Пайыздың кітабы дегенде оның иелік мағынасы да, мүліктік мағынасы да
бар дегенді түсінеміз.
Себебі: меншік тұрмысты жақында ғана басымыздан өткеріп бара
жатқандығымыздан. Бұл екі сөздің бірі – «производитель», енді біреуі – «продукт»
мағынасында екендігін ұмытқанбыз. Себебі, ол мағынаны соңғы иелік мағына
басып озған. Сөйтіп ескі формаға жаңа мағына беру жолымен де тіл өрлеп
отырған.
Тіл идеологияның бірі; сондықтан оның сөздігі бұрын туған болады да, талай
мағынаны ішіне алып отырады. Тілдің грамматикасы өте жай өзгереді.
Сөз – мағына. Мағынаның қалай өсетіндігін айттық.