ә) шаруашылық одағайы.
–Шек! Көрдің бе, мұның қас қылғандай теріс тарта беруін! – Әукім, әукім! Мал деп осы көк сиырды айтсайшы! Мұнда шек, әукім сөздері кейінгі сөйлемнен аулақтанып тұрған болса,
одағайлардан соң леп белгісі қойылады.
б) қатынас одағайы.
«Тек», «әй» сияқты тыйу, шақыру одағайы кейінгі сөйлеммен тығыз
байланыспаса, оңаша тұрса, олардан соң леп белгісі керек (Бұл сөздер тұрпайы
болғандықтан, аз қолданылады, затсыз айтады). Леп сөзді сөйлем түрімен айтылса,
леп қойылады.
Сұрау белгісі Қатынас одағайы сұрау сазымен де айтылады, бірақ кейінгі сөйлеммен тығыз
байланысады. Cондықтан өз соңынан сұрау белгісі қойылмайды: – Ау, бұлары қалай. Cұрау одағайы сөйлемнің соңында болып, сұрау сазымен айтылса, сұрау
белгісін жазамыз:
– Егісті осы бескүндіктің ішінде бітіреміз, ә? – Биыл планды ерте орындағанымыз трактордың арқасы-ау?