XVIII - XIX ғғ. Қазақстанның мәдениетi.
Ж о с п а р ы:
1. Рухани мәдениет: білім саласы, өлкенiң зерттелуi, әдебиет және музыка.
2. Материалдық мәдениетi.
3. Әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері.
Семинар жоспары:
1.
Қазақстандағы саяси-әлеуметтiк қатынастардағы өзгерiстер.
2.
Қазақ өңiрiндегi революциялық қозғалыстардың дамуы.
3.
ХХ ғасыр басындағы орталық үкiметтiң жүргiзген аграрлық саясаты, оның салдары.
4.
Қазақ халқының зиялылары: Ш.Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, Абай Кұнанбайұлы.
Рефераттар тақырыптары:
1.
Қазақстанда социал-демократиялық идеялардың таралуы.
2.
XIX ғ. екiншi жартысында Қазақстандағы халық ағарту iсi.
3.
Қазақстанда тауар-ақша қатынастарының дамуы.
4.
Ағартушы-ғалым Шоқан Уәлиханов.
5.
Ағартушы педагог Ы.Алтынсарин.
6.
Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлы.
¤зiндiк жұмыс сұрақтары:
1.
X1X-XX ғасырлар аралығында Қазақстанда болған өзгерiстер сипаты неде?
2.
Қазақстандағы алғашқы ереуiлдер және оның сипаты қандай?
3.
Саяси қуғын-сүргінге ұшырап, жер аударылғандардың ұлт-азаттық
қозғалысқа ықпалы қандай болды?
4.
Абай Құнанбайұлы, Ы.Алтынсарин мен Ш.Уәлиханұлы қай жылдары өмiр сүрген?
5.
XX ғ. басындағы Қазақстанның әлеуметтiк құрылысына сипаттама берiңiз.
6.
Қазақстанға басқа ұлт өкiлдерi нендей себептермен қоныс аударған?
7.
Жұмысшы қозғалысының алғашқы қадамдарын айтып берiңiз.
Ә д е б и е т т е р:
1.
Қазақ ССР тарихы, 5-томдық, 3-томы. Алма-Ата, 1982.
2.
Қазақ ССР тарихы, 2-томдық 1-том. Алма-Ата, 1949.
3.
Қазақстан тарихы көне заманнан бүгiнге дейiн (очерк). Алматы. “Дәуiр”, 1994.
4.
Қазақ Советтiк Социалистiк Республикасы. Энциклопедиялық анықтама.
Алма-Ата, 1980.
5.
Шамшат ұлы. Дарынды ғалым, дара демократ Шоқан Уәлихановтың саяси-
әлеуметтiк көзқарасы немесе ол қайта құрудың қажеттiлiгiн болжап бiлген бе?
97
“Ақиқат“, 1991, N 12.
6.
Қасымбаев Ж. Қазақстан шекарасы туралы бiрер сөз. “Ақиқат“, 1992, N5
7.
А. Күзембайұлы, Е. Әбiл. История Республики Казахстан. Алматы “Санат”, 1998.
8.
Учебное пособие по истории Казахстана с древнейших времен до наших дней.-
Алма-Ата., 1992.
9.
Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. Алма-Ата, 1992.
10.
Народное движение в условиях колониализма /Казахстан Средняя Азия, Северный
Кавказ /. Материалы Всесоюзного “круглого стола“. 27-28 июля 1990 г.
Целиноград, 1991.
11.
Хозяйство казахов на рубеже 19-20 вв. Материалы к историко-этнографическому
атласу.-Алма-Ата., 1980.
12.
Бейсенбаев К. Идейно-политическое движение в Казахстане в конце 19-начале 20
веков.-Алма-Ата, 1961.
13.
Кайназаров Е.К., Кайназарова А.Е. История Казахстана. Алма-Ата. 1992.
14.
Н.Верт История Советского государства.”Прогресс-Академия”, М., 1995.
1. Қазақ халқының XVIII ғ. мен XIX ғ. бiрiншi жартысындағы мәдениетi өткен
дәуiрдiң мәдениетiмен, оның озық дәстүрлерiмен сабақтас, байланыста болды. Cонымен
қатар бұл кезде жаңа құбылыстар да бой көрсеттi. XVIII ғасырға дейiн қазақ
ақындарының есiмдерi, олардың әрқайсысының шығармашылығы, олар өмiр сүрген
уақыт дерлiк белгісіз едi. Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау және басқалары шежiрелерде,
аңыз-әңгiмелер мен эпостарда ғана аталып, олардың өмiрi мен шығармашылығы жайлы
нақты деректер XІX ғасырдың аяғында да Қазақстан ғылымында өте тапшы болды.
Тек XVIII ғасырдың орта шенiнен, әсiресе XIX ғасырдан бастап орыс ғалымдары
мен қазақ интеллигенциясының жекелеген өкiлдерi ақындар, импровизатор-әншiлерi,
жыршылар туралы деректер жинап, олар шығарған өлеңдер мен жырлардың мәтіндеріне
жазып ала бастады. Ақындар мен жыршылардың кейбiреулерiнің өздерi өлеңдерiнiң
түпнұсқасы өзгерiссiз сақталып қалған. XIX ғасырдың орта шенiнен бастап жекелеген
ақындардың өлеңдерi мен жырлары жариялана бастады.
Бiр жағынан қазқ қоғамының дәстүрлi негiздерiнiң бұзылуы, екiншi жағынан -
жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметiнiң бұрын
белгiсiз түрлерiн дүниеге алып келдi. Еңбектiң қоғамдық бөлiнуiнiң тереңдей түсуi
халықтың мәдениетi мен рухани өмiрiне шынайы әсер еттi. Қазақстан Ресейдiң,
Англияның, Францияның және басқа мемлекеттердiң ғылым, техника, мәдениет
жетiстiктерiн кiм ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын
болатындығы туралы түсiнушiлiк қоғамдық санада берiк орнықты.
Қаралып отырған кезең қазақ арасынан шыққан көптеген рухани қазынаның
иелерiне толы. Олардың басым көпшiлiгi бұрынғы оқулықтар мен басқа да түрлi
басылымдарда жан-жақты сипатталған. Сондықтан, бұл еңбекте бұрын-соңды жарық
көрмеген, тiптi ел аузында ардайым құрметпен аталып жүрсе де, кезiнде аталуына
тыйым салынған есiмдердi тұңғыш рет жазып отырмыз.
Бекет -Ата (1750-1813 жж.) бүкiл қазаққа, соның iшiнде Батыс Қазақстан өңiрiне
рухы әйгiлi тарихи тұлға. Орал мен Копет-Даг арасын алып жатқан ұлан-байтақ өлкенiң
ежелгi тұрғындары Қасиеттi Бекет-Атаға бағыштап бiр ауыз қиянат сөз айта алмаған,
зәрiдей де қиянат қылық жасай алмаған. Бұл өлкедегi әр шаңырақ қуанған кезiнде де,
құлазып-қиналған кезiнде де ең алдымен Бекеттiң атын ауызға алған. Қандай заманда
болмасын оған деген ел сүйiспеншiлiгiне қылау түсiп көрген жоқ. ¤йткенi ол тiрiсiнде –
елiнiң жел жақтағы панасы, ық жақтағы Санасы бола бiлген Азамат. Жаудан елдi
арашалаған батыр, дауда әдiлеттi арашалаған Қази. Озбырылқтан обал мен сауапты
арашалаған Пiрәдар.
Оның қыранның қанаты талар қиян даланы жайлаған ата-жұртының, ата-
мекенiнiң барлық шекарасында қырандар түлек түлететiн қия шыңдардан өз қолымен
тас қашап, тауды үңгiп, жер асты ғимараттар салып, мешiт-медреселер ашуы да ескi
аңыздардағы Прометей мен Фархадтарды, Киелi кiтаптардағы Муса мен Әзiрет әлiнi
еске түсiретiндей тұлға болған. Шөл кезiп, ерiнi кезерген елiне асасының ұшымен тас
шұқып, кәусар бұлақ тауып берген Муса пайғамбардай Маңғыстау мен Үстiрттегi
98
Бекет-Атаға байланысты жердiң бәрiнде де балдай бұлақ, көк кұрақ, маңыраған арқар,
таутеке. Елi мен жерiн шексiз сүйген Асыл Азамат, Абзал Адамды Елi де шексiз сүйедi.
Бекет-Атаның басты құдыретi - мiне, осында. ¤йткенi, ол көзiнiң тiрiсiнде
қиянатқа жол бермес әдiлдiктiң, күпiрлiкке жол бермес адалдықтың, қараулыққа жол
бермес шапағаттылықтың, қатыгездiкке жол бермес мейiрiмдiлiктiң, арсыздыққа жол
бермес парасаттың асқан үлгiсiн танытып, үлкен-кiшiнi, алыс-жақынды, дос пен
дұшпанды түгел мойындатқан адам.
Жем бойы жетi жұрты жайлаған ежелгi аталардың құт қонысы. Осындағы
Ақкиiзтоғай ауылының “Ақмешiт” /Атырау облысы Жылыой ауданы орталығы Құлсары
қаласынан 60 шақырымдай/ аталатын қасиеттi бiр мүйiсiнде 1750 жылы көрiпкел әулие,
айтқаны айнымай келетiн сәуегей, жезтаңдай ақын, жез найзалы батыр, iзгi жүректi
Бекет Ата Мұрзағұлұлы дүниеге келген. XVIII ғасырдың бас кезiнде Хорезм мемлекетi
кеңiнен танылды. Бұл кезде бүкiл Орта Азия хандықтары түгелдей дерлiк Хорезм
мемлекетiнiң қарамағында болған едi. Хиуа мен Үргенiште де ондаған медреселер
болып, оларда Орта Азия мен Қазақстаннан ғана емес, Үндiстаннан, Ауғанстаннан,
Иран мен Ирактан және басқа да көптеген араб, парсы, түркi елдерiнен шәкiрттер келiп
оқыған. Сондай-ақ бiлiктi ғалымдар Хиуа мен Үргенiшке ағылып келiп жататын.
Олардың iшiнде көптеген астрономдар, физиктер, дүние танушылар, дәрiгерлер,
ақындар мен абыз-қажылар болған. Бекет-Ата да Хиуада атаулы Бақыржан ғұламадан
дәрiс алған. Бұл деректердi XIX ғасырда Үстiрттi зерттеген орыс ғалымдары өздерiнiң
еңбектерiнде келтiрген. Мысалы, бұл туралы 1820-1821 жылдары Маңғыстау өлкесiн
аралаған Э. Эверсман мен В. Дюгамель және 1853 жылғы Алексеев экспедициясы көп
анықтама берген.
Кеңес дәуiрi кезiнде, оның зобалаң шақтарында Бекет Атаның ұрпақтары, оның
ұстап - тұтынған мүлiктерiн, құран кiтаптарын, толғау жырларын астыртын сақтап
қалған. Ел арасындағы ауыздан-ауызға тараған аңыздардың өзi имандылыққа ұюдың
бастау бұлағы тәрiздi. 1993 жылы тарихшы, дiн өкiлi И. Мырзабекұлының /Бекет
атаның кейінгі ұрпағы/, 1994 жылы ғалым Қ. Сыдиықұлының, 1998 жылы ақын А.
Ершуовтың, 1999-2000 Ислам Мырзабекұлы Қосқұлақтегiнiң (I-II кiтап) аруақты Бекет
Ата туралы жәдiгер кiтаптары жарық көрдi.
Дiн де алып дiнгек. Сол дiнгектiң бiр бұтағы - Бекет Мырзағұлұлы Қазақстанның
батыс өлкесiндегi Маңғыстау түбегiнде, Атырау аймағында XVIII-XIX ғасырларда өмiр
сүрiп өз атағын пiрлiк есімiмен ел аузында мәңгi қалдырған. Ол - Кiшi жүздiң байұлы
тайпасының адай руынан шыққан табиғаты ерекше жаратылған жан. Ол кереметiмен
қол бастаған батыр, от ауызды орақ тiлдi ақын, ежелгi өмiрдi дамытқан сәулетшi шебер,
алдындағыны болжағыш, қысылғанды жебеген сәуегей абыз, ұлағатты ұстаз, ойы дуалы
әдiл де шешен би. Cондықтан да: “ Ердiң соңы - Есет, Пiрдiң соңы - Бекет”, “Қазақ
қорықса Бекет дейдi, Бекет те айтқандырын екi етпейдi” - деген қанатты сөздiң өзiнен
халық Бекет Ата тұлғасын ғасырлар бойы аса құрметтеп, оған рухани сүйенiп келедi.
Қазақ тарихында көрнектi орын алатын XVIIIғ. белгiлi жырауы Бұқар
Қалқаманұлының (1693-1787) “Әй, Абылай”, ”Тiлек”, ”Асқар таудың өлгенi” ж.б. өлең-
толғауларында адам ғұмыры, оның моралi, қазақтың үш жүзiнiң басын бiрiктiрiп күштi
мемлекет болуы туралы халықтың ой-армандары жыр түрiнде бейнеленген. Бұқар
жырау Абылай хан бейнесiн халықтың ең жақсы идеясын жүзеге асыратын қайраткер
ретiнде дәрiптеп, оның Ресей мен Қытай арасында ел пайдасы үшiн мәмігерлік
/дипломатиялық/ саясатын мақұлдады.
¤зге жыраулардың – Тәттiқараның, Үмбетейдiң, Шалдың, Көтештiң өлеңдерi
сақталмаған. Тарихта Үмбетейдiң Бөгенбай батырдың өлiмiне арналған жоқтауы
белгiлi. Бөгенбай Үмбетей жоқтауында - халық қорғаушысының мiнсiз бейнесi.
XVIII ғасырдың iрi импровизатор ақыны, әрi жырауы Тәттiқара қатардағы
жауынгер ретiнде көптеген ұрыстарға қатысқан. ¤зiнiң жорықта туған өлеңдерiнде ол
жауынгерлердi бостандық жолындағы күресте ешқандай қиыншылықтарға бас имеуге
шақырады. Кейiнгi толқын өкiлдерi XIX ғасырдың басында өмiр сүрген Шал, Көтеш,
Жанкiсi өз өлеңдерiнде әлеуметтiк теңсiздiктi, хандардың халыққа жасаған зорлық-
зомбылығын әшкерелейдi. Ақтамберды жырау (1675-1768), Көтеш ақын (1750-1823),
Шал ақын (1748-1819) т.б. жыршы-импровизаторлар қазақ әдебиетiндегi жекелей
99
творчестволық поэзияның бастаушылары болып табылады. Олардың өлеңдерi эпос пен
соның алдындағы дәуiрдiң тұрмыс-салт поэзиясынан көп жағынан ерекше болып келедi.
XVIII ғ. мен XIX ғ. алғашқы жартысындағы қазақтардың ауыз әдебиетi барынша
әр-алуан тақырыптарды қамтып, сонымен қатар бұрын шыққан жанрлар мен олардың
көркемдiк ерешелiктерiн де сақтады. Батырлық эпос, мақал-мәтел, тұрмыс-салт өлеңдерi
- осы жанрлардың бәрiнiң туындылары бiртiндеп түрiн өзгертiп, жаңа мазмұнмен
толықты.
XVIII ғасыр тарихи жырларының негiзгi тақырыбы қазақтардың жоңғарларға
қарсы күресi болды. Оларда оқиғалар шындық өмiрде болған және халық тарихында
елеулi iз қалдырған батырлардың есiмiмен байланыстыра берiледi.
Қазақтардың жоңғарлармен соғысындағы халыққа таусылмас тауқымет
тартқызған 1723 жылғы жеңiлiс көптеген аңыз-әңгiмелер мен өлеңдер тудырды. Осы
жылдың қатал қысында жұттан көп мал қырылып қалды; жоңғар басқыншылары қазақ
ауылдардын тонап, кәрi-жасты аямады. Халық осынау бастан бақыт тайған ауыр күндi
әйгiлi “Елiм-ай” әнi арқылы есте қалдырды. “Қап қағылған”, “Шаңды жорық”
өлеңдерiнде ақындар кескiлескен шайқастарда Жанатай, Баян және басқа батырлар
бастаған көп қазақтың қаза тапқаны жайында айтады.
XVIII ғасырда дүниеге келген эпикалық шығармалардың iшiнде “Арқалық
батыр” өзiнiң шынайылығы және сонылылығымен көзге түседi. Онда хандар мен
сұлтандардың ауыр күндерде халықтың үмiт-арманын емес, өздерiнiң жеке басының
пайда-қамын ойлайтын сатқындық саясаты әшкереленедi, халықтың қалың ортасынан
шыққан қаhармандар, олардың халықтың бостандығы жолындағы күресi жырланады.
Халық өлеңдерi мен әңгiмелерi Кiшi жүз қазақтарының XVIII ғасырдың соңында
болған көтерiлiсiне, оның жетекшiсi Сырым Датұлына арналған. Сырым батыр туралы
өлеңдерде, аңыздар мен әңгiмелерде оның хандармен және хан төңiрегiндегiлермен
қалай күрескенi жайлы айтылады.
XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Қазақстанда тек қана дiн
қызметкерлерi мен иемденушi-билеушi тобының жекелеген өкiлдерi оқып, жаза бiлдi.
Оқу тек мұсылмандық сипатта ғана болды. Мектептер жеке меншiкте болып, оқу
шығыны ата-аналардың есебiнен өтелдi. Бұл мектептерде молдалар дәрiс берiп,
шәкiрттер негiзiнен “Шариғат ул-иман” (Мұхаммед дiнiнiң ержелерi), әптиек-құранның
жетiден бiр бөлiгiн оқып, жатқа бiлуге мiндеттi болды. Бiлiм алуды жалғастыру үшiн
ауқатты ата-аналардың балаларын Бұқара, Самарқанд, Ташкент және басқа да
орталықтарға жiберiп отырды, олар мұнда араб тiлiн, философиясын т.б. оқып үйрендi.
Қазақ жерлерiнiң Ресей империясының отарланған аймағына айналуы орысша
бiлiм берудiң дамуына жол ашты. Алғашқы орыс мектептерi Омбы, Орынбор, Орал,
Семей және басқа қалаларда ашылды. Тұңғыш мектеп 1761 жылдан бастап Змеиногорск
қорғаныс-мырыш кен орнында жұмыс iстей бастады. XIX ғасырдың орта шенiне қарай
кәзiргi Шығыс Қазақстан облысының территориясында осы тәрiздес 16 кен мектебi
болды, олардағы оқушылардың саны 1800 адамнан асты. 1765 жылдан бастап жергiлiктi
жерлердегi әскери ведомстволардың арнайы кадрларын дайындайтын “гарнизондық
мектептер” ашылды.
1789 жылдан бастап қазақтардың дәулеттi топтары iшiнен тiлмаштар мен ұсақ
шенеунiктер даярлайтын “Азиаттық мектептер” ашылды. Мектеп бағдарламасы
бойынша түлектер орыс тiлiне қоса, араб, парсы, түрiк және басқа шығыс тiлдердi
меңгердi, сонымен қатар топографиялық және жер өлшеу iсiн бiлдi. Келiмсектердiң
iшiнен отарлаушы әкiмшiлiк үшiн шенеунiктер даярлауда 1813 жылы Омбыда және
1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер қомақты рөл атқарды. Кейiн олар
1847 жылы Сiбiр кадет корпусы және 1844 жылы Орынбордың Неплюев кадет корпусы
болып қайта құрылды. Оқу жоспары бойынша оқушыларға әскери пәндермен қатар
жалпы тарих пен Ресей тарихын, орыс және Еуропа әдебиетiн, физиканы, философия
негiздерiн, жағрафияны, математиканы, минералогияны, зоологияны, ботаниканы,
орманшылықты, каллиграфияны, орыс, француз, немiс, түрiк, моңғол, араб және парсы
тiлдерiн оқытты.
Бұл мектептердiң барлығы, үкiмет белгiлеген “ азиялықтардың орыстармен
жақындасуына көмектесу”, олар орыс үкiметі жарататын және оған сенетiн өлкеге бiлiмi
бар қайраткер дайындап беруге” тиiстi болды. 1841 ж. Бөкей Ордасының хан ордасы
100
Жасқұста, 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының жанынан құрылған
мектептер де осы бағытта бiршама жұмыстар атқарды.
Қазақстан өңiрiн зерттеуде орыс ғалымдары орасан зор рөл атқарған. Олардың
тiкелей қатысуымен және белсендiлiгiмен геологиялық, ауа-райы туралы мәлiметтер
жинақталып, сондай-ақ Каспий мен Арал теңiздерiнiң карталары жасалған. Ресей
ғалымдары капитан Е. Мейер мен А. Бекович-Черкасский экспедициясының
материалдары бойынша, сондай-ақ А. Кожин мен В. Урусов түсiрген суреттердiң
негiзiнде Каспийдiң шығыс жағалауын картаға түсiрген. Олар сол уақытқа дейiн орын
алған Әмудария Каспий теңiзiне құяды дейтiн пiкiрдi терiске шығарды.
Ресей ғылым академиясы мемлекет құрамына жаңадан кiрген кезде П.И.Рычков -
Орынбор губерниясы кеңесiнiң қызметкерi өзiнiң қызмет бабындағы мiндеттерiмен
қатар, бойына бiткен кең терең шығармашылық және саяхатшылық дарынымен өз
еңбектерiнде қазақ халқының тұрмысы мен тарихын көрсете алды. Айта кету керек,
көптеген ұлттық мәселелер көбiнесе ұлыдержавалық тұрғыдан сипатталған.
Қазақстанға келген зерттеушi топтарды әр уақытта П. Паллас, И.Фальк,
И.Георги, Н.П. Рычков (П.И.Рычковтың баласы) ж. б. басқарған. Кiшi және iшiнара
Орта жүз жерлерiнiң Ресей құрамына қосылуының бастапқы кезi туралы заңнамалық
актiлердi дайындауда қазақтардың өмiр-жайын А.И. Тевкелев жан-жақты зерттеген.
XVIII ғасырда өмiр сүрiп, жұмыс iстеген Қазақ өлкесiн зерттеушiлер iшiнен Д.
Гладышевтi, И. Муравиндi, К. Миллердi, М. Араповты, И.К. Кирилловты, В.И.
Татищевтi,Я. Гуляевтi, И. Ураковты және т.б. атауға болады. Ресейдiң шығыстану
ғылымына өлкенiң тарихы, этнографиясы мен шаруашылығы, табиғат байлықтары
туралы офицерлер И.Г.Андреев, Г.Н.Волошанин, А.Незнаев, Зеленов, Богданов, Мотов;
инженерлер М.Д.Чулков, С.Матвеев, Я.Гавердовский, Т.Бурнашев және т.б. кiсiлер
басқарған (XVIII ғасырдың соңғы үштен бiрiнде және XIX ғасырдың басында)
Қазақстанға жiберiлген орыс экспедициялары қомақты үлесiн қосты.
1848-1849 жылдары Г.С. Карелиннiң Каспий теңiзiне және капитан А.
Бутаковтың экспедициялары Арал теңiзi мен оған құйып жатқан Сырдарияның
тереңдiгiн анықтап, олардың дәлме-дәл картасын жасады. Ал XIX-шы ғ. орта шенiндегi
осы өңiрге экспедицияларды басқарған Е.П. Ковалевский, Н.А. Северцов, В.П.
Васильев, Н.В., Ханьков М., Поспелов В.И., Даль В.И., Небольсин П.И. т.б.
саяхатшылар Қазақстанның табиғатын, оның халқының мәдениетi мен тұрмысын
зерттеген, жағрафиялық суретке түсiрумен және картографиямен шұғылданып, өлкенiң
экономикалық жай-күйiн анықтаған.
1845 жылы құрылған Орыс жағрафиялық қоғамы Қазақстандағы түрлi табиғи
байлықтар мен жер рельефiн, әлеуметтiк-мәдени жағдайларды ғылыми-зерттеудiң
тұңғыш базасы болды. Қазақтардың тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын
зерттеуде А.И. Левшиннiң “Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен
далаларының сипаттамасы” деген үш томдық еңбегiнiң аса зор танымдық маңызы
болды.
Қазақ
халқына
шовинистiк-кемiтушiлiк
тұрғыдан
сипаттап
қараған
жазушылармен (Ф. Булгарин, И. Скобелев ж.б.) қатар, өз шығармаларында
демократиялық-реалистiк көзқарастарды ұстаған жазушылардың айтарлықтай едәуiр
тобы да (А.С. Пушкин, В.И. Даль, В.А. Ушаков т. б.) болды. 1833 жылы А.С. Пушкин
Орынбор генерал-губернаторының ерекше тапсырмасымен жiберiлген шенеунігi В.И.
Дальды қасына ертiп, Пугачев қозғалысы өткен жерлердi аралады. Ақын қазақ
ауылдарының тұрмысымен танысты, тiптi қазақтың кейбiр көпшiлiк қолды сөз
өрнектерiн жаттап та алды.
Ресей империясының отарлық саясатының нәтижесiнде жердiң тартып алынуы,
қазақ халқының отарлық езгiге қарсы күресi осы кездегi ауыз әдебиетiнiң, ақындардың
өлеңдерi мен жырларының маңызды тақырыбына айналды. Ақындардың көптеген
өлеңдерiнде әлеуметтiк тенденциялар анық көрiнедi, сонымен бiрге оларда барша
қазақтың “бiрлiгi” туралы ойлар анық көрiнедi.
Ақындардың iшiнде поэтикалық дарыны аса зор көрнектi импровизаторлар
болды. Шоқан Уәлиханов Жанақ, Шөже, Орынбай, Арыстан ақындардың
импровизаторлық талантын жоғары бағалады. Ы.Алтынсарин де XIX ғасыр ақындары
101
творчествосының маңызын атап ерекше сипаттады. Ол тiптi өзiнiң хрестоматиясына
Орынбай мен Жанақ ақындардың өлең-жырларын енгiздi.
Осы кездегi аса көрнектi қазақ ақыны Махамбет ¤темiсовтың творчествосы
1836-1837 жылдардағы халық көтерiлiсiмен тығыз байланысты. Көтерiлiске тiкелей
қатысуы ақынды қазақ халқының мың-мұқтажы мен арман-тiлегiн ұғынуға үйреттi Ол
өз елiнiң азат әрi бақытты болғанын көрсем деп ғұмыр бойы арман еттi.
Қазақ халқының поэзиясында өлеңдерi қалың бұқара жадында сақталып қалған
Кiшi жүздiң Ойыл болысында кедей отбасында дүниеге келген, ақын Шернияз
Жарылғасұлы (1817-1881) көрнектi орын алады. Бала жiгiт кезiнен бастап ол өлең-
жырға, шешендiк өнерге қызықты. Оның поэзиялық дарынының қалыптаса бастаған кезi
Бөкей хандығында болған көтерiлiс уақытымен дәл келдi. 1836 жылы Шернияз Бөкей
хандығына келiп, Исатай Таймановқа қосылды. Шернияз көп ұзамай оның ең жақын
достарының бiрiне айналды.
Әйгiлi халық ақыны, дарынды импровизатор Сүйiнбай өз өлеңдерiнде халық
қаhармандарын дәрiптеп, ел билеушi сұлтандардың озбырлығын әшкереледi. Сүйiнбай
Жетiсу жерiнде дүниеге келдi (казiргi Алматы облысының Жамбыл ауданы). Жүйрiк
тiлдi, тапқыр ақын Жетiсудағы қазақ пен қырғыз халқы iшiнде өте әйгiлi болды.
XIX ғасырдың 30-50-шы жылдарында ауыз әдебиетiнiң барлық жанры одан әрi
дамыды. Ақын-жыршылар, жыраулар бұрынғы батырлар жырларын жаңғыртып қайта
жырлады. “Батыр Қармыс”, ”Балуан Нияз”, “Бекет батыр”, “Айман-Шолпан”
поэмаларында Хиуа бектерiнiң шапқыншылығына және Ресей езгiсiне қарсы халықтың
күресi, қазақ қоғамындағы әлеуметтiк топтар арасындағы қатынастар жайында анық
айтылады.
Қазақ халқының тұрмысы мен қоғамдық өмiрi және еңбек әрекетiмен бiте
қайнасқан рухани мәдениетiнiң етене саласы музыка өнері болды. Дәстүрлi
орындаушылық-жеке ән айту мен аспапты жеке тарту кең тараған, әндi қосылып айту
сирегiрек кездескен. Шығармалардың негiзгi түрлерi ән мен күй болған.
20-дан астам музыка аспаптары болған, олардың бiр сарынды ғана дыбыс
шығаратын кейбiр аспап түрлерi - шертер, жетiген, саз сырнай, кепшiк, шаңқобыз,
даңғыра, асатаяқ ж.б. - профессионалдық талаптарға сай келмей, бiртiндеп қолданыстан
шыққан. Ал дыбыс сапаларын жетiлдiруге келетiн түрлі музыка аспаптары: домбыра,
қобыз, сыбызғы, дауылпаз, сырнай қолданыста болды.
Әншiлер мен сазгерлер репертуарында космологиялық тақырыптар- жұлдыздар,
ай, күн және басқа планеталар жайлы, демонология тақырыбындағы-жезтырнақ, жын-
перi жайлы әндер мен күйлер болды; бақсы-балігерлердің емдеу іс-әрекеттерi кезiнде
“арбау” музыкасы да орындалатын болды. Ән, музыка мәдениетте ежелгi заман
авторлары туындылары: “Ақсақ құлан” мен “Жошы хан”, “Қобыланды батыр”, “Қамбар
батыр” күйлерi, “Қозы көрпеш-Баян сұлу”, “Қыз Жiбек” ж.б. ән циклдері сақталып
қалды.
XVIII ғ. музыка мәдениеттiң екiншi бiр саласы ежелгi замандар тақырыбына
және әсiресе сол дәуiрдің тақырыптарына шығарылған туындылар болатын. Қазақ
даласында “Ескендiр”- жаугершілік жорықтары кезiнде Окс пен Яксарт (Әмудария мен
Сырдария) өзендерiнiң бастауларына дейiн жеткен Александр Македонский,
ортаазиялық қолбасшы Ақсақ Темiр туралы әндер айтылатын.
Аспапты музыкада аса көрнектi тарихи тұлғаларға жеке күйлер арнау немесе
күйлерде олардың өмiрiнiң әр түрлi кезең сәттерiн суреттеу дәстүрi қалыптасты.
Мысалы, “Сырым сазы” күйi Сырым Датов жайлы туынды еді. Жоңғарлардың 1723
жылдың көктемiндегi шапқыншылығына байланысты қазақ халқы тарихындағы
қайғылы оқиғалар замандастарының көптеген күйлерi мен әндерiнен көркем бейнесiн
тапты. Cолардың бiрi домбырашы және композитор Байжiгiт болды. Ол “Ақтабан
шұбырынды” мен “Қайың сауған” (қайың шырыны халықты аштық өлімнен сақтаған)
және халық өмiрi мен тұрмысы тақырыбына 300-ге жуық күй шығарған.
Белгiсiз автор әнi “Елiм-ай” тарихтың осынау түнек жылдарын неғұрлым
жарқын бейнеленуi болды. Әуенi жағынан қарапайым осынау әнде, мәңгi ескiрмейтiн
саздық бейнелерде жер-суын еріксіз тастап көшіп жатқан халықтың қайғы-қасiретi
көлденең қоспасы жоқ таза күйiнде сипатталған.
102
Шығармашылық жолын Исатай-Махамбет басқарған азаттық көтерiлiс
жылдарында бастаған болашақ халық композиторы Құрманғазы Сағырбаев (1806-1879)
алғашқы шығармаларының бiрi - “Кiшкентай” күйiн осы тарихи оқиғаға арнады.
Көтерілiске қатысқан ол бұл шығармасында халықтың езгi мен отаршылдық бұғауынан
азат болуға деген тегеурiндi талпынысын көрсеттi. Одан халық қайғысының, жеңiлiс
күйiнiшiнiң үнi естiледi.
2. Қазақтардың материалдық мәдениетiнiң дамуына басты фактор ретiнде
көшпелi мал шаруашылығы әсер еттi. Cонымен қатар егiншiлiкке, саудаға, көршi
халықтармен жүйелi саяси-экономикалық байланыс оңды ықпалын тигiздi.
Материалдық мәдениет маңызды үлгiсінің бiрi мал шаруашылығы мен егiншiлiк, үй
кәсiпшiлiгi мен қолөнерiне байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелi мал
шаруашылығына күрделi еңбек құралдары керек болған жоқ. Жылқы ұстау үшiн құрық,
арқан пайдаланылды, қайыстан немесе жылқының жал-құйрығынан тұсау мен шiдер
жасалды; малды байлау үшiн жiп-арқандар, ноқталар пайдаланылды; мал суаруға қауға,
науа және т.б. пайдаланылды. Аталған еңбек құралдарын, ер-тұрман әбзелдерiн
қоспағанда, мал өсiрушiлер өздерi жасап алып отырды. Ат тұрманын арнайы ерекше
шеберлер дайындады, олар өз үйiнде отырып та, жасатушылардың үйiнде отырып та
жұмыс iстедi.
Қарудың ең оңай түрi ұзындығы 3 метр қайың сойыл, одан соң ұзындығы 2 метр
шоқпар болған. Неғұрлым ауқатты қазақтар айбалта, жебесi мен қорамсағы бар садақ
ұстаған, ықпалды әскер басылары мен батырлардың сауыты, қалқаны мен металл ұшты
найзасы болған. ¤те сирек болса да қазақ шонжарлары iшiнде бiлтелi мылтық
ұстаушылар кездесетiн.
Қазақ халқының тұрғын үйi - материалдық мәдениеттiң ең көрнектi ескерткiшi.
Қазақстанда тастардан, шикi қыштан және шымнан салынған тұрақты тұрғын үйлер
тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды “ағаш үй”, “жер үй”, “кiрпiш
үй” деп атады. Үйдiң аумағы иесiнiң қорына және отбасы санына байланысты болды,
бiрақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелi тұрмыс жағдайына барынша бейiмдендiрiлiп
салынды.
Күннiң жылы кезеңiнде қазақтар көшiп-қонуға ыңғайлы киiз үйлерде, қыста -
тұрақты, от жағылатын: “ағаш үй”, “жер үй”, “қара там” деп аталатын үйлерде тұрды.
