33
қоңырат, қаңлы елдерінің рухын көтереді. Бұдан соң тарихтан белгілі «Қара
қыстақ соғысында»(Қордай мен Іле арасында), «Бұланты» қорғанында (Жетісуда),
әйгілі Аңырақай соғысында Ақпан соғыс тактикасын жете меңгерген қолбасшы
ретінде көзге түседі. Ақпан, мәселен 100 ден 1000 ға дейін мергендер жасақтап,
топ - топқа бөліп, үнемі дайын алып жүрген, өзінің шебер қолданатын «Ай
қораланды» әдісімен жауды айнала қоршауға алып, әр тұстан атқылап қырып,
артынша жау шебіндегі абыржушылықты пайдаланып, негізгі қолмен жайпап
өтетін болған. 1756 жылы Шу маңындағы соғыста Төле би, Қазыбек би, Жолбарыс
хан, Қабанбай, Бөгенбай батырлармен тізе қосып қалмақтың қолбасшысы
Донықтың отыз бес мыңдық әскерін талқандауда ерлік көрсеткенде Ақпан бар
қазаққа танымал еді» - деп жазады.(Қазақ тарихы. 2002, №1. Ақпан батыр.)
Ақпан батыр сол сияқты Бұқар әмірлігінен бөліне сала көптеген шет
жерлерді басып алған Қоқан хандығының басқыншылығына да қарсы соғысады.
Хамза Амандықовтың «Ақпан батыр» атты тарихи дастан романында
«Ақпаннның Қоқан хандығына қарсы күресі», «Қожабек пен Ақпан айқасы» атты
тарауларында бұл оқиғалар өлең тілімен шынайы етіп суреттелген.
Сол сияқты дастанда Жуалы жеріндегі Алатау қойнауындағы Шегір
қамалының тарихы және Ақпан батырдың Шақпақ ата әулиесіне сиынғаны
туралы да мол деректер келтіреді.
Ақпан батырдың тарихын зерттеуде талантты қаламгер Уәлихан
Сүлейменұлы да үлкен еңбек сіңірген.
Ақпан батыр Әулие Ата маңында Қоқан хандығы датқаларының
зомбылығына араша түсіп, жауды қуып келе жатқанда Жуалы жеріндегі Құлан
асуында жау оғынан, 70 тен асқан шағында мерт болады. Оның сүйегі
Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи кесенесіне қойылады. Бір ескертете кететін
жәйт кесенеде жатқандардың тізімінде Ақпан батырдың есімі жоқ, оның себебі ол
өзінің азан шақырып койған Өтеуіл атымен жерлеген.
Бүгінде Ақпан батырға ұрпақтары Қазығұрт баурайынан ескерткіш
тұрғызған, Шымкент қаласындағы бір орта мектепке Ақпан есімі берілген.
Күллі қазақ халқының ұлы азаттық шайқасында жоңғарлар мен қоқандарға
қарсы күрескен Ақпан батыр сияқты елін, жерін сыртқы жаулардан азат ету
жолында қан төккен асыл ерлер ешқашанда ұмыт болуға тиісті емес.
Достарыңызбен бөлісу: