Сарт ұлы Қожық батыр (1704 ж – ө.ж. белгісіз)
Сарт ұлы Ақша батыр (1707 – 1729)
Адам қанша өзгерсін, заман қанша,
«Отан!»-сөзі жүрекке от тастайды.
Елім деген жас ұрпақ аман болса,
Ерлік жолын ешқашан шөп баспайды.
Қ.Аманжолов
Қойгелді, Қожық, Ақшаның әкелері Сарт – жеті атасынан бері дәулеті
үзілмеген тұқымның біріне жатады. Туыстық жағынан алыс емес Төленің
әкесі Әлібектің де шалқыған байлық, бірнеше мыңдаған жылқы мен түйе,
есебі жоқ қой мен ешкі Сарттың әкесі Шахан биге де біткен. Мұндағы жылқы
саны ең бір жұт жылдарының өзінде бес мыңнан асып жығылған екен.
Сарттың арғы аталарының бірі – Шымыр Шынғожаның немересі
Қырғызәлі деген кісінің шалқыған байлығы жөнінде күні бүгінге дейін ел
аузында айтылады. Қырғызәлінің бір баласы Қалымбет өз қалыңдығы –
қыпшақ еліндегі ол да үлкен бір байдың қызы – Тәттібикеге ұрын барған
жерінде табан астында науқастанып қайтыс болады. Қыпшақ байының
аулындағы осындай абыр-сабырды пайдаланған көрші елдің барымташылары
оның жылқысына тиеді. Сол кезде қаралы келіншек - Тәттібике ерлерше
киініп, барымташыларды қуып жетіп, екеуін аттан түсіріп, жылқыларды
ауылға айдап қайтады. Қызының өжеттігіне разы болған әкесі:
-Қызым, басың бос, өзің қалаған жігітіңе қосыл. Атастырылған жеріңе
қалың малын қайтарып беремін, - дейді. Ақылды Тәттібике болса сол
бұрынғы қайынатасының еліне, оның басқа баласына әйел үстіне тиеді.
Осы Тәттібикеден Қаратеке және Бәйімбет атты балалар дүниеге келеді.
Қаратекенің баласы Шахан би өте дәулетті, бай кісі болады. Бұлардың
мыңғырған малы Қаратау өңіріне сыймай жататын көрінеді. Шахан бидің
баласы Сарт бай өзінің балаларымен бірге сонау Ташкент маңынан Ілеге
дейін көшіп-қонып жүрген. «Ақтабан шұбырынды алқакөл сұлама» заманы
басталған тұста Сарт бай Қаратаудың күнгейі Шолақтау мен Билікөл маңынан
жайлайды.
Сарт байдың балалары осындай мол ырысты ұяда көз ашып, ержетеді.
Осы ырыстың қаймағы қалмақ шапқыншылығына дейін бұзылмай келеді.
1923 жылы Сарт бай жауды осы Қаратау өңірінде қарсы алады. Бұл кезде
Қожық он тоғыз жаста ал, Ақша небәрі он алты жаста ғана болады. Қалмақтар
келіп бұлардың жылқыларына тиеді. Сарт үш ұлы – Қойгелді, Қожық және
кенжесі Ақшаға қарасты азғантай қолмен жауға қарсы тұрады. Сан жағынан
қалмақтың басым қолын олар тықсырып қалың қамысқа апарып тығады. Бұл
шайқасқа басшылық жасаған Қойгелді інісі Ақшаға бұйрық береді. Қамыстың
ішіне кірген қалмақтардың айналасынан қамысқа от қойып өртеп жібереді,
сөйтіп жауды қырғынға ұшыратады. Сол Қаратау маңындағы қамысты көл
кейін ел аузында «Күйгенкөл» - деп аталып кетеді. Ақша батырдың алғашқы
батыр атағы осы жолы шығады.
Қаратау аймағына жау шапқан соң Сарт бай ауыр ойға қалады. Содан соң
бес мың жылқысын үш баласына теңдей бөліп беріп, малшы-
81
жылқышылармен үш жаққа қоныс аудартады. Үлкен ұлы Қойгелдіге Іле
бойына, Қожыққа Шу аймағына, ал Ақшаға Талас бойына қоныстануды
тапсырады. Бірақ бұл аймақты қалмақтардың жаулап алуына байланысты
Сарттың бұл ойы іске аспай қалады. Сөйтіп ағайынды үшеуі қайтадан бас
біріктірер еді де, қолдарына қару алып жауға аттанады...
Аңырақайдағы Итішпес аталатын көлдің маңында, 1729 жылдың мамыр -
маусым айында 40 - 45 күндік біріккен қазақ қолының жоңғар басқыншылығына
қарсы жүз жылдық азаттық соғысында бетбұрыс жасаған ең ірі шайқас болғаны
тарихтан белгілі. Онда 30-35 мыңдай қазақ және 35-40 мыңдай жоңғар әскері
қатысты деген болжам бар.
«Жоңғарлар бұл шайқаста шамамен өлідей 15-16 мың, жаралы, қолға
түскендері бар 7 - 8 мың адамынан айрылды. Қалған 8 - 9 мың адам ғана
отбасыларымен Ертіске, Тарбағатай тауына шегінді. Қазақтар шешуші
жеңіске жеткен осы айқас орны жоңғарлардың жылап, еңіреп, аңырап
(аңырау - қалмақша сыңсып жылау) қалған жері ретінде әлі күнге дейін
Аңырақай даласы аталады» - деп жазады К.Аманжолов, А.Тасболатов
«Қазақтың әскери тарихы атты еңбегінде.(138-139беттер)
Осы Далақайнар (Аңырақай) соғысында алғашқы төрт күн жүргізілген
жекпе-жекте Бөгенбай батыр Аңырық екеуі бірін-бірі ала алмай тарқасады.
Бөлек батыр Ботхишарды, Олжабай – Жабдаманы, Көкжал Барақ – Шоянды,
Сабалақ (Абылай) – Шарышты жеңген болатын. Ақша батыр қалмақтың Дәржі
деген батырын жер жастандырады. Ал, қазақтар жағынан Сәмен батыр –
Доланқорадан оң қолы сынып жеңіліс табады, және аты-жөні тарихта қалмаған
Ұлы жүздің екі батыры жоңғар батырларының қолынан мерт болады.
Соғыстың оныншы күні ұрыс Құлақшын деген жердегі Байбике дөңі мен
Тереңөзек төңірегіне ауған еді. Бас сардар Әбілхайыр, Төле би, Жолбарыс хан,
Саурықтардың ұйғарымымен бұл соғысқа Ұлы жүздің бірнеше мыңдығы,
алғашқы болып шымырлар қолы кіреді, - деп шешілген.
Құлақшындағы соғыс болардан бірер күн бұрын Ақша батыр түс көреді.
Түсінде ол әкесін көреді. Белуардан лай суға батып дәрменсіз күйінде отыр екен
дейді. Ақшаны ымдап қасына шақырады. Ақша барады. Сонан соң әкесі лай
судан шығып Ақшаның тұла бойын алақанының қырымен санап тұрып тоғыз
рет қаққылайды. Сөйтіп Ақшаны келіп аймалайды да, оң білегінен ұстапөзімен
бірге алып кетеді...
Осы көрген түсін Ақша ағасы Қойгелдіге айтқанда ол:
-Түс деген түлкінің боғы, одан несіне қорқасың? Батыр адам бойын
уайымға алдырса, жауға қарсы қалай шаппақ, - деп күлген болады. Қойгелді
інісіне сыр алдырмаймын дегенімен оның көңілінде бір дық қалады.
Сол күні Ақша Қойгелдіден сұранып Шудың арғы бетінде қалған әйел,
бала-шағасына барып қайтады. Ақшаның отау тігіп, түтін түтеткеніне де көп
болмаған еді. Оның алғаны қоңырат елінің бір дәулетті адамының қызы
болатын. Тұңғышы Өтеболат бұл кезде үш жаста ал, екінші ұлы Бекболат төрт
айлық қана еді.
Сол күні соғысқа кіретін шымырлар мыңдығында бас сардары Қойгелді, ту
ұстаушы Қожық, жүздік басшысы Ақша батыр ағайынды үшеуі де болды. Ата
жаумен айқасқа кірер сәтте Қойгелді: «Аруағыңнан айналайын ата, қара
қазақтың қамы үшін мына батыр немерелеріңе араша бола гөр!» - деп атасы
Шахан биге сыйынып соғысқа кіреді.
82
Ақша батырдың бұл шайқасқа кіргенде бес қаруы сай болатын. Үстіне
кигені темір шығыршықты қазақы сауыт, басында дулыға, мойынды жабатын
шығыршықты далбағайы бәрі де сенімді еді.
Қожық батыр болса Төле бидің жанында ту ұстаушы болып қалған.
Соғыста ту ұстаушылар сарбаздардың басы-қасында қолбасылармен бірге
болатын. Бұл ту ұстаушылар өз сарбаздарына жігер берумен қатар қолбасылар
тобының қай тұста екенін айқындап тұратын. Соғыс басталғалы ол туды Сатай,
Хангелді, Торғай даласында сол иығын оқ қиған Саңырық сияқты кексе
батырлар ұстаған. Бүгін сол жауапты міндет Қожық батырға жүктелген
болатын.
Бес-алты кез жуан сапты ағаштың ұшына байланған көк байрақты
қозғалтпай ұстап тұру екінің-бірінің қолынан келмейтін шаруа болатын. Ту да,
ту ұстаған адам да, оның астындағы ат та бір орнында тапжылмай,
қозғалақтамай тұру ту ұстаушының міндеті болатын. Қожық батыр мұндай
кезде өзінің қасқа айғырының екі алдыңғы аяғының қолтығына аяқтарын тығып
жіберіп, міз бақпай туды тік шаншылған күйінде қатып қалатын.
Шымыр жүздігін бастап кірген Ақша батыр қан майданның ортасында екі-
үш жерінен жараланып та үлгерген болатын. Қалмақтар оны да ту сыртынан
садақпен атып оқ дарыта алмады. Сонан соң олар сауытсыз өндіршек пен аяқтан
көздеп атып құлатуға тырысты. Енді бір мезетте оның қара санына темір ұшты
жебе қадалды. Қылыш пен найзаны кезек сілтеген Ақша батыр бірнеше жерден
жараланғанына қарамай жаудың бірнешеуін құлатады, алайда өзі қалың
қалмақтың қаршауында қалады. Ақша батырдың жүздігінен Қойгелдіге хабар
жеткенде ол өзінің оққағарларымен жауды бұза-жара сонда ұмтылды. Бұл кезде
найзасына әзер сүйеніп құламай тұрған Ақша батырды шырылдап інісі
Қарабатыр қорғап жүрген болатын. Қойгелді жаумен жойқын қимылмен
айқасып жүріп найзаға сүйеніп әзер тұрған Ақшаға да жетті. Осы кезде ол
кейінгі ұрпақтың есінде қалған:
-Әй, атасы бөлек, кәне аттан түс! Ақша бауырым, сен мін! – деген сөзін
айтады.
Қойгелді жаралы Ақша батырды сүйемелдеп атқа мінгізіп додадан алып
шығады. Осы кезде бір жауынгер келіп:
-Қолбасы аға, балаңыз Қарабатыр жау ортасында жаяу қалды, - деді.
Қойгелді тобы жауға қайта кіріп Қарабатырды алып шығады.
Ақша батыр есі кіреселе-шығасылы бір тәуліктен аса жатады. Ертеңіне түс
ауа Ақша батыр ақіреттік сапарға аттанады. Оның жарасын жуып, ем-дом
жасаған тәуіп Қойгелдіге:
-Бауырыңызтоғыз жерінен оңбай жараланған екен, - дейді.
Ақша батырдың денесін атажұрт Қаратау мен Билікөлге апарып қоюға жер
шалғай болғандықтан осы соғыста шәйіт болған өзге құрбандармен бірге сол
өңірге ақ жауып, арулап көмеді.
Қойгелді батырдың інісі Қожық та айтулы батырлардың бірі болған. Қожық
батыр ержүректілігімен емес, сонымен қатар саясаткер дипломат ретінде де
белгілі болғандығы айтылады. Ол шекаралас жатқан Қытай, Жоңғар
мемлекеттерінің басшыларымен келіссөз жүргізген дипломаттық, қайраткерлік
қырлары
да
болғандығы
тарихта
қалған.
Жамбыл
облысының
энциклопедиясында Қожық туралы мынандай мәліметтер келтірілген:
«Қожық Ұлы жүз қолының ту ұстаушысы болды. Аңырақай шайқасында
83
Қойгелдімен бірге оның екі інісі Қожық пен Ақша, баласы Қарабатыр да
қатысады. Қойгелді батыр 1758 жылы інісі Қожықты Пекинге елшілікке
жібергені туралы Қойшығара Салғараұлының «100 құжат» деген және «Таным
тармақтары» деген дерек жинағында айтылады».
Аңырақай шайқасына Қойгелді батырдың інісі Қожық пен кіші
Қарабатыр да қатынасқан. Қалың шымыр қолын бастап келген Ақша батыр осы
шайқасқа дейін бірнеше рет жекпе - жекке шығып, қас жауын жер
жастандырып, көзге түсіп үлгерген еді.
Б. Әбілдәұлы Ақша батырдың соғысқа кіруін сиқым Қарабатырдың
өлімімен байланыстырып соғысқа оны арашалау үшін барды, - деп төмендегідей
етіп көрсетеді:
«Қарабатыр мен қалмақ батыры Суреннің жекпе - жегін Ақша мен кіші
Қарабатыр төбеден бақылап тұрған. Бұл жолы Қойгелді хазірет осы
Аңырақай шайқасына тұңғыш ұлы кіші Қарабатырды да ала келген болатын.
Кіндік әкесі көз алдында мерт болғанын көргенде кіші Қарабатыр шыңғырып
жіберді. Атын тебініп, майдан алаңына шаба жөнелді. Інісінің бұл әрекетіне
сүйсінген Ақша батыр да, қазақ пен қалмақ батырларының құлаған жеріне
жаудың алғашқы тобымен бірге жеткен еді. Жау жағы өз батырының
сүйегіне ұмтылмай бұрын жеткен Ақша батырды ортаға алды. Жан - жақтан
тірелген өткір найзалар батырды аттан құлатты, сауытының кіреукесі сөгіліп
ашық өндіршегінен екі - үш найза қадалды. Жаралы батыр көк сүңгісіне
сүйеніп әзер құламай тұрды...
Бұл кезде жетіп үлгерген қазақ жігіттері қаумалай көтеріп шалажансар
Қарабатырды майдан даласынан шығарып әкетеді де, жаралы Ақша батыр мен
інісі кіші Қарабатыр жау ортасында қалып қояды.
Бұл кезде Төле би мен Қойгелді батырдың алдында Қарабатыр соңғы
аманатын айтып көз жұмды. Майдан үсті қым - қиғаш ұрыс жүріп жатты. Осы
кезде ғана Ақша батыр мен інісі Қарабатырдың жау ортасында қалып қойғанын
жауынгерлердің біреуі Қойгелдіге жеткізеді».
Қос батырынан айрылған қазақ жасақтарының бұл жолғы шабуылы өте
тегеурінді, қатты болды, бар аруағын шақырып кектенген олар жауды түре қуып
тастады. Жау ортасында қалған кіші Қарабатыр бұл жолы әупірімдеп тірі қалған
еді.
Қойгелді батыр інісі Ақша батырдың сүйегін ата қонысы Билікөл жері
шалғай болғандықтан Аңырақай даласының бір шетіне, қаза болған қазақ
жасақтарымен қатарлас ақ жауып, арулап жерледі.
Қариялар айтып тарататын шежіре бойынша Шымыр руынан тарайтын
Шоқаннан - Сарт, Жақсылық, Балық, Таңатар туады. Сарттан - Қойгелді,
Қожық, Ақша тарайды.
Ақша батырдың артында Өтеболат және Бекболат атты екі баласы жетім,
жұбайы жиырма жасында жесір қалады. Бір жылдан соң асын беріп, Қойгелді
келінін тұңғыш ұлы Қарабатырға әмеңгерлік жолмен қосады. Қарабатырдан
туған баланың атын Қырғызбай қояды. Оның да кейінірек көзсіз батыр және
мерген аты шығады.
Қойгелді, Қожық, Ақша батырлардан тараған ұрпақтарды шежірешіл
қариялар былай тарқатады: Қойгелдіден – Қарабатыр, Сармырза, Ақмырза,
Жалмырза, Шонды, Үмбетай тарайды. Қарабатыр екі әйел алған оның
бәйбішесінен – Қапланбек, (Сарығаш жақтағы техникум соның атымен аталған)
84
екінші жеңге алған әйелінен Қырғызбай туылған. Дулаттар Ташкен үшін болған
шайқаста ойсырай жеңіліп Жүніс қожа олардың бастарынан төбе тұрғызады (ол
туралы жазған болатынбыз). Осы төбенің ең үстінде осы Қарабатырдың ұлы
Қырғызбайдың басы қойылған. Қырғызбайдың басын шапқан шаңышқылының
Қаратазы деген батыры болатын. Ел арасы тынышталған кезде Ақша батырдың
баласы Өтеболат шешелес інісінің құнын осы Қаратазыдан төлеттіріп алған, -
деп айтылады.
Қожықтан – Алатау, Шобан, Қанай, Баян, Данай туылады.
Қойгелдінің Сарымырза есімді баласынан Жампоз туылады. Ал, Жампоз
болса атақты Бұралқыұлы Керімбай болыстың атасы болып табылады.
Бұл күндері Шымыр руынан тарайтын Ақша батыр мен Қожық
ұрпақтары негізінен Билікөл, Ақкөл, Жуалы аймақтарында мекен етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |