Қазақстан тарихы



Pdf көрінісі
бет21/42
Дата06.01.2022
өлшемі1,85 Mb.
#14567
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42
Байланысты:
Қазақстан тарихы

Сөйтiп,  реформа  бойынша  салық  жинаудың  баршаға  ортақ  бір  жүйесi 
енгiзілдi, бұл орайда әр түрлi топтардың материалдық тұрмыс жағдайына формальдi 
түрде есеп жүргiзуге де тиым салынды. Мұның өзi оған айқын көрiнетiн саяси сипат 


 
93 
бердi. Жаңа әкiмшiлiк өріс-жайылымды пайдаланудың ғасырлар бойы қалыптасқан 
тәртiбiн бұзды. Әр рудың жыл мезгіліне байланысты көшіп-қонатын бағыттары, 
дәстүрлі жердi пайдалану тәртібі өзгеріп халық арасында қайшылық туғызды
 
5.  XIX  ғ.  екiншi  жартысында  қазақ қоғамындағы  жер қатынастары Кiшi жүзде 
бұрынғыдан  да  шиеленiстi:  бұлардың  казак  әскери  үстем  тобына  тәуелдiлiгi  күшейдi, 
шеп  бойындағы  тұрғындардың  келiмсектермен  қарым-қатынас  қайшылықтары 
тереңдеді.  Осының  бәрi  1868-1870  жж.  империялық  билік  жүйесі  мен  оны  қолдаушы 
бай-шонжарларға  қарсы  жергілікті  халықтың  бірнеше  қарулы  көтерiлiсiне  себепкер 
болды. 
 
Орал,  Торғай  және  Маңқыстау  өңiрiндегi  iрi-iрi  ру  басылары  жетекшiлiк  еткен 
қазақтар  үкiметтiк  комиссияларды  шетқақпайлады,  патша  әскерлерi  мен  полиция 
топтарына  қарулы  қарсылық  көрсеттi.  1868  жылы  Орынбор  желiсiнен  комиссиямен 
шыққан  фон  Штемпель  құрамында  200  жуық  жауынгері  бар  тобына  Жамансай  көлi 
маңында  20000  қазақ  жетi  күн  бойы  қоршауда  ұстап,  әбден  аттарының  жемi  мен 
әскерiнiң  азық-түлiгi таусылғасын желiге қайтуға мәжбүр еткен. 
 
Қазақ  шаруаларының,  әсiресе  өз  феодалдарына  қарсы  күресi  ұзаққа  созылды. 
1869  жылдың  наурызынан  маусымына  дейiн  билердiң,  сұлтандардың,  болыс 
билеушілерінің,  ағамандардың  ауылдарына  41  шабуыл  жасалды.  Торғай  мен  Орал 
облыстарындағы  көтерiлiстердiң  аумағы  жергiлiктi  үкiмет  орындары  мен  орталық 
биліктi  мықтап  ойландырды.  Көтерiлiстi  басуға  бірнеше  топ  жазалаушы  отрядтары 
жiберiлдi.  Орал  облысында  подполковник  Рукин,  граф  Комаровский,  генерал-
губернатор  Веревкин  басқарған  және  басқа  әскери  бөлімдері  басып-жаншу  іс-
қимылдарын  жүргізді.  Ұйымшылдығы  төмен,  тәртіпсіз,  басқарушылар  арасындағы 
түсінбестік-алауыздық  салдарынан  көтерiсшiлер  іс-қимылдары  сәтсіздікке  ұшырады. 
Көтерiлiсті басқарып жеке мүддесін көздеген билер мен ағамандардың дәйексiздiгi мен 
сатқындығы көтерiлiстiң тез арада-ақ басып-жаншылуына негізгі себепкер болды. 
 