Ағаш пен киiзден жасалатын жиналмалы киiз үй керегеден, шаңырақтан, уықтардан
құралған. Киiз үйдiң көлемi қанаттарының (кереге бөлiктерiнiң) санына байланысты
болды. 12 қанаттан тұратын үйлер 120-200 шаршы метр алаңды алған; 12,15,18 қанатты
үйлер XII ғ.-XIX ғасырдың басына дейiн кездестi.
¤зiнiң пайдалануына қарай киiз үйлер үш түрге бөлiндi. Қонақтарды қабылдауға
арналған салтанатты үйлер көлемiнiң аумақтылығымен және бай жиhаздарымен
ерекшелендi. Салтанатты үйлер ең кем дегенде он екi қанат керегеден тұрғызылып,
олардың үстiне ақ киiз бен аса бағалы маталар жабылды. Жасаулары жөнiнен неғұрлым
бай үйлер үйлену тойлар өтетiн - отау үй болды. Бұлардан басқа жорықтық, қойма және
басқа тұрмыстық-әжеттерге пайдаланатын үйлер болды.
Жорықтық үйлердi әскери жорықтар үшiн немесе бақташылар мен
жылқышыларға әдейi арналып жасалған үйлер санатына жатқызуға болады.
Тасымалдауға жеңiл, неғұрлым қарапайым үй - бiрнеше сырықты конус пiшiндi етiп
қадап, сыртын киiзбен жаба салып отыра беретiн шатыр күрке болды. Жорықтарда үш-
төрт кереге мен уықтардан тұратын “жолама үй” жиi пайдаланылды. Бұлармен қатар
қазақтар көшiп-қону кезiнде сыйымды жылжымалы күймелердi де пайдаланды.
Олардың сырты матамен, киiзбен немесе әр түстi терi-терсектермен жабылды.
Күймелерге әдетте балалар мен әйелдер орналасты.
Үй ортасына таман орналасатын ошақта тамақ әзiрлендi және күн суық
уақыттары ол үйдi жылытты. Есiкке қарама-қарсы түс үйдiң құрметтi орны - “төр” деп
аталды, төрге қонақтар мен ауылдың қадiрлi адамдары отырғызылды. Есiк маңайындағы
кеңiстiк “босаға” деп аталды. Есiктен кiре берiстегi оң қанатта үй аспаптары мен ыдыс-
аяқтар, сол қанатта ат ер-тұрмандары тұрды. Босағаның оң жағында үй иелерiнiң
керуеттерi орналасып, оның iшке қараған тұстары шымылдықпен жабылып қойылды.
Үй жиhаздары әр түрлi ағаш және терi заттардан, киiзден жасалған
бұйымдардан, өрме, тоқымалардан және кiлемдерден құралды. Киiз кiлем-текеметтер,
103
өрнектер ойылып тiгiлген киiз-кiлем сырмақтар кеңiнен, ал тоқыма кiлемдер аздау
тарады. Кiлемдердiң екi түрi: түгi жоғы тақыр кiлем және түгi бар түктi кiлемдер болған.
¤рнектермен, оюлы безектермен және кестелермен әшекейленген, түр-түске бай
қабырғалық киiз кiлемдер “түскиіз” деп аталды.
Аспаптар мен ыдыстар аяққаптарда, киiз қораптарда, кiлем қоржындарда
сақталды. Әрбiр үйдiң ерекше белгiсi - сандықтар болды. Ағаш бұйымдар үстiне көрпе-
төсек жиналыстыратын жүк аяқтар, тағамдар сақталатын кебежелер көркем ою-
өрнектермен әшекейленетiн.
Қазақтың ұлттық киiм-кешегi өзiндiк этностық белгiлерiн сақтап қалды.
Қазақтарда құланның, ақ бөкеннiң, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ
тышқанның терiлерi ерекше бағаланды. Құнды аң терiсi астар етiлiп тiгiлген тон “iшiк”
деп аталды және тысына қарай аталуы да өзгеше болды: жiбекпен тысталып тiгiлгенi -
бас тон, көк мауытымен тысталғаны – көк тон, қамқамен тысталғаны - қамқа тон
делiндi. Құлын терiсiнен тiгiлген жаға салынған ұзын тон - жарғақ тон деп аталды. Ешкi
терiсiнен ұзын жүндерiн жұлып тастап тiккен тонды “қылқа жарғақ” дедi.
Шалбарлар күдерiден, мауытыдан, шұғадан тiгiлiп, көрнектi кестелермен
әшекейлендi. Жеңi жоқ жеңiл сулық киiмкебенек пен жұқа ақ киiзден тiгiлетiн шапан -
қаттау құнды болды. Байырғы киiмдердiң қатарына сондай-ақ, түйе жүнiнен тоқылатын
ұзын сулық киiм - шекпен де жатады. Еркектер мен әйелдердiң сырт киiмдерiнiң негiзгi
түрi жүн және жiбек маталардан тiгiлетiн шапандар болды. Жаз кездерiнде еркектер
киетiн жиынтығы iш жейде мен дамбалдан және желбегей жеңiл шапаннан, әйелдердiкi-
ұзын етек көйлек пен жеңсiз камзолдан тұрды.
Ұлттық бас киiмдер де ғасырлар бойы қалыптасқан этностық ерекшелiгiн
сақтады. Еркектердiң бас киiмi көбiне ақ киiзден тiгiлген жұқа қалпақ (қалпақ, айыр
қалпақ) болды. Көктем мен күзде қазақтар дөңгелек, төбесi биiк, мiндеттi түрде аң
терiсiмен жиектелген бөрiк киiп жүрдi, ал қыста - тымақ (үш құлақты бас киiм) кидi.
Қазақ еркектерi киiм сыртынан кiсе, оқшантай, дандақұлер асынып, құймалы былғары
белбеу буынды. Бұл белбеулерде былғары, яки ағаштан жасалған қын мен пышақ және
шақпақ асулы тұрды.
Еркектер киетiн аяқкиiмдердiң түрлерi де әр алуан: өкшесi өте биiк, қонышы
тiзенi қаптап тұратын шоңқайма етiк - былғары саптама (бұл қонышты етiк киiз
байпақпен киiледi), аңға киiлетiн қайқы тұмсық жұмсақ етiк, жаздыгүнi киiлетiн бiр
тақалы жеңiл етiк (шетiк), жұмсақ терiден тiгiлген мәсi, сауыр былғарыдан тiгiлген
кебiс, терi шақай (шәрке, шабата), мұны көбiнесе аңшылар мен малшылар кидi.
Әйелдердiң киiмi көбiнесе безендірілген, жiбектен немесе мақпалдан тiгiледi.
Олардың көйлек үлгiлерi өте көп, қыздар мен келiншектердiң көйлектерi көп бүрмелi,
қатырмалы, жаға-жеңi кестелi, желбiр шектi, қос етектi, сан-алуан үлгiде болды. Бой
жеткен қыздар кестелi бешпент, шапан, төбесiне маржанды үкi тағып, кәмшат бөрiк
немесе кестелi сопақ тақия киедi. Қыздар ұзатылғанда, алуан түрлi кесте, алтын-күмiс
әшекей және моншақтармен безелген шошақ төбелi сәукеле киедi. Жаңа түскен
келiншек алғашқы жылы тойда киiп келген сәукелесiн киiп жүредi. Жыл өткен соң
сәукеле алынып тасталып, желек жамылады. Тұңғыш баласын туған соң, желек алынып,
кимешек кигiзiледi. Жасы отыз, қырықтан төменгi әйелдер кестеленген әшекейлi
кимешек киедi. Шылауышына төбелдiрек, маңдайына бергек, түйреуiштер қадайды.
Бiрнеше балаға ана болған орта жастағы әйелдер көзге түсерлiктей әшекейi жоқ шалаң
кестелi кимешек киiп, ақ жаулық (шылауыш) тартады.
Әйелдердiң дағдылы аяқкиiмi кебiс-мәсi, ауқатты от-басы әйелдерiнiң
салтанатқа киетiн оюланған кестелi етігi, көк сауыр былғарыдан тiгiлiп, оюлап, күмiс
құйма қақтырған кебiстерi болды. Асыл тастар орнатқан алтын-күмiс сақина, шолпы,
түйреуiш, бiлезiк, шашбау, қаптырма, алқа және кемер бедiктерi аса сәндi болған.
Қазақтың киiм-кешек үлгiлерiнде кейбiр жергiлiктi ру-тайпалық сәндер де
болды. Мысалы, керей тымақ, найман тымақ, арғын тымақ, албан бөрiк, қызай қалпақ,
адай кебiс т.б.
Қазақтардың тамағы ет және сүт өнiмдерiнен құралды. Бие сүтiнен - қымыз, түйе
сүтiнен - шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкi мен қойдың сүтi негiзiнен алғанда айран
ұйытуға, май пiсуге, әр түрлi құрт, iрiмшiктер жасауға пайдаланылды. Көктемде мал
төлдеген кезде уыз қатырып, оны сүр етпен араластырып жейдi.
104
Қазақтың қастерлi тағамының бiрi - жент. Ол қуырып ақтаған тарының жармасы
мен талқандаған iрiмшiк және шекердi сары майға араластыру арқылы жасалады. Қыс
мезгiлiнде әдетте әр қазақ семiз малдан таңдап соғым сояды. Соғым сою - мал қыстың
суығынан арықтап союға жарамай қалған кезде азықтан қысылып қалмаудың алдын-ала
жасалған дайындығы. Соғым етi тұздалып, ысталып сүрленедi. Сүр ет келесi жылы
көктемде ақ молайып, мал семiрiп союға жарағанға дейiн жететiн етiп дайындалады.
Соғымның кесек еттерi сүйегiмен бiрге сүрленедi де, ұсақ еттерiнен қимай, шұжық,
үлпершектер жасалады. Жылқы етiнен қазы айналдырылып сүрленедi, ішек-қарыннан
қарта жасалады.
Бабаларымыз мал еттерiнiң iшiнде жылқы мен қой етiн қадiр тұтқан, ең қадiрлi
қонақтарға қысырдың тайын сойған. Сыйлы қонақтарға жылқының қазы-қарта, жал-жая
сияқты кәделi еттерiн тартады. Соғым етiмен езген құрт iшу де кәделi тамақтардың бiрi.
Қазақтардың сүйсiнiп iшетiн сусындарының бiрi - айран болды. Күбiде пiсiп,
сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшiн оны суық сумен шайып, тұздап
қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерiнде сүттен дайындалатын құрт-iрiмшiктер
маңызды орын алды.
Қыстың кезiнде тағамдардың көбiсi ет және ұннан әзiрлендi. Азық-түлiк негiзгi
дақылдар тары, сүрегiрек-бидай мен қара бидай болды. Тарыдан қазақтар түрлi тағамдар
жасап, көже әзiрледi. Тары ұнынан таба нан пiсiрiлдi, оны сүтке бөктiрiп жедi, одан аса
құнарлы дәм-мап сөк әзiрледi. Бидай бұдан да артығырақ бағаланды. Одан бидай көже,
қуырылған бидайдан талқан, ақ бидай талқаннан -жент дайындалды. Бидай ұны таба
нан, кеспе көже, бауырсақ пiсiруге пайдаланатын. Қазақтың тамақ түрлерiнде қара
бидай мен арпа өз орнын алды. Оңүстiк аудандардың қазақтары күрiштен палау басты,
күрiш ботқа әзiрледi.
Көшпендiлердiң ыдыс-аяқтары мен үй аспаптары олардың тұрмысына
бейiмделiнiп, терiден және ағаштан жасалған. Сынатын ыдысты тасымалдау үшiн
арнайы дорба-”шынықап”, айталық, құрастырылып және жас шыбықтан тоқылып
әзiрленетiн шыны қаптар пайдаланылды. Жалпы, қазақтар көшпелі өмірге байланысты
ыдыс-аяқтарды сынбайтындықтан ағаштан жасады. Шыны ыдыстар тұрмысқа кейінірек
келді десек ақиқатқа сияды.
Қалпы, сиымдылығы, не үшiн пайдаланатыны жағынан әр түрлi саба, сүйретпе,
торсық, мес және басқалар болды. Саба жылқының арнайы өңделген терiсiнен, кейде
мүйiздi iрi қара малдың терiсiнен тiгiлдi. Қымыз құятын шөмiш ожаулар әр түрлi әдемi
етiлiп жасалды, олар оюланып, көп жерде сабына күмiс пен сүйектен безек
салынатынды. Асханалық аспап қатарына мiндеттi түрде шойын қазан да жатқызылды.
Көшкен кезде қазанды сындырмау үшін /киелі деп есептелді/ әдейі қаптар тігілді, оның
сыртынан жұмсақ, қалың етіп оралған. Қазан сынып қалса, біріншіден, табу қиын
болған, екіншіден, жаман ырымға жорыған. Отырықшылық аудандарда саз балшықтан
күйдiрiлiп жасалатын керамикалық ыдыстар кеңiнен пайдаланатын.
Қазақтардың материалдық мәдениетi халықтың шаруашылық тұрмысының
ерекшелiктерiн бейнеледi, дала малшыларының бұрынғы ұрпақтары мәдениетiнiң
негiздерiн сипаттады. Жоғарыда көрсетiлген шаруашылық-экономикалық құрылыс,
тамақ, киiм олар өмiр сүрген табиғат жағдайларына неғұрлым бейiмдендiрiлген қалыпта
болды. Сондай-ақ, қазақтың материалдық және рухани өмiрiн, олардың салт-дәстүрлерi
мен әдет-ғұрыптары да бейнелейдi. Ел аузындағы аңыз-әңгiмелерде сақталып алған
тегiмiздiң әлеуметтiк, заңдық және шаруашылық-тұрмыстық терминологиясында
тарихи бағалықтар аз емес.
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары ғасырлар бойы өңiрдегi әлеуметтiк-
экономикалық ерекшелiктерге сәйкес қалыптасқан. Солардың iшiнде қарттарды
құрметтеу, үлкендердi сыйлау, балаларға жанашырлық, жастарға қамқорлық ету, ата-
ананы ардақтау, әйелдердi аялау iзгi дәстүрге айналған. “Қасқа қатал, досқа адал болу”-
қазақ халқының негiзгi мiнез-құлқы. Қазақ халқында тым ертеден келе жатқан көптеген
әдет-ғұрыптар ұрпақтан ұрпаққа iзгi болып, әр заманның жарқын және
қиындықтарының жиынтығымен толықтырылып келедi. Бұл әдет-ғұрыптар қазақ
өмiрiнде жазбаға түспеген заң сияқты терең тамыр тапқан.
3. Меймандостық. Қазақтар үйiне келген әр қандай мейманды (оның ұлтына
қарамай) таныса да, танымаса да жылы шыраймен құшақ жая қарсы алып, сыйлап күтiп
105
қонақасын бередi. Тек мейманның өзiн ғана емес, оның ат-көлiгiн де күтiп, аттанарда
аман-есен қолына тапсырады. Бұл үшiн мейманнан ешқандай ақы алмайды, алуды
намыс деп бiледi. “Егер қонатын жердiң бәрiнде қазақ болса, бiр уыс азық, бiр тиын
қаражат алмай жылдық жолға жолаушы жүруге болар едi” деген әзiл осыдан шыққан.
Қонақ келсе “қой сойып, қол қусыру”-қазақтар үшiн аса абыройлы iс және
жалтартпайтын мiндет. ¤те қадiрлi қонақтарға тай сойып, қонақасы берiп аттандырады.
Cойылатын малды асаба алдымен қонақтар отырған үйдiң босағасына әкелiп
батасын алады. Меймандарға кең дастарқан жасалып, әдетте үй иесi жағынан
домбырамен күй тартылып, ән айтылады, қазақтың ежелгi әдет-ғұрпы бойынша
“ауылдың алты ауызы” жасалады. Одан соң меймандар ән шырқап қиса дастан, яки
ертегi айтуы керек. Егер айта алмаса, түрлi әзiл-қалжыңдар iстеледi. Ет тартылғанда
қонақтың алдына сойылған қойдың басы, жамбасы, сүбесi тағы басқа жiлiктерден
дайындалған табақ тартылады. Қонақтың ең сыйлысы бастың оң езуiнен ауыз тиедi. Оң
құлағын кесiп табаққа қойып, басты үй-иесiне қос-қолдап қайтарады. Бұл ас иесінің
құрметiне бiлдiрген разылық болатын, одан кейiн табақтағы еттi кесiп жеуге кiрiседi.
Табақты тауыса жемесе, үй иесiнiң көңiлi көншiмейдi.
Мейман күтуде малдың он екi жiлiгiнiң өз алдына мәртебесi бар. Жасы үлкен
сыйлы қонақтарға бас пен жамбас, күйеу мен келiнге асықты жiлiк пен төс, қызға
құйымшақ сүйек тартылады. Балаларға тiл, құлақ, бүйрек, жүрек берiледi. Тамақ жеп
болғасын бата берiлiп, қонақтардың қолына су құйылады. Батаны бас ұстаған сыйлы
қонақ немесе ақсақал адам береді.
