Дыбыстардың жіктелуі
Дыбыстарды айтылуына қарай әрі сөзде білінетін өзгешелігіне қарай
жіктеуге болады. Айтылуына қарай жіктегенде былайша бөлінеді: дауыстылар –
а, м, ң, н, л, р, v, н, ы, е, о, у; дауыссыздар – б, п, т, ж, д, з, е, ш, ғ, қ, к, г.
Дауыстылар: 1. Толық дауысты – а, е, у, ы; 2. Шала дауысты – р, л, м, н, ң, v, j
болып екіге бөлінеді. Толық дауыстылар: кең шығысты – а, е, ы (аңғал), тар
шығысты – о, у (қымқыру) болып бөлінеді; Шала дауыстылар: 1. ауыз
шығысты – р, л, v, j. 2. мұрын шығысты – м, н, ң болып бөлінеді. Ауыз
шығысты дыбыстар: босаң жолды – р, v, j және қысаң жолды – і болады. Мұрын
шығысты дыбыстар үш түрлі: босаң бөгеуі – ң, қысаң бөгеуі – н, тұйық бөгеуі –
м.
* * *
Дауыссыздар: босаң жолды – б, ж, д, з, ғ, г және қысаң жолды – п, т, с, ш,
қ, к болып екіге бөлінеді. Қысаң жолдылар: ашық жолды – с, ш; тұйық жолды – п,
т, қ, к болады. Босаң жолдылар: ашық жолды – ж, з; тұйық жолды – б, д; тұйықтау
жолды – ғ, г түрінде кездеседі. Бұларды бір-бірінен айыратын факторлар:
дауыстыдан соң -мын; дауыссыздан соң -пын жалғаулары жалғанады.
* * *
Толық дауыстылар буын ішінде дауыссыздардың алдында да, соңында да
келе береді. Шала дауыстылар дауыссыздардың алдында ғана келеді, соңында
келмейді. Аңғал дауыстылар ( а, е, ы) орын талғамайды, қымтырулы дауыстылар
( о, у) бас буыннан басқа жерде келмейді.
Ауыз шығыстылар ( р, л, v, j) септегенде -дың, -дан болып, жіктегенде -мыз
болып келеді. Мұрын шығыстылар септегенде -ның, -нан болып, жіктегенде -біз, -
Достарыңызбен бөлісу: |