Маңқыстау  шаруаларының  үкіметке  қарсы  көтерiлiсi  де  1869  ж.  Орал  мен 
Торғай  облыстарында  уақытша  ереженiң  енгiзiлуiне  байланысты  болды.  Бұл  аймақ 
тұрғындары  адайлар  арасында  жер  мәселесi  бұрынғыдан  да  шиеленiсе  түстi.  Салық 
жинаудың жаңа жүйесi халықтың ашу-ызасын Ереженi iске асырудың бастапқы кезінде-
ақ  күшейттi.  Маң  қыстау  приставы  подполковник  Рукин  38  казак  және  төрт  зеңбiрегi, 
тiлмаш  Бекметовы  бар  өз  отряды  және  оларға  жол  көрсетуші  Б.  Маяев  би,  бөлiмше 
басқарушылары  қосылған  (барлығы  60  адам)  35  түйе  керуенiмен  1870  жылы  15 
наурызда  орнынан  көшiп  кеткен  ауылдардың алдын кесу үшiн Құрып деген жерге жол 
шектi.  Рукиннiң  өз  отрядымен  далада  көрiнуi  көтерiлiске  от  болды.  Бозащы  түбіндегі 
бақташылар  Досан  Тәжиев,  Иса  Тiленбаевтің  басқаруымен  30  мылтықпен  қаруланған 
200-дей  қазақ  жиналды.  Бiр  апта  бойына  (15-21  наурызда)  патша  отряды  Буырлы, 
Құнансы,  Төбеқұдық  нүктелерiнен,  Жаманкөл  мекенiнен,  ұсақ  құдықтардың  ізімен 
кедергiсiз  жүрiп  өттi.  Бiрақ  одан  соң  айқас  кезiнде  Рукин  отряды  талқандалып, 
жараланған Рукин өзiн-өзi  атып тастады. Жеңiс көтерiсшiлердi жiгерлендiре түстi. 
 
Осы  шайқастан  кейін  көтерiлiс  аймағы  кеңейiп  Александровск  форты  мен 
Николаевск  станицасының  бөлімдеріндегі  балықшылар  арасынан  да  оларды 
қолдаушылар  табылды.  Жұмысшы  қазақтарға  1869  ж.  күзiнде  Ембi  уезiндегі 
тұтқындағы адайлар қосылғаннан кейiн көтерiлiсшiлер саны 10 мың адамға жеттi. 1870 
ж.  5  сәуiрде  олардың  тобы  Александровск фортына, Николаевск станицасына шабуыл 
жасады. Форт маңындағы маяктарды қиратып өртеп, әскерлердің қоймаларын, Нижнее 
бекiнiсiн,  саудегерлер  үйлерiн,  дүние-мүлiктерiн  талқандады.  Көтерiлiс  тек  жергiлiктi 
үкiмет  орындарында  ғана  емес,  сонымен  бiрге  Ресей  қарулы  күштерiнiң  штабынада 
қауiп-қорқыныш  туғызды. 
 
Осы  кезде  Англия  мен  Ресей  арасында  Иран  және  оның  айналасындағы 
өңiрлерді  отарлау  үшін  тайталас  /күрес/  шиеленiсіп  жатты.  Патша  үкiметi  Хиуа 
хандығына  қарсы  соғыс  жорығына  әзiрленiп,  әскерлерiн  Красноводск  ауданына 
жинақтап  жатты.  Маңқыстау  көтерiлiсi  орталығы  осы әскерлердiң ту сыртында болып 
шықты. Көтерiлiстi басып-жаншу үшiн  мамыр айының аяғында Кавказдан Маңқыстауға 
Ресей  армиясының,  Дағыстан  полкының  және  Терск  казактар  жасақтарының  тоғызға 
жуық  бөлiмдерi  жiберiлдi.  Көтерiсшiлердiң  жанқиярлық  қарсыласына  қарамастан  олар 
жеңiлiске  ұшырады. 


 
94 
 
Сөйтіп,  Маңқыстау  аймағы үш ай шамасында көтерiсшiлерден арылып, ал “бас 
имейтiндер”  қатал  жазаланды.  Осы уақытта генерал-губернатор Н.А. Кржыжановский 
соғыс  министрi  Милютиннен  “бүлiкшiлердi  басқаларға  сабақ  болу  үшiн  аяусыз 
жазалау”  жөнiнде  жарлық  алды.  Көтерiлiс  басылғаннан  кейiн  оның  жетекшiлерi  М. 
Тiленбаев, Д. Тәжиев, И. Құлов өздерiнiң көптеген әрiптестерi, ағайын- ауылдастарымен 
1870 ж. желтоқсанында Хиуа хандығына өтiп кеттi деген жала хабар таратты. Д.Тәжиев 
бастаған көтерілісшілер қаруын бірден тастаған жоқ, қарсылықтарын жалғастыра берді. 
Ол  шағын  топпен  Үстірт  бағытына  бет  алып,  жазалау  отрядтарына  тұтқиылдан 
шабуылын  жалғастырды.  Отряд  қайткенде  де  оларды  қолға  түсіру  үшін  соңынан 
қалмай,  ақыры  қолға  түсіріп,  Гурьев  түрмесіне  қамап,  көтеріліс  басшыларымен  оның 
қаруластарына өлім жазасын кеседі. 
 
