Одағайлы сөйлемдер Ішінде одағайы бар сөйлем – одағайлы сөйлем (Cөйлемнің басында да,
ортасында да, аяғында да келе береді).
Сөйлемнің басында тұрса, одағайдан соң кіші тыныс қойылады (жарайды, барайық, әй, о не дегенің?). Мұндай одағайдың оңаша болуы да, не салалас болуы
да шарт емес. Сөйлемнің ортасында тұрса: – Олай болса, жарайды, бар! Сөйлемнің
соңында тұрса: – Ол ойынды мен көрмедім-ау, қап! Шақыру одағайы – атын атамай шақыратын сөздер. Есімдерден жасалған
қаратпа сөздер – атын атап шақыратын сөздер болады. Cондықтан ондай қаратпа
сөздер де одағайдың орнына жұмсалады;
Тыныс таңбалары да одағайлармен бірдей. Мысалы:
Бекежан, жүрген жерің жорық майдан! Тентек ең бар жиғаның осындайдан... Бар, жеңеше, хабар айт! Туыспай кеткір, алты аға, Бармысың, ойбай, қайдасың?!. 23.00. сағат. 30.06.1937 жыл.