Кейбір мәселелері


Лексика мен синтаксистің байланысы



Pdf көрінісі
бет59/208
Дата06.01.2022
өлшемі1,97 Mb.
#14352
түріЛекция
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   208
Байланысты:
ҚҚТ фонетикасы

Лексика мен синтаксистің байланысы 
 
Z – лексика, S – синтаксис; үстеу – жұрнақ; үстеуіш – демеулік; жалғауыш – 
демеулік. 
 
 
 
 
Сөз өзгешелігі мен оның қызметі 
(Жақындық-аулақтық тенденциясы
 
Тіл  өзгереді,  бірақ  барлық  саласы  бір  қалыпта  өзгермейді.  Грамматика 
құрылысы өте шабан өзгереді. Тоқтамай калейдоскоп сияқты өзгерсе, грамматика 
да  болмас  еді.  Демек,  грамматика  дегеніміз  тілдің  бір  қалпының  белгілі  уақыт 
ішінде  тұрақтауы,  орнығуы.  Осы  арқылы  ол  дыбыс  құрылысының    өзгеруіне  де 
кедергі  болады.  Сондықтан  бір  мағынадан  өрбіген  туынды  мағыналар,  бір  сөзден 
өрбіген  ұялас  сөздер  ұзақ  замандар  бойы  дыбыс  құрылысы  жағынан  бір-бірінен 
алыстап кетпейді. Бұдан олардың ұяластығы байқалады. 


Осыдан келіп бір құрылымның екі сөз болуы немесе екі құрылымның бір сөз 
болуы сияқты өзара қайшылықтар туады. Бұның өзі – тілдің дыбыс құрылысының 
сүйегіне  біткен  қайшылық.  Негізінде  сөздің  дыбысы  мағынасына  қарай  өзгеру 
керек: мағынасы бір болса, екі сөздің дыбысы да бір болып, мағыналары түрліше 
болса,  дыбыстары  да  түрленіп  немесе  қосымшалары  өзгеріп,  екі  сөз    болып, 
егізделіп отыруы керек. Нәтижесінде осы екі сөздегі байланыс әлсіреп отыруы тиіс.  
Өсу  үшін  тіл  жаңа  сөздер  шығарады.  Ол  үшін  бұрынғы  ескі  сөздерді 
пайдаланады.  Бір  сөз  сол  бір  сөз  күйінде  қалмай,  екі  сөз  болуы  үшін  олар  бір-
бірінен  барынша  қашықтауы  керек.  Дыбыстарында  айырмашылық  болуы  керек, 
әйтпесе  сөз  байлығы  артпайды.  Сондықтан  бас  (голова)  мүшені  атағанда  «бас» 
десек, сол бастан өрбіген басақты атағанда масақ деппіз (мақ+ақ=колос, головка
татар,  анатолы  түріктері  келдекбасты  басақ  дейді.  Бұл  мойын=ақ,  түб=ек 
cөздерімен  құрылыстас).  Мағыналары  сәйкесетін  «б»  дыбысының    «м»  болып 
өзгеруі  бұл  жерде  басақ  сөзін  масақтан  қашықтатып,  ізін  жасырып  тұр.  Болмаса, 
басақ сөзінің масақ болып өзгеруінде дыбыс алмасуын тудыратын жағдай жоқ. Ал  
жап сөзінің жамыл болып өзгеруі дыбыс құбылыстарының заңдылығынан туған.  
Сиық  сөзінің  сиақты  болып  тұлғалануында  жоғарыда  айтылған  екі  халдың 
екеуі  де  бар:  ы  өзгеріп  а  болған,  л  өзгеріп  т  болған.  Адым,  атта,  аттау 
дегендердің бәрі бір түбірден өрбісе де,  атым болмай адым болуы т дыбысының 
екі дауысты арасынан қалуынан: адым – аттау мөлшері
Тіл тенденциясы екі сөздің бір-бірімен байланысы жоқ сияқты етіп көрсетіп, 
сол  арқылы  аулақтату  тенденциясын  байқатып  отыр.  Ол  бір  сөзден  екінші  сөздің 
сыртқы  көрінісінің  басқалығы.  Бұл  тенденция  күш  алса,  бір  сөз  екінші  сөзге 
ұқсамас  еді,  түбір  дыбыстарына  да  өзгелік  кіргізер  еді  (бұған  да  таңбасын  басар 
еді),  қосымшалар  арқылы  ғана  бір-бірінен  айырылмас  еді.  Бірақ  мұны  жуықтық 
тенденциясы тұсаулайды. 
 
*  *  * 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   208




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет