52
Жаныс Шойбек батыр ( 1721ж – ө.ж. белгісіз)
Тексіз неме! дегізбе
Елге барар жол ізде
Арғымаққа мінсең де,
Ел-жұртыңнан қол үзбе.
Төле би
Жуалы аймағындағы жоңғар басқыншылығымен болған соғыста аты шыққан
батырлардың бірі және бірегейі Шойбек батыр. Ол жаныс руынан шыққан
Сеңкібай батырдың жақын туысы. Оның есімі Ұлы жүз жасақтарының
жоңғарлармен
болған
шайқастарында
аталады.
Жазушы
Қадірбек
Балғабекұлының зерттеулерінде Қазбек жазбаларына қарағанда Аңырақай
қырғынында Мәмбет пен Шойбек 18 – 19 жаста ал, Сеңкібай 17 жаста болған
делінеді. Аңырақай шайқасы 1729 жылы болды десек онда Шойбектің туылған
жылы - 1721 жылдың шамасы болады. Шойбек батыр туралы мәлімет әсіресе
«Түп тұқиянымнан өзіме шейін» - деген Шапырашты Қазыбек би Тауасарұлының
кітабында өте жиі әрі егжей-тегжейлі баяндалады. Сол Шойбек батыр қатысқан
шайқастардың екі-үшеуіне тоқталайық:
Жуалының Қошқарата аймағындағы Ұзынбұлақтың жанында болған жекпе-
жекте Өтеген батыр жоңғардың Ботхишар атты батырын жеңген соң кескілескен
ұрыс болады (Бұл туралы біз Өтеғұлұлы Өтеген батыр тақырыбында жазғанбыз).
1107 тауық жылының көктемінде Қостұраның батыс жағындағы Шойбек
батырдың мыңдығы қатынасқан шайқасты Қазыбек бет Тауасарұлы былай
баяндайды:
«...Бұл кезде қалмақтар әлі күшті де, көп болатын. Кешке қарай кескілескен
ұрыс болды. Қалмақтар белдесіп күреске түсе алмай қаша ұрыс салды. Бұл күн
шығыс, түстік бетті ала шегіне бастады. Олар бір беткей қашпай бірнешеге бөліне
қашты. Балданның айтқаны келді, енді бастары құралмады. Бұл өңір қалмақтардан
тазара бастады. Мұны көрген Сеңкібай мен Шойбектің, Қылышбектің, Жангелдің
қолы жау өз жерімізден кетті ғой дегендей, салғырттық таныта бастады. Бірақ екі
күннен кейін майдан басына келген Төле аға мен Жолбарыс оларға қатты кетті.
Сөйтіп тастүйін болған ұлы жүз қолы қайта көтеріліп жаудың соңына түсті.
Шойбек, Сеңкібай, Қылышбек қолы қашқан жауды қуа, өкшелей отырып біз
Шу өңіріне жеттік...» - дейді.
1729 жылдың көктемінде(Мұны кейбір тарихшылар 1730 жыл деп жазып
жүр) Шу бойындағы Далатау адырында (кейін Аңырақай аталып кеткен) болатын
шайқасқа қазақтар үлкен дайындық жасады. Бұл кезде қазақ әскерінің жалпы саны
мыңдықтармен есептегенде жиырма тоғыз мың адам болды. Шайқастың алдында
болатын жекпе-жекке шығатын батырлар іріктелді. Олардың ішінде Ұлы жүз
қолындағы батырлыр мен мыңбасылар: Сіргелі Қара-Тілек, Қарақалпақ
Қылышбек, Шапырашты Теке, Сатай мен Бөлек, Жаныс Шойбек пен Сеңкібай,
Шапырашты Шыбыл Мәмбет, Суан Бағай, Ошақты Саңырық, Албан Қойгелді т.б.
ұзын саны отыздан астам адам болды.
Қырғын соғыс алдындағы жекпе-жек он бір күнге созылды. Онда Бөлек
батыр Аңырақты, Олжабай батыр Жадамба торғауытты жеңді. Бөгенбай қолынан
шыққан Қоқ есімді сарбаз дүрбіттің Бақы деген батырын жер жастандырды. Бұл
шайқасты басқарып өзі көзімен көрген Қазыбек бек былай жазады:
«Жекпе-жек ұрыс он бір күнге созылды, осы уақытта жиырма тоғыз қалмақ
54
Дұшпанның көңілі жасыды
Қазақ қазақ болғалы
Көрді ме мұндай жеңісті?!
Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шапырашты Наурызбай
Қиядан қиқу салғанда
Қазағым халқым – батырым
Дұшпанын жерге тіреді,
Бауырын сөгіп іреді.
Ерегіскен қос дұшпан
Қара жерге кіреді
Қазақ деген халқынан,
Батыр шыққан даңқынан,
Сіргелі қара Тілек,
Қарақалпақ Қылышбек,
Текеден шыққан Сатай Бөлек,
Батырлардың асқары
Қазыбекұлы Қасқары
Қаумен Дәулет қасында
Бақ-дәулеті басында
Сеңкібай мен Шойбек бар
Таңсық қожа Мәмбет бар...
Асылдан шыққан Еспенбет,
Қалмақтың жолын кескен көп
Жауырыншы көріпкел
Албаннан асқан Хангелді.
Қарақалпақ жиналып,
Алдына тартты Жангелді
Сәменім – ерім Ботбайым,
Екі көзі оттайым...
Қалай айтпан Шымырды?
Шымырдан шыққан Қойгелді
Жауын тапап жымырды...
Бұқар жыраудың егде тартқан жасына қарамай даусы Шимайын мен
Қаратөбе арасын жаңғыртып, аты аталған батырлар келіп өз сыйын алған екен.
Шойбек батыр ерлік жорығын Жоңғар қақпасынан жетіп аяқтаған. Оның
қайтыс болған жылы белгісіз.
Достарыңызбен бөлісу: