Батыр елдің сәулеті (өлкенің батырлары туралы)



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата06.01.2022
өлшемі2,45 Mb.
#14421
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43
Байланысты:
Baidalieva batir eldin sauleti.pdf

 
 
Жомарт батыр ( шамамен 1662-1723) 
 
Оу, ерлерім, ерлерім 
Ерлерім бүгін ерледің. 
Соғыс салам тағы да, 
Дұшпан тіліне ермегін! 
Асықпа ажал аузына, 
Татар дәмің таусылса, 
Берерің сонда бермегің. 
 
  Бұқар жырау. 
 
«Ақтабан шұбыранды, алқакөл сұлама» заманындағы Қаратаудан көш емес, 
босқын шұбыраған, қара көзден жас емес қан аққан, төл тірсектер тілініп, төбенің 
басында қалған, сәбилер ілініп, жебенің ұшында қалған шерлі заманда Атамекенді 
жат  -  жерлік  басқыншылардан  қорғауда  еліне  қорған  болған  Жомарт  батырдың 
есімі ерекше аталады.  
Жомарт  батырдың  туылған  жылы  1662  жыл.  Ол  орта  жүз  Найманнан 
тарайтын Садыр руынан.  
Ойраттан ығысып шұбай көшкен арғындарға ілесіп Жомарт батырдың елі де 
Ұлытауға  көшіп  келіп  қоныс  тебеді.  Наймандар  мен  Арғындар  жазғы  жайлауы 
мен  қысқы  қонысы  бір  болып  бірге  тұрады.  Тарихи  деректерге  қарағанда 
Наймандардың  Ұлытау  өңіріне  көшіп  баруы  1680  жылдардың  аяғының  шамасы 
болуы керек. 
Ұлытаудың осы Арғанаты деп аталатын жайлауын олар Ақмырза батырдың 
ауылымен қатар жайлайды. Ақмырза болса Арғынның айтулы батырларының бірі 
болған. Ол жауға тізе қосып бірге шапқан Жомарт батырдың жақын досы болған.  


 
13 
Ол  Ақмырза  батыр  Жомарттың  «Көктұйғын»  -  деп  аталатын  бәйге  атына 
қатты қызығады. Дос көңілін қимаған Жомарт батыр Көктұйғынды көктемгі бір 
бәйгеге қосып, сонан соң беруге уәде етеді. Осы кезде Жомарт батырдың құдасы 
Тәсіпбек  екі  досты  арандатып,  келісілген  уәдеден  бұрын  Көктұйғынды  ұрлап, 
Ақмырзаның  үйіне  апарып  қосады.  Мұны  естіген  Жомарт  батыр  өзінің 
Көктұйғынын  Ақмырзаның  үйірімен  қоса  айдап  алады.  Осы  оқиғадан  кейін  екі 
достың  арасына  жік  түседі.  Жылда  Арғанастыдағы  Жомарт  жаймайтын  қопалы 
бұлаққа Ақмырзаның ағайындары бұрын көшіп барып қояды. 
Содан қызба желік  пен намыс буған Жомарт Ақмырзаның ауылынан бір-ақ 
шығады.  Ет  қызумен  айқасып  жүріп  Жомарт  Ақмырза  батырды  ұрып  өлтіреді. 
Ақырында екі елдің арасына Қаз дауысты Қазыбек би араласып, Жомарт батырға 
құн төлетіп, кек алғызбай зорға бәтуаға келтіреді. 
Сөйтіп  Жомарт  батыр  орны  толмас  өкініш  арқалап,  өзінің  Найманнан 
тарайтын  Садыр  руын  бастап  Жетісу  жеріне  ауа  көшеді.  Олар  алғаш  Таластың 
бойындағы  Асаны  жайлап,  одан  кейін  Боралдай  тауының  терең  шатқалындағы 
Қос Тұраның шығыс беткейіндегі Теректі деген жерге қоныс тебеді. Бұл туралы 
Софы Сматаев өз еңбегінде бұл жайды төмендегіше баяндайды: 
«Жомарт батырдың тоғыз баласы түгел үйленіп, өз алдына ошақ құрып, түтін 
түтетсе  де  енші  алып  іргесі  бөлініп  кете  қойған  жоқ.  Қыс  аяғын  күтпестен  бұл 
ауыл  Теректі  өзеніне  құятын  Үлкентөре  мен  Кішітөренің  арасындағы  тар 
қолтықтан  қайнап  шыққан  мол  сулы  бұлақтың  қамысы  нулы,  ылғалы  көп 
жайылма  тұсына  жақында  ғана  қоныс  тепкен»  дейді  (С.Сматаев  «Елім-ай»  247 
бет).Осы  деректі  М.Тынышбаев  өзінің  «История  Казахского  народа»  атты 
еңбегінде: «Джомарт батыр зимовал возле гор Улькен - тура и Киши - тура по реке 
Боралдай  в  местности  Теректы,  называемый  ныне  «Садыр  Камалган  бастау»  т.е 
ручеев в которого застряли, т.е были окружены и перебиты садыры. В 1923 году 
здесь как раз и зимовал Джомарт батыр со свойми 9 сыновями» - деп көрсетеді. 
1698 жылдың жазында Тәуке хан бастаған қазақ қолы мен қонтайшы Цеван - 
Рабтан  бастаған  жоңғар  қолымен  соғысады.Бұл  қазақтар  жағынан  үш  жүздің 
басын  біріктіріп  жаудан  туған  жерді  азат  ете  бастаған,  жалпы  қазақ  жоңғар 
соғысында оң бетбұрыс бола бастаған кезең еді. Осы шайқастың алдында қазақтар 
жағынан  «Қаптағайлап!»  найманның  нар  тұлғалы  батыры  Жомарт  батыр, 
жоңғарлар жағынан жас батыр Қорабаймен (қырғыз) жекпе - жекке шығады. 
Жомарт  батыр  майдан  ортасына  тұрып  жирен  айғырын  тік  шаншылатып 
жаудың  батырын  күтіп  алады.  Осы  кезде  жау  жақтан  қарагер  бедеуін 
омыраулатып алып денелі жас батыр тақала береді. Екеуі бір-бірімен шоқпармен 
қақтығысып  өткенде  Жомарт  батыр  жау  жағының  батырының  қауқарын  бірден 
сезеді.  Жомарт  шапшаң  қимылдап  жаудың  шоқпар  көтерген  білегінен  салып 
жібереді.  Бірақ  жау  батыры  оған  мойымайды.  Енді  сәл  кешіксе  жаудың  жас 
батыры күш алып кететінін сезген Жомарт батыр қара шоқпарды  қағып жіберіп 
көз  ілеспес  шапшаңдықпен  жаудың  құлақ  шекесімен  салып  өтеді.  Осы  кезде 
жаудың шоқпар көтерген қолы сылқ түсіп: 
-Апырай аға, ұқсата соқтыңыз-ау!  - деп опырылып құлай береді. 
Айқас біткен соң Қорабайдың байлаулы қолын шешкізіп Жомарт батыр жан 
сұрайды: 
-Ал  енді  жөніңді  айтшы  кім  боласың?  Қорабай  болса  өз  жағдайын  былай 
түсіндіреді: 
-Сіз тұрмақ өзім түсінер хал емес. Қарғыбаулап, ырылдатып қосатын ием бар. 
Ол қырғыздың атақты Ергенек байы, - деп жауап береді. 


 
14 
Енесай бойын жайлаған қырғыздың Ергенек байы ол кезде ойраттардың қол 
астында  болған.  Ал  Қорабай  жай  кезде  Ергенек  байдың  жылқысын  бағып, 
жаугершілікте оның жасағын бастаған. Сөйтіп ол ойраттың батыры болып жекпе-
жекте Жомарт батырмен шыққан. 
Жекпе-жектен  жеңілген  Қорабайды  Жомарт  батыр  қамқорлығына  алып, 
емдетіп  қатарға  қосады.  Содан  кейін  ол  батырдың  сенімді  серіктерінің  біріне 
айналады.  
Жекпе  -  жекте  Жомарт  батыр  жеңіске  жетіп,  қаша  ұрысқан  Цеван  - 
Рабтанның шеріктерін қазақтар жайлау шетінен алыстата айдап тастап, қырғынды 
тоқтатқаны туралы Софы Сматаев «Елім - ай» атты тарихи романында баяндайды. 
1710  жылдың  қазақша  барыс  жылының  мизам  айында  Ташкент  қаласынан 
оңтүстікке  қарай    қырық  шақырым  жердегі  Әнгерен  өзенінің  теріскей 
жағалауындағы  Күлтөбе  деген  жерде  Тәуке  ханның  «Ханабад»    аталатын 
рабатында қазақтың игі жақсыларының басын қосатын дуан өткізіліп тұрған. Осы 
дуанға  Жуалы  өңіріндегі  Теректіден  бір  топ  нөкерлерімен  Қуат  батырды  ертіп 
Жомарт  батыр  да  барады.  Бұл  жиында  Тәуке  хан  бастаған  сұлтандар:  Қайып, 
Барақ,  Әбілқайыр,  Тұрсын,  Болаттар  билер:  Төле,  Әйтеке,  Көкім,  Сасық,  Жайма 
батырлар:  Сайрық,  Бөгенбай,  Жәнібек,  Қуат,  Жомарт,  Райымбек,  Бөрте,  Есеттер 
қатысқандығы  туралы тарихи мәліметтер бар. 
Бұл  жиын  –  өрісі  тарылған  елді  жаугершілік  заманның  жан  алқымға  алған 
шағында  бүкіл  қазақ  даласының  барлық  тың  түйінін  шешкен  жиын  болған.  Бұл 
жылдары қазақтың біраз ауылын  ата-бабаларының  ежелгі  мекеннен ығыстырып, 
Жайықтан қуып шыққан тоғауыт қалмақтың жаз жайлауын Ырғыз бен Жем және 
Ырғыз  өзендерінің  бойына  сырғытқан.  Жоңғар  хандығы  келіп  Балқаш  көлін 
иемденген.  Солтүстік  тұстан  Ресей  патшалығы  бұрынғы  Сібір  қазақтарының 
жерін сол тұсындағы қазақ хандығының жерін иемденіп  еніп келеді. Сондықтан 
да ығысқан ел хандықтың орталығы Тәуке ханның әкесі Жәңгір ханның тұсында 
иелік  еткен  Түркістанның  маңайына  орналасты.  Бұл  топтасу  қазақ  батырларына 
ойрат жолына тосқауыл болып, уақытша болса да ұстап тұру мүмкіндігі туған еді. 
Бұл кездегі қазақтың рулары мен олардың батырларының жерлері былайша 
орналасқан болатын: Талас пен Арыс өзендерінің арасын жайлаған хан ордасына 
шектес,  Боралдай  өзенінің  бойында,  Қаратауды  етектей  қалың  Қыпшақ  пен 
Жомарт батырдың елі жататын. Шыршық бойында Матайдың Бөрте батырының 
иелігіндегі ел жайлайтын. Шу өзенінің шығысында Керей мен Арғын жұртының 
көші-қоны  .Арғын  Керейдің  жазғы  жайлауы-  Сарысу  өңірінде  жатты.  Олар 
батысындағы  Кіші  жүз  Алшын  жерімен  шектесетін.  Оның  ішінде  Шу  бойында 
Уақ, Керей, Тарақты руларының да қонысы болатын. Бұлардың бәрінің де кезінде 
басын қосқан Тәуке хан еді. Амудария мен Сырдария аралығындағы жеті рудың 
қоныстары,  ал  күнгейінде  Байұлының  жері  Алшынменшектесіп  жатыр.  Арғын, 
Найманның  қалың  жұрты  Ырғыз  бен  Торғайды  мекендейтін  болса,  орта  жүз 
Қоңыраттың тоғыз руы да Арыс пен Сырды Ұлы жүзбен бірге жайлап жататын. 
Ұлы жүз Ошақты Саңырық батырдың жері Түркістан иелігімен шектесіп жататын. 
Әбілқайыр  сұлтандардың  қонысы  Елек  өңірінде  болса,  Барақ  сұлтан  Иқан 
қаласының  төңірегіне  иелік  еткен.  Арғын  Қазыбек  би  бастаған  Қаракесектің 
қонысы  Ұлытаудың  маңайы  болған.  Бұл  иеліктер  1723  жылғы  «Ақтабан 
шұбырындының» кезеңіне дейін осылай сақталып келген. 
Қос  Тұраның  аузындағы  Жомарт  батырдың  ауылына  жау  шабардан  бірер 
уақыт бұрын ұлты бөлек бір тәуіп шал пайда болады. Ол тау-тасты аралап дәрілік 
шөп  жинап  сол  төңіректегі  елге  емшілік  жасайды.  Сөйтіп  жүріп  Жомарт 


 
15 
батырдың  да  беліндегі  құяңын  емдеп,  сеніміне  әбден  кіріп  алады.  Бұл  тәуіп  – 
Сыбан-Рабтанның алдын-ала Жомарттың аулына жіберген жансызы Габан-Убаши 
болатын. 
Сол  жансыз  Габан-Убашидің  айтып  берген  ақпары  бойынша  1723  жылдың 
көктемінде  Жомарт  батырдың  аулына  күтпеген  жерден  Сыбан-Рабтанның  улы 
Лаузан-Шона  жеті  жүз  қолмен  шабуыл  жасайды.  Бұл  кезде  Жомарт  аулының 
жылқылары  Күреңбел  тұсында  жайылымда  болады.  Жауға  қарсы  мінетін 
айғырлары  шибе  болған  (тарттырылған)  жарамсыз  болатын.  Жайлауға  көшпей 
қыстауда  отырған  бұл  ауыл  белдеуге  ат  байламай  қаннен  қаперсіз  отырған. 
Мұқатайдың тұңғыш ұлы  Бесікбай: «Жау шапты!», «жау шаптылап» хабар алып 
келгенде Жомарт батыр: 
-«Жә,  аптықпаңдар!  Қатынбысың  қашатын?!  Ат  жалын  тартып  мінгелі 
айқасып келгенің ойрат қалмақ еді ғой. Соқталы шайқас ноқталы бастың сыбағасы 
емес  пе  еді?  Ата-бабамыз  қанымен  суарып,  кегімен  өсірген  алтын  ұя,  ақ  бесігі 
емес пе бұл жер. Беркініп шықсам, бетегелі – баданам, боз жусаны – ақ беренім 
болған туған даланы бүлініп жеткен бөтеннің бозынына тумаған ұлдай қала қиып 
тастармын?  Жығылсам  –  жерім  құшады,  жықсам  елім  құшады.  Қаскөй  жаудың 
түсіне  қан  қатып,  қатайып  келгені  бір  бұл  ғана  ма?  Қалтыраған  бойдың 
тәлтіректеген  ойын  да  қалжыраған  сойын  да  көрсетпеңдер!  Алыстан  әлдекімнің 
ақырғанын  естіп,  жан  сауғалап  жылыстап  кетсем,  ата  аруағы  мен  кіндікжұрт 
топырақ  киесі  атар.  Атар  да  күңіренген  ішімді  бықсық  күйігімен  күйзелтіп, 
ботасынан  айырылған  бозінгендей  боздатар.  Бопсаға  босар  мен  емес!»  -  деп 
абыржыған  елдің  еңсесін  көтереді  (С.Сматаев  «Елім-ай»,  312  бет).  Үдере  көшіп 
үрке  жөнелуге  де  уақыт  та  тар  екенін  болжаған  Жомар  батыр  жауды  ұрыспен 
қарсы алуға бекінеді. Баласы Тәсіпбекке: 
-Ауылдағы  түйе  біткенге  тездетіп  бала-шағаны  мінгіз.  Өте  алсаңдар 
түйеөркештен арғы жаққа асып кетіңдер!» - деп бұйырады. 
Жаудың  алғашқы  шоғыры  келіп  қалғанда  Жомарт  тобы  қара  мылтық  пен 
садақтарын  ыңғайлап  қалқаға  бекініп  үлгерген  еді.  Қалың  қолды  бастап  келе 
жатқан ойрат батырын Жомарттың өзі атып құлатады. 
Шеріктерін қос қапталдап қаптатқан Лаузан-Шона Жомарт батырдың шағын 
тобын  қоршамақ  болып  жанталасты.  Жомарт  батырбалалары:  Тәсіпбек, 
Жауынбай,  Садырбай  немересі  Жоламандармен  Тұраға  қарай  шегіне  берді. 
Кескілескен ұрыс кешке дейін созылды. Ең соңында Тұраға арқа тірегенде Жомар 
батырдың тұңғышы Садырбай мен кенжесі Жауынбай да қаза табады. Осы кезде 
жалғыз қалған Жомарт батырдың қасына өзінің Теңбілкөгімен Шона қолбасының 
өзі келеді. Жомарт батырға: 
-Уа,  Жомарт  батыр!  Қайратыңа  қандым.  Азбан  айғырдың  тозған  тұяғынан 
мардымды  шаң  ұшпайды.  Сен  де  сол  болдың.  Қарақан  қара  басыңа  қару 
жұмсамаймын, босаттым сені, - дейді. Сонда Жомарт батыр: 
-Шона,  сен  кеңдік  деген  сатқындықты  мен  кемдік  дейтін  қазақпын.  Сенің 
тасыған көкірегіңді басар күн де туар. Сол күннің ақсарбасы мен-ақ болайын, шық 
жекпе-жекке! – дейді. Шона: 
-Төре  мен  қара  жекпе-жекке  шықты  дегенді  қайдан  естідің?  –  деп  өзінің 
орнына бір ойратты шығарады. Көкірегіне ыза мен кек тұнған Жомарт батыр оны 
қылышпен шауып өлтіреді. Осы кезде Шона шеріктеріне иек қағады. Тұс-тұсынан 
шаншылған найза Жомартты тік көтеріп әкетеді. 
Шона: -Қалай батыр көзіңе не көрінді? – дейді. Сонда Жомарт батыр: 
-Даламды, тауымды, елімді көріп тұрмын. Сонда да сенен биік тұрмын... деп 


 
16 
қос ұлын құшақтай құлайды... (Бұл айтылған әңгіменің желісі Әбіш Кекілбайдың 
«Үркер» романында да баяндалады) 
Осылайша  1723  жылдың  көктемінде,  сегіз  түмен  қолын  қазақ  даласына 
қаптатқан Цеван - Рабтан күн жылып, көк шықпай жайлауларына көшпейтін қазақ 
батырларын  әрқайсысын  өз  қыстауларында  бейқам  отырғанда  басып  қалды. 
Шығыстан жер қайыстырып төгілген қарақұрт жау Қаратау мен Талас өңіріне сау 
етіп құйылды. Алғашқы соққыға ұшыраған батырлар Жомарт пен Шыршықтағы 
Бөртелер  болды.  Қол  бастап  жауға  шығатын  жиырма  шақты  ел  серкесін  осылай 
олжалаған еді. 
Жомарт батыр өзінің тоғыз ұлымен және үлкен немересімен жаудың қалың 
қолымен шайқасып үлкен ерлік көрсетеді. Бірақ еш жақтан келетін жәрдем жоқ, 
Үлкен тұраға дейін шегініп ақырында бәрі де мерт болады. Қырғынға ұшыраған 
Жомарт  аулынан  екі-ақ  адам  аман  қалады.  Оның  бірі  Жомарттың  немересі  – 
Жоламан. Ол соғыста тұтқынға түсіп  жау қолына кетеді. Екіншісі  әлі қырқынан 
шықпаған  сәби  –  Жоламан  мен  Аршагүлдің  ұлы  Тасболат  болатын.  Жау  шауып 
кеткен елге ымырт жабыла кештетіп жеткен Қуат батыр Аршагүл мен оның сәбиін 
Шыршық  жаққа  алып  кетеді.  Мұхаметжан  Тынышбаевтың  жазған  шежіресі 
бойынша кейін осы Тасболаттан бір тайпа Садыр елі тарайды. 
 Сол жосынды жорықтардың ескерткішіндей болып Қошқарата өңірінде жер 
сақтаған, ел сақтаған белгісіндей  «Садыр қамалған»,   «Садыр мүрде»- деген жер 
атаулары қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет