47
болған мезгілі мен жерленген жері туралы айтылмайды.
Ілгері бала кезімізде үлкендердің ; баяғы біз заманда осы өлкеде ержүрек
Құлан деген батыр болыпты. Мына тұрған Құлан тауы, анау Құлан асуы осы
өңірде жаумен шайқасқан сол батырдың атымен қойылса керек, - деп ескінің
елесінен көмескілеу хабар беретін. Ту ұстап тұлпар мінген Құлан батыр жайлы
әңгіме әрі қарай өрістемей үзіліп тынатын. Өйткені ол кісілердің де бар білетіні
осы болса керек.
Осы үзілген әңгімені жалғайтын Құлан батыр туралы қысқаша мәліметті біз
жергілікті жазушы-журналист Мақұлбектің «Бақатерек» атты кітабынан
кездестірдік. Жазушының баяндауынша Құлан батырдың өмір сүрген кезеңі сонау
Шыңғысхан заманындағы моңғол шапқыншылығы тұсында болуы керек. Біз
бұрын баяндаған жоңғар шапқыншылығындағы Құлан батыр мен Шыңғысхан
шапқыншылығындағы Құлан батырдың арасын аттай алты ғасыр бөліп жатыр.
Бұл екі батыр аттас, әрі екеуі де қаңлы руынан шыққан. Ендеше жазушының
Құлан батыр жайлы жазған дерегіне кезек берейік.
«Қайран ұлы бабамыз Құлан батыр моңғолдарға жерімізді таптатпаймын деп
жан беріп, жана ала айқасқан ғой. Осы Құлан тауы мен Күйіктен жауға асу бермей
шайқасқан. Аңыз бойынша Отырардың билеушісі бауыры Қайырхан Құлан
батырды басшы етіп моңғолдардың алдынан жібереді. Мақсаты Отырарға келер
күшті алдын ала әлсірету болса керек.
Құлан батыр Шыңғысханның Боралдай тауының бөктеріне тіккен шатырына
да шабуыл жасап, жауды талай әбігерге салған дейді. Ақыры Құлан батыр мекен
еткен асудан асу аса қауіпті және көп шығын болатынын білген жау бетін Созаққа
түзеп, Отырарға сол жақпен жетсе керек. Отырар қаласын алты ай бойы жаудың
бағындыра алмауы моңғолдардың арттан келер күшін Құлан батырдың әлсіретуі
әсерін тигізген. Күн сайын Отырарды қоршаған жаудың ту сыртынан шабуылдап,
қырғын салған. Сонда Құлан батырдың күш алар, қайрат жинар жері осы Шақпақ
әулие болса керек... (М.Рысдәулет. Бақатерек,«Тоғанай Т». Алматы, 2014. 11 бет).
Азаттық туын көтеріп жортуылды күн кешкен, елдік пен бірліктің мызғымас
ұстыны болған қаңлы Құлан батыр жайлы қысқа болса да нұсқа бар білетініміз
осы. Ұрпақтар үшін ұлағатқа жаралаған батырларымыздың рухы әрқашан да
биіктен көріне бергей.
Достарыңызбен бөлісу: