79
Қожақұлы Кәшке (1787-1867)
Мейірім түсер мезгілде
Ағарып атқан таңдай бол!
Жауды бөгер кезіңде
Көлденең жатқан ордай бол!
Б.Момышұлы
Кәшке Қожақұлы 1787 жылы Жуалы ауданының Мыңбұлақ өңірінде
дүниеге келген. Әкесі Қожақ Сегізбайұлы де батыр әрі би болған. Кәшке батыр
туған інісі Әлшікен, онан бөлек төрт бірдей баласымен Кенесары ханның
сарбаздарының сапында болған. Шежіре бойынша Қожақтан Кәшке және
Әлшікен тарайды. (Әлшікен Кенесары ханмен бірге бауыздалған деп айтылады.)
Кәшке батырдан алты бала болған деп ұрпақ таратады шежіреші қариялар. Олар:
Абайділдә, Сатыбалды, Хаһназар, Саржан, Есенгелді және Есім.
Жоңғар шапқыншылығынан соң Мыңбұлақ аймағындағы қазақ
ауылдарына қырғыз манаптарының жандайшаптары жиі - жиі соғыс ашып
тыныштық бермеген. Шекараны бұрын Шоқан батыр Маймақ етіп белгілеп
«Маймақ асуынан бері ассақ, ту - талақайыңды шығарамын» деп Шыңғара
батырға бір бас, бір тастан мұнара тұрғызғаннан кейін де тыныштық
болмаған екен.
Сондай соғыстардың бірінде Кәшке батыр төрт бірдей баласымен
Кенесары қолымен сусыз әлсіреп қолға түседі. Қырғыз манаптары тұтқынға
түскен қазақ сарбаздарын шешіндіріп тастап басын алады. (Оның ішінде
Кәшке батырдың інісі Әлшікеннің де басы алынады.) Осы кезде Орман ханның
шешесі:
-«Әй, ана қазақтың денесін жабыңдар! қасиетті кісі екен» - деп бетін
көлегейлеген екен. Кәшкеге шапан жауып жатып Орман хан оны танып:
-Ей,Кәшкемісің?! деп бас салып құшақтаған екен. Сонда Кәшке:
-Атаңның аузын ұрайын... Алдыңа тағы екі мың қой салып берсем таныр
едің ә! - деп ақырған екен. Оған себеп Кәшкенің әкесі Қожақ батырсодан он
шақты жыл бұрын Орман манап пен екеуін достастырып сыйлыққаастына ат
мінгізіп, алдына екі мың қой салып берген екен.
Сол жолы Кәшке батырдың арқасында екі мыңнан астам қазақ
сарбаздары бостандық алған екен деп кұлағы қалталы қариялар айтып
отырады.
Кәшке батыр мен Қыдыр 1776 - 1860 жылдары аралығында Қоқан хандары
мен қырғыздың соңғы манаптарымен шайқастарда ерлік жасаған.
Кәшке батыр Кенесарының қазасынан кейін жиырма жыл өмір сүрген деп
айтылады демек, ол 1867 жылдар шамасына келеді де ол 80 жыл өмір сүрген
деп шамалаймыз. Кәшке батырлығымен қоса би де болған деген ауызекі
әңгімелер бар. Кәшке батырдың ұрпағынан Саржан болыс болған. Кәшке
Қожақұлының сүйегі Тараз (Әулиеата) жеріндегі қорымға жерленген. Оның
бүгінгі ұрпағы негізінен Қайрат, Дихан елдімекендерінде тұрып жатыр.
Кәшке батыр Қожақұлы туралы тарихи деректер мен мағлұматтарды
Садыбай - Байтана кітабынан, Жорабек Мәмбеталы ұлының естелігінен және
Байтана руының шежіресінен алдық.
|