Ерулiк. Көшпелi қазақ халқы көшi-қонды аса киелi iс санады, көшу-қазақтар
үшiн салтанат есептелдi. “Көш көлікті болсын” деп тілеу айтылады. Қазақ үшiн жұртта
қалудан үлкен қорлық жоқ. Сондықтан, қазақ қауымы көшкен күнi-еруде кимейтiн
жақсы киiмдерiн киiп, көштегi жұрт артқан түйеге кiлем-кiлше, сырмақтарын оң бетiн
сыртына қаратып жауып салтанат етедi. Еру отырған ауылдар жанына келiп қонған
ауылды баршасы қарсы алып, “қоныс жайлы болсын” айтып, олардың жүгiн түсiрiсiп,
үйiн тiгiседi және “ерулiк” апарады. Бұл ерулiкке дастарқан көтерiп, шай, қымыз немесе
қой сойып апаруға да болады. Бұл көшiп, шаршап келген туыс-жұрағаттарына жасалған
сый-құрмет және қамқорлық едi. Бұл iстер арасында “еруге қару” ретiнде алма-кезек
болып отырады. Мұны қазақтар “ағайын берекесi” деп атайды.
Көшiп келе жатқан көш еру отырған ауылдың үстiнен өткенде, еру ауылдың
әйелдерi қымыз, айран сияқты сусын алып, көш жетелеп келе жатқан әйелдер мен оның
алдындағы жас балаларын ат үстiнен сусындандырып жөнелтедi. Еру ауылдың
еркектерi көш бастап келе жатқан ақсақалдарға сәлем берiп “көш байсалды болсын! ”
айтады.
Қалжа мен шiлдехана. Баланың дүниеге келуi тек ол туған отбасы ғана қуанышы
емес, күллi ауыл-аймақтың ортақ қуанышы. Әсiресе ұл баланың дүниеге келуiн қазақтар
ерекше қастерлеп, “ұл туғанға күн туады” дейдi. Ертеден келе жатқан қазақ салты
бойынша, бала туған күнi сол отбасында той басталып, “қалжа” сойылып, маңайдағы
абысын-ажын, тағы басқа әйелдер сол үйге жиналып, “баланың бауы берiк болсын” деп
игi тiлектер айтады. Кешкiсiн қыз-бозбала жиналып, ән салып, түрлi ойын-сауықпен
кейде тiптi үш күнге дейiн созылатын “шiлдехана” тойын күзетедi.
Бесiк тойы. Қазақтар жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесiкке бөлеудi,
яғни “бесiк тойы” әдет-ғұрпын да аса құрметтеген. Бұған көбiнесе сол төңiректегi
әйелдер жиналатын. Олар балаға арнап шашу, көйлек-көншек, тана-моншақ, үкi т.б.
тойлықтар әкеледi. Осы тойда тектiң немесе ауылдың құрметтi ақсақалы баланың оң
құлағына үш рет, сол құлағына үш рет “сенiң атың...” деп айғайлап нәрестеге ат қояды.
Ұрпақ өсiрген үбiрлi-шүбiрлi қадырменді әйел бiр-екi келiншектiң көмегiмен бесiктi
жабдықтайды. Сәбидiң әжесi немесе шешесi түбектiң тесiгiнен балаларға бауырсақ,
түрлi тәттi тағам үлестiредi, мұны “Тыштырма.” деп атайды. Онан соң әлгi әйел
нәрестенi тұңғыш рет бесiкке бөлейдi. Тойға жиналғандар дәм татып, балаға, отбасына
тiлек-бата бередi.
Баланы атқа мiнгiзу салты. Қазақ балалары бес жасынан бастап атқа салт мiнуге
жаттығады. Ата-аналары баланың алғашқы атқа мiнуiн қуаныш етiп, той жасайды. Атқа
мiнетiн бала жаңа киiм киiп, басына үкi тағып, “ашамай” деп аталатын екi қасы “Х”
түрiнде айшықталып жасалған ерге мiнiп, туған-туысқандары мен руластарын
106
аралайды. Туыстары оған шашу шашып, айыл-өмiлдiрiк, құйысқан, жырым-шеттiк,
шыбыртқы-қамшы сияқты ер-тұрманын байғазыға бередi. Осыдан бастап бұл бала өз
алдына ер-тұрманға ие болып, көш кезiнде “тай-құнанға” мiнiп жүре бастайды.
Ежелгi заманнан көшпендi қазақта адам басына бiр-бiрден ер-тоқым болған.
Қазақ iшiнде ат-көлiк табу оңай, ер-тұрман табу қиын. ¤йткенi қазақтың өмiрiнiң көбi ат
үстiнде өтедi. Сондықтан-да “ер атымен, құс қанатымен” деп, атты ер адамның қанаты
есептейдi. Атқа мiнудiң алдыңғы шарты ер-тоқым, атқа жайдақ мiнудi жаяу жүруден
жаман көредi. “Ат табылады, ер табылмайды” деген айту содан шыққан.
Cүндет тойы. Ислам дiнiнiң жол-жосығы бойынша қазақтар ұл баласын тақ
жаста /бес жаста/ немесе жетi жаста сүндетке отырғызады. Осыған байланысты той
жасалады. Той қарсаңында сүндеттелетiн баланы басына және екi иығына үкi тағып атқа
мiнгiзiп, туыстары мен жұрағаттарын аралатады. Барған туыстары балаға шашу шашып,
құттықтап, оған үкi қадайды, кепеш кигiзедi, әл-ауқатына қарай лақ, қозы, құлын сияқты
жас төлдiң бiрiне ен салып бередi. Осы тойда балаға арнап ен салынған еркек құлын
есейгенде баланың “сүндет аты” есептеледi.
Әдетте баланы сүндетке осы кәсiппен шұғылданатын “Мұхамбет пайғамбардың
әулетi - қожалар” отырғызады. Қожалардың екi түрi болған дейдi тарихи деректер: бiр
түрi әлгiнде сүндет iстейтiн қожалар , яғни “молда қожа”, әр тайпаның өз “қожасы”
болған; екiншiсi, жас балаларға шешек егетiн қожалар “қорасан қожалар”. Қожалардың
қайсысы да балалар сауыққан соң тиiстi ақы: “қой, қозы” алып отырды. Баланы
сүндетке отырғызудың төркiнi ислам дiнiнен келген, кейiн келе бұл ұлттық әдет-
ғұрыпқа айналған. Баланың сүндет тойын, халық iс жүзiнде оның қара құлақ болып,
қатарға қосылуының алғашқы бiр белесi санаған.
Қазақтардың ежелгi тарихынан келе жатқан өте бай және терең мазмұнды әдет-
ғұрпы қыз ұзату және келiн түсiру дәстүрлерi. Қалыңдық туысқандарының күйеу балаға
деген көзқарасы iсләм белгiлеген көптеген ырымдардан азат болды. Соның нәтижесiнде
келiсуден және қалыңның алғашқы жарнасы берiлгеннен кейiн болашақ күйеу
қалыңдығымен жасырын жолығыса алатын және оның алғашқы келуi-ұрын келу, әдетте,
қалыңдығының әке-шешесiнен жасырын түрде, сол қалыңдығының аға-iнiсiнiң немесе
туыстарының үйiнде өтетiн болды. Күйеу жiгiттiң екiншi жолғы келуi ашық түрде
болды және ол “қалыңдық ойнау” деп аталды.
XV-XVII ғғ. қазақтардың отбасылық өмiрiне iсләмнiң ықпалы онша болған жоқ,
молданың қатысуымен қалыңдықтың некесiн қию ғұрпы қолданылмады. Ерлi-
зайыптылық (жұбайлық) халықтың жалпы мақұлдауымен, бәрi қосылып той
салтанатында орындалатын “жар-жар” өлеңiн айтумен бекiтiлдi. “Жар-жар” - айтыс
өлеңi. Оны әдетте екi топ: күйеу бастаған-еркектер, қалыңдық бастаған-әйелдер жағы
айтады.
¤лең патриархальдi отбасындағы әйелдiң жағдайы туралы баяндайды, бөтен
ауылға, ортаға кетiп бара жатқандығына, туыстарымен айрылысатынына, туған жерiнен
алыстайтынына байланысты қыздың мұң-қайғысын бiлдiредi. Көбiнесе күйеуге өзiнiң
еркiнсiз кетiп бара жатқандығын сезiнуiнен туатын қалыңдықтың қасыретi кейде
шынайы әрi ойланатын жылап-сықтау өлеңiне - сыңсуға, “қыз танысуға” келiп
қосылатын. Мұнда қыз өзiнiң туған ауылымен қоштаса тұрып, қайғы-қасыретiн де
өлеңмен өрнектейтiн. Қыз өзiне ерiп жүрген құрбылары мен бiрге қоштасу өлеңiн айта
жүрiп өз ауылының әрбiр үйiне және көршi ауылдарға кiрiп-шығуы керектiгiн арнайы
дәстүр ретiнде талап еттi. Қазақтарда қыздың бұл қоштасуы “қыз танысу” деп аталды.
Әдет-ғұрып бойынша келiннiң жiгiт ауылындағы алғашқы қадамы дәстүрлi өлең
беташармен басталып, онда қалыңдық әуелi әдетте күйеудiң ең жақын туыстарына және
ауылдастарына таныстырылады. Содан соң жаңа ғана өзiнiң бұдан былайғы отбасының
табалдырығын аттаған қалыңдыққа ақыл-өсиет айтылады.
Әр жүзде өзiнiң ерекшелiгi бар қалыңдық жағына қалың төлеумен қатар, күйеу
тарапынан жөн-жоралғылық сыйлықтар берiледi. Оның iшiнде барлық ру-тайпаларда
тарағаны: шешесiне - сүт ақысы, әкесiне - той малы, яғни қыз ұзатуға байланысты
шығындары, қалыңдықтың аға-iнiлерiне - тартулар (ер-тұрман, белдiктер, т.б.) кәде
берiледi. Құдалардың қыз жағы да екi баланың үй болуының алғашқы қадамына сүбелi
үлесiн қосқан. Алғашқы сұхбат кезiнде олар қарғы-бау, яғни келiсiмнiң адалдығына
кепiлдiк салуға тиiстi болады. Құдаларына сый ретiнде киiт кигiзедi. Бұндай сый-құрмет
107
көбiнесе қыз жақтың алған қалың малының құнынан да асып кететiн. Туыстары қызына
сәукеле тiктiрiп, көлiк - күйме сыйлап, ал қоры мол болса ұзатылған қызына барлық
жасау-жабдықтармен қоса жаздық үй-отау тiгiп беретiн.
Ерте заманнан сақталып келе жатқан жауапты әдет-ғұрыптардың бiрi - бұл дүние
салған адамды шығарып салу. Қазақтардың жерлеу-жосықтары аралас күйде болып,
iсләмнiң әдет-ғұрпына яғни шариғатқа негiзделедi. Қазақтар о дүниелiк өмiрге сенiп
марқұммен бiрге оның қабiрiне садағын, найзасын, ер-тоқымын, сүйiктi атының басын
салған. Марқұмның үйiнде өлiктi түнде күзету ұйымдастырылады. Жаназаға жиналған
жұрт осы үйге кiрiп туыстарына көңiл айтады. Ертеңiне сүйектi арулап жуып, ‘’ақырет
кебiнiне” орап, “дәуiр” жүргiзiп, ысқат шығарады. Бiрнеше мал ала жiппен байланып,
сол үйдiң есiгiнiң алдына әкелiнiп, дәуiр жүргiзушi адам мал байланған жiптi ұстап:
“бұл адамның бiр жылдық өтпеген ораза, намаз, тағы парыз-қарыздары үшiн” деп
өлiктiң төр жағында отырған моллаға ұстатады, молла “қабыл алдым” деп жiптi алып,
қайта бередi. Марқұм қанша жасқа келген болса, сонша рет осылай iстеледi. Ал
балиғатқа толмаған жас бала қайтса, оған дәуiр жүргiзiлмейдi.
Марқұмға қайғы-күйiнiшiн бiлдiру ретiнде жылап-сықтау, әйелдер беттерiн
тырнау (бет жырту) әдетi осы күнге дейiн сақталған. Әйелi аза тұтуын сақтап бiр жыл
бойы басына қара орамал тартып жүредi (қара салу). Марқұмның сүйiктi көлiгi азалы
қара жабумен жабылды. Жыл өткен соң аза тұту аяқталып, кабiр үстiне ескерткiш
орнатылып, оның жылы берiледi. Оның мiнген атының құйрығы кесiлiп, артынша ол
сойылған. Аттың басы, тұяғы және терiсi иесiнiң бейiтiне қойылады.
Қазақ арасында үстем дiн – iсләм дiнi, оның тараған негiзгi орталықтары
Түркiстан, Хорезм және Бұқара болатын. Дей-тұрғанмен бұл өңiрде iсләм тамырын
терең жая қойған жоқ, халық бұқарасы iсләм парыздарынан әлi алыста болды, сөйтiп,
бұрынғысынша “тәңiрге” табынушылықпен (аспанға бас ию) ризаласқан ежелгi дiннiң
салт-жораларын орындады. XV-XVII ғғ. “тәңiрге” табынушылық әлi де iсләммен
бәсекелестiкте болды. Iсләмнiң алдын-ала ойластырғанына қарамастан қазақтар ата-
бабаларының дiнiн құрметтеп, өз әкелерiнiң әруақтарына (тәңiрге) сыйынатын.
Қазақтың халық жылнамасының негiзiн ғасырлар бойы жинақталған
астрономиялық түсiнiктер мен аспан жұлдыздары туралы iлiмi құрады. Халықтың
шаруашылық тiрлiк тынысында табиғат құбылыстарының мезгiлдерiн бақылап
отырудың практикалық зор маңызы болды. Ерте замандардан берi халық арасында адам
баласының тәжiрибесiне ғана негiзделген метеорологиямен және уақытты есептеумен
кәсiпқой есепшiлер айналысатын. Олардың кәсiбi мұрагерлiкпен өрбiп, әкесiнен
баласына ауысып отырды. Есепшiлер көптеген ұрпақтардың тәжiрибесiн талдау арқылы
және бақылаулар нәтижесiнде, ауа-райы болжамдарын бердi. Маусымдық жұмыстарды
атқару, көшiп-қону мерзiмдерiн айқындады, халық жылнамасының жоғары жылдарын
т.б. белгiледi.
Ата-бабаларымыз жұлдызды аспанның картасын әдетте өздерiнiң өмiрлерiнде
маңызды рөл атқарған Темiрқазық жұлдызымен аша бiлген. Түнгi уақытта жол
жүргенде олар сол жұлдыз бойынша бағдар ұстады. Жетi қарақшы топ жұлдызы әрбiр
тарихи дәуiрде: ”Жетiген”, “Жетi қарт”, “Жетi қарақшы” делiнiп, ал кiшi Жетi қарақшы-
“Ақ боз ат”, “Көк боз ат”, делiнiп, әр түрлi атпен аталды. Бұл топ жұлдыздардың аттары
қойшы тұрмысымен, түнгi қой күзетумен байланысты туған.
Қазақ есепшiлерi айдың қозғалысын үнемi бақылап, соның iшiн де жаңадан
туған айға қарап, ай күндерiн белгiлеген және айлардың санағын жүргiзген. Осындай
тәжiрибе арқылы жылды 12 айға, айды үш он күндiкке бөлдi, уақыт есептедi. Күннiң
аспан әлемiндегi орналасуына қарай қазақтар жыл мезгiлдерiн айқындаған. Жылдың
астрологиялық айларын олар “жұлдыз” деп атады. Бұл ретте олар 12 айлық кезеңге
сәйкес күннiң жүрiсiн көрсетiп, 12 айдың басы болған топ жұлдыздар санын ескердi.
Әлемнiң тұстарын күннiң күндiзгi орналасуына қарай “оңтүстiк”, ”солтүстiк”, “күн
шығыс”, “күн батыс” деп айыра алды.
Қазақ халқының өмiр-жолында өткен дәуiрден мұраға қалған кезеңдiк жылнама
үлкен рөл атқарады. Қазақтар уақытты 12 жылдық кезеңмен есептеп оны бiр мүшел деп
санады. Әрбiр кезеңнiң жылдары жануарлардың атымен: тышқан, сиыр, барыс, қоян,
ұлу, жылан, жылқы, қой, мешiн, тауық, ит, доңыз деп аталды. Апта: дүйсенбi, сейсенбi,
108
сәрсенбi, бисенбi, жұма, сембi, жексенбi деп аталатын жетi күннен тұрады. Күндердiң
аттары, “жұма”, деген араб терминiнен басқасы негiзiнен алғанда парсылардан шыққан.
Жылдың басы көктемгi күн мен түннiң ұзақтығының теңескенiн анықтау -
“Наурыз” (парсы тiлiнде “жаңа күн” мағынасын бередi) мерекесiнен басталды. Бұл күнi
халық ауылдан ауылға қыдырып “наурыз көжеден” (жетi түрлi дәмнен пiсiрiлген) дәм
татқан. Мереке кезiнде ауылдың сыйлы адамдары (ақсақалдар) көпшiлiкке тiлек-
баталарын берген.
Көшпелi мал шаруашылығы мен шiнара отырықшылық өмiр салты елiмiