жұрнақ қойғанда да, осының өзінде де жұрнақ деген термин өз атын атамайды.
Өйткені бұрынғы кезде түбір болып, бірде азып, мүжіліп барып, шылаулыққа
айналған нәрселер жалғыз жұрнақтар ғана емес. Жалғаулар да, қосалқы болған
жердің бәрі де бір кездегі түбір сөздердің жұрнағы (қалдығы). Олай болғанда
жұрнақ деп қосымшаның тек бір түрін атамай, бүтін қосымша болған жердің,
қысқасы, шылау болған жердің бәрін атау керек еді. Қосымшаның «Тіл құралда»
жұрнақ деп аталған тарауының ала-бөле, өзгеден өзгеше сарқыншақ, өзгеше
қалдық, өзгеше жұрнақ болатын еш нәрсесі де жоқ. Сондықтан, бұл термин,