Ғылыми  тұжырымдардың  барлығы  дерлiк,  Маңқыстаудағы  көтерiлiстi 
феодалдарға қарсы әлсiз сипатта көрсетiп, олар мұны көшпелiлердiң таптық санасының 
дамуын  тежеген  рулық  ескi  қалдықтар  деп түсiндiріп баса атайды. Көтерiлiстiң басты 
ерекшелiгi  оған  шаруалардың  барлық  топтары  белсендiлiкпен  қатысуы.  Көтерiлiстi 
аяусыз  жаншып,  Кавказ  әкiмшiлiгi  Маңқыстауда  қалған  8  мың  үйден  57901  cомның 
алымдар  мен  түрлi  салықтарын  жинап  алды.  Адайларға  үкiметке  90  мың  қой  беруге 
соғыс  салығы  салынды.  Сонымен  қатар  көтерiлiс  өзiнiң  бар  күшiмен  Ресей  үкiметiнiң 
отарлау саясатына қарсы бағытталды. 
 
Ресей  үкiметi  қазақ  даласын  отарлау  әдістерінің  бірі  етіп  орталық  губерния 
тұрғындарын  Қазақстанға  қоныс  аударуы  туралы  бағыт  ұстанды.  Мысалы,  Жетiсу 
облысының  әскери  губернаторы  генерал  Колпаковскидiң  ұсыныс-жобасымен  1868 
жылы  “Жетiсуда  шаруаларды  қоныстандыру  туралы  уақытша  ережелер”  жасалып,  ол 
1883  жылға  дейiн  күшiн  сақтады.  Құжат  шарты  бойынша  қоныс  аударушыларға 
бiрқатар жеңiлдiктер  берілді:  жан басына (ер адамдарға) 15 жыл мерзiмге салықтан және 
алуан  түрлi  мiндеткерлiктен,  соның  iшiнде  әскер  қатарына  шақырудан  босатылды, 
мұқтаж отбасыларына “керек-жарақтар алу үшiн” (100 сомға дейiн) несие берiлдi. 
 
1883  жылы  Жетiсу  облысын  Дала  генерал-губерниясына  қосуына  байланысты 
жергiлiктi  әкiмшiлiк  “Облыстың  отырықшы  халқын жерге орналастыру туралы ереже”, 
яғни  байырғы  тұрғындарды,  келімсектерді,  сондай-ақ  Шығыс  Түркiстаннан  қоныс 
аударған  ұйғырлар  мен  дүнгендердi  орналастыру туралы да ереже қабылданды. Жаңа 
құжат  1885  жылы  1  мамырда  бекiтiлдi.  Онда  қоныс  аударушыларға  қаралған 
жеңілдіктер  бiраз шектелдi. Мысалы, жаңа құжат бойынша жер үлесi әр адам басына 10 
десятина  болып  шегерілді,  олар  салықтар  мен  мiндеттіліктен  тек  үш  жылға  ғана 
босатылды, ал одан кейiнгi үш жылда оларды жартылай өтейтiн болды. 
 
Түркiстан  өлкесiне,  соның  iшiнде  Сырдария  облысына  шаруалардың  қоныс 
аудару шарттары 1886 жылы жарияланған “Түркiстан генерал-губернаторлығын басқару 
туралы ережеде” анықталды. Жаңа ереже шартына сәйкес тұқым салуға жарамды жер 
үлесi әр адамға шаққанда 10 десятина болып белгiлендi, қоныс аударушылар салықтар 
мен  мiндеткерлiктен  бес  жылға толық босатылып, одан кейiнгi бес жыл iшiнде оларды 
жартылай мөлшерiнде өтейтін болды. 
 
Осы  бағыттағы  келесi  құжат  1889  жылғы  13  шiлдеде  жарық  көрген  “Село 
тұрғындары мен мещандарды қазына жерлеріне өз еркiмен қоныс аударуы туралы және 
аталған  сословиелердiң  бұрынғы  кезде  қоныс  аударғандардың  тiзiмiн  алу  тәртiбi 
туралы”  арнаулы  ереже  болатын.  Онда  iшкi  iстер  және  мемлекеттiк  мүлiк 
министрліктері  алдын  ала  келісім  берген  жағдайда  ғана  қоныс  аударуға  болатыны 
көзделдi,  ал  онсыз  қоныстанушылар  дереу  кейiн  қайтарылатын  болды.  “Құрмет 
көрсетуге  лайықты”,  яғни  “сенiмдi”  адамдардың  қоныс  аударуына  келісім  беру  және 
оларды “қоныстандыруға арналған қазына жерiнiң бос учаскелерi бар” жерлерге жiберу 
құқығы сол министрліктерге жүктелдi. 
 
“Ережеде”  Тобыл,  Жетiсу, Ақмола және Семей облыстарында көшіп келушілер 
үшін  нақты  аудандар  белгiлендi.  Белгіленген  аймақтарда  жер  үлестерi  ер  адамға 
“егiншiлiк жағдайлары және топырақ құнарлығы... анықталып тиісті мөлшерде бөлiндi”. 
Орталық  губерниялардан  шаруаларды  шет  аймақтарға қоныстандыруға ерекше маңыз 
берген  патша  үкiметi  ішкi  министрлiгi  жер  бөлiмi  жанынан  ерекше  тапсырмалар 
жүктелетiн штаттағы алты қызмет орнын құрды. 


 
95 
 
1893  жылғы  13  маусымда  бекiтiлген  ”Сiбiр  темiр  жолы  ауданында  қоныс 
аударылатын  және  учаскелер  қорын  құруға  арналған  уақытша  ережелер”  шарты 
бойынша  жергiлiктi  жерлерде  “Уақытша  комиссиялар”  құрылды.  Олар  қоныс 
аударылатын  және  қор  учаскелерге  жер  алу  мәселенi  шештi,  жергiлiктi  халықтың 
шағымдары  мен  ұсыныстарын  қарады.  Кейiн  осы  құжаттардың  кейбiр  баптары 
анықталып,  әр  ер  адамға  шаққанда  15  десятина  мөлшерiнде  жер  берiлген  байырғы 
қоныс аударғандардың мүдделерi ескерiлдi. 
 
XIX  ғасырдың  60-шы  жылдарынан  бастап,  Ресей  орталық  губернияларынан 
Қазақ  даласы  мен  Сiбiрге  қоныс  аудару  шұғыл  қарқын  алды.  Шаруаларды 
қоныстандыру Ақмола, одан соң Жетiсу, Семей, Орал, Торғай облыстарында басталды. 
Қазақ  даласына  қоныс  аудару  қозғалысы  70-шы  жылдардан  бастап,  яғни  Сiбiр  темiр 
жолы  комитетi  құрылғанға  дейiн-ақ  етек  ала  түстi.  Тек  1885-1893  жж.  Ақмола 
облысының  байырғы  халқының  пайдалануынан  251,8  мың  десятина  жер  тартып 
алынып, 10940 ер адамы бар 24 келiмсектер мекенi құрылды, ал Семей облысында нақ 
сол кезеңде қазақ шаруаларынан 33064 десятина егiстiк жерi тартып алынды. 
 
XIX  ғасырдың  70-шi  жылдарында  Торғай  облысына  қоныстандыруға  орыс 
шаруалары  133  отбасы  Ақтөбе  бекiнiсіне  тұруға  тiлек  бiлдiрген.  1881  жылы Қостанай 
уезiнде  қоныс  аударушы  шаруалардың  1200  отбасы  iрге  тептi.  1884-1891  жылдары 
аралығында  Орал  облысына  шаруалар  Ресей  орталық  губернияларынан  2299 
крестьяндар  отбасы  қоныс  аударып,  олардан  Темiр  уезiне-703,  Ойыл  бекiнiсiне-237, 
Шыңғырлауға-158,  Қобда  өзенi  жағасына-120,  Жымпиты  болысына-140,  Шалқар  көлi 
жағасына-25,  Сағыз-Жем  өзендерiнiң  шұрайлы  жерлерiне-97  және  басқа  уездердiң 
территориясына 916 отбасы көшiп келдi. 
 
Әсiресе қоныс аударушылар Жетiсу облысына көптеп ағылып жатты. 1868-1880 
жж.  мұнда  3324  отбасы  қоныстанды  олардың  2099  ауылда,  ал  1225-i  қалаларға 
орналасты.  1883  жылы,  Жетiсу  облысы  Дала генерал-губернаторлығының кiрген кезде 
облыстағы  шаруалар  саны  15  мыңға  жетiп  олар  29  селоны  құрады,  ал  облыс 
қалаларында  190-ға  жуық  көпес  отбасы  мен  1400  мещан  отбасы  тiркелдi.  1890-1891 
жылдары  Жетiсу  облысына  тағыда  1769  шаруа  отбасы, соның iшiнде Лепсi уезiне-410, 
Верный  уезiне-314,  Қапал  уезiне-98,  Пiшпек  уезiне-913  және  Пржевальск  уезiне  34 
семья қоныстанды. 
 
Шаруаларды  қоныстандыру  Сырдария  облысында  XIX  ғасырдың  70-шы 
жылдарында басталып, негiзiнен  Шымкент, Ташкент және Әулие-ата уездерiн қамтыды. 
Егерде  1874-1882  жылдарда  облыста  6  шаруалар  селосы  құрылса,  1884  жылдан  1890 
жылға  дейiн  -  14,  1891-1892  жылдар  iшiнде  17  жаңа  поселке,  ал  осы  жылдар  iшiнде 
Сырдария облысында барлығы 37 поселке құрылды.  
 
Қазақстанға  қоныс  аударудың  жаңа  кезеңi  XIX  ғасырдың  90-шы  жылдарында 
өттi.  1893-1896  жж.  Ақтөбе  уезiне қоныс аударушылар саны 2500 адамға, ал Қостанай 
облысының  поселкелерiнде  9173  адамға  жеттi  немесе  1890  жылғыға  қарағанда  1418 
адамға  көбейдi.  1868  жылмен  салыстырғанда  1894  жылы  Ақмола  облысында  орыс 
халқының  саны  75  мың  адамға көбейдi, Торғай облысында қоныс аударушы шаруалар 
саны 16 мың, Сырдария облысында 12 мың адам болды. 
 
1896  жылға  қарай  Ақмола  және  Семей  облыстарының  бiрқатар  уездерiнде 
(Ақмола,  Петропавл,  Көкшетау,  Атбасар,  Омбы,  Павлодар  және  ¤скемен)  қоныс 
аударушы  шаруалардың  150  мыңға  жуық  халқы  бар  43  болысы  құрылды.  Олардың 
пайдалануына 1,4 миллион десятинаға жуық жер берiлiп, оған қоса 88 мың десятина жер 
арендалық  шартпен  бөлiндi.  Шаруалардың  өз  бетiмен қоныс аударуы уақытша тыйым 
салынғаннан кейiн  де тоқталған жоқ. 
 
Орыс  және  басқа  ұлттардың  қоныс  аударушы  шаруалары  өздерiмен  бiрге жер 
өңдеудiң,  пiшен  шабудың,  үйлер,  мал  қораларын,  т.б.  салудың  ғасырлар  бойындағы 
тәжiрибесiн  ала  келдi.  Мұның  қазақ  халқына  әсер  еткенi  күмәнсiз.  Ал  сонымен  бiрге 
қоныс  аударушылар  қазақ  халқынан  суармалы  егiншiлiк  пен  мал  өсiру 
шаруашылығының дағдыларын үйрендi. 
 
Ресей  орталық  губернияларынан  Қазақ  өлкесiне қоныс аударушы шаруалардың 
басым  көпшiлiгi  күйзелген,  жоқшылыққа  /кедейлікке/  ұшыраған  болатын.  Iрге  тепкен 
орындарында  олар  иеленушi  және  қоғамдағы  билеушi  топтарға  кiрiптарлыққа  түстi, 


 
96 
көпшiлiгi соларға тәуелдi болып көбiнесе жалданып, аз ақы төленетiн ең ауыр жұмыстар 
атқаруға мәжбүр болды. 
 
Қоныс  аударушылар  басынан  кешiрген  әлеуметтiк  ауыр  езгi  олардың  бiр 
жағынан,  қазақ  еңбекшiлерiмен  өздерiнiң  мүдделерi  бiр  екенi  туралы  сезiм  туғызды, 
екiншi  жағынан  жалпы  жергiлiктi  халыққа  оның  ғасырлар  бойы  қалыптасқан 
мәдениетiне, 
әдет-ғұрпына, 
әлеуметтiк 
қатынастарына 
ерекше 
көзқарасты 
қалыпастырды. Олар патша өкiметi мен қанаушы таптарға қарсы күреске қоян-қолтық 
бiрлесiп шықты, қоныс аударғандар мен қазақ шаруаларының таптық сана-сезiмi бiрте-
бiрте  өсе  бердi.  Еңбектегi  және  әлеуметтiк  байланыстардың  дамуы  арқылы  олардың 
өмiрдегi көптеген көкейтестi проблемалардан ынтымағы қалыптасты, келiмсектер және 
қазақ халықтарының жақындасу процесi бiр жүйелiк қалыпқа келе бастады. 
 
Тоғызыншы дәрiс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет