И. Я. Яковлев әуелі синтаксисті, одан соң морфологияны, одан кейін
дыбыстарды баяндау тәртібімен жазған. Олай жазу себебі тіл категорияларының
сол ретпен пайда болғандығынан емес, ол тек үнді-еуропа ғалымдарының бөркін
теріс айналдырып кигендігі ғана болатын.
А. Б. Шапиро әуелі сөйлем одан кейін дыбыс, одан кейін сөзді баяндау
тәртібімен жазған. Қырым татарлары да осы жолмен жүрген.
Қ. Жұбанов фонетикадан бастап жазған. Себебі ол фонетиканы етікшінің бізі
сияқты қару етіп пайдаланған.