонетика  –  морфологияға  да,  синтаксиске  де,  лексикаға  да  –  үшеуіне  де 
керек;  үшеуінің  де  қызметін  атқарады:  ар-ас  деген  мысалдар  лексика  керегін 
өтегені;  бар  мен  бер  дегенде  жалғанғандар  (қосымшалар)  қандай  болып  келетіні 
(ұстастыру  амалы)  көрінеді.  Бұл  морфология  міндетін  өтегені;  бара  мен  алмады 
сөздерінің  жапсарын  жаба  айтсақ,  «қолынан  келмеді»  мағынасында;  аша  айтсақ, 
басқа мағынада; мұнда екі сөздің байланысына қызмет қылып тұр, яғни, синтаксис 
қызметін  атқарады;  «бара  алмады»  деген  тіркестің  сөйлемнің  бір  мүшесі  не  екі 
мүшесі екендігі а-дан білініп тұр. Демек жаба айту мен аша айту – синтаксистік 
қасиет. 
 
*  *  * 
Фонема бір сөзбен екінші сөзді айыруға жарайды (бал, бас). Демек, фонема – 
бұйым. Фонема дауысты дыбыстардың ұсақ элементтерінен жасалады. Естілуі екі 
түрлі болғандардың бәрі бірдей екі фонема болмайды. Дауысты мен дауыссыз – бір 
нәрсенің екі беті.  
                                                           
1
  XIX  ғасырдағы  техниканың  өсуі  тілге  де  әсер  етті.  Математика,  физика  сияқты  дәл 
ілімдер  шықты.  Көптеген  ғалымдар  тілді  де  осы  жолға  салам  деп  әуреленген,  формализм  осы 
тенденциядан туған (Қ. Ж.)
 


Мен: «дауыссыз – бұрын,  дауысты соң туған» демеймін.  
 
*  *  * 
Тілінде  африкат  дыбыс  бар  тілдердің  өскелең  (ведущий)  жағына  көз 
салмастан,  оларды  артта  қалған  тіл  деуге  болмайды;  дұрысы  –  африкат  дегеніміз 
диффуздың әлжуазданған түрі. Егер африкаттар дара дыбыстан айырып тану үшін 
жасалса,  ол  оның  артықшылығы.  Бұрын  қолымыздан  басқа  музыканы  істеу 
келмесе, қазір келе тұрып, басқа тембр беру үшін әдейі істейміз.  
 
*  *  * 
Алтай  мен  Шувашта  «с»  пен  «з»  екі  дыбыс  болғанымен,  бір  фонема  (кес  – 
кезер,  пуз;  пузи  –  басы).  «Баба»  сөзіндегі  соңғы  б  басқаша  естіледі,  сонда  да 
бұндағы екі б – бір фонема. Сондай-ақ қайыр – хайыр дегендегі қ мен х екі дыбыс 
болғанымен бір фонема. Файзолла мен Пайзолла да солай. П мен Ф бір сөзді екінші 
сөзден айыру үшін тұрмағандықтан, оларды дербес фонема демейміз.  
 
*  *  * 
Бұрын дауысты  да дауыссыз да болмаған (болған). Дауыстыларды кейіннен 
пайдаланғанбыз  (қурай  бұрыннан  бар,  бірақ  адам  оны  сыбызғы  ретінде  кейін 
пайдаланды ғой; дыбыстар да осы сияқты). Сондықтан бұрын ым тілі болды. 
 
*  *  * 
Қатаң  қ  мен  к  әрпінен  ң  пайда  болған;  жаздық  >  йаздығыз  //  йаздыңыз; 
жалбақта > жалбаңдақазқақпа; татқапқа; жалпы түрікқапағ-қапуғ – қапық; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет