қаз. көкпеңбек;тат. көм-гөк;қаз. бүп-бүтін;түркі. бөс-бүтін; қаз. жап-жасыл;
тат. йәм-йәсия.
Қазақ тілінде өкпе – өпке болып айтыла береді. Демек, к-п, п-к, болып
кездеседі. Грузиндерде үнсіз t дыбысының өзі екі түрлі Vth – th.
«Фонетиканы» қазақша дыбыс дейміз: «фон» – грек тілінен, қазақша
мағынасы дыбыс деген сөз. Дыбыстар түрліше болады, олар әртүрлі естілген соң
«дыбыс» деп аталады. Бұрын Абхаздың 75 әрпі бар еді, кейін 59 әріп болды.
* * *
Дифтонг. Буындық дауысты мен буындық емес дауыстының қосындысы
дифтонг құрайды. Екі дауысты қатар келіп бір буын жасайды. Кейбір тілде үш
дауысты қатар келеді, бұл – трифтонг. Мысалы, якут тау дегенді тыа дейді,
қытай қылыш дегенді дао дейді. Дифтонг екі түрлі болады: 1. Өрлеме дифтонг –
тыа; 2. құрама дифтонг – дао.
Тыа дегендегі а буын жасап тұр: «Неслоговое свойство гласного принято
изображать значок – под буквой: а, і (сл. Ушакова, стр. 37). Слоговое свойство
согласного изображает значок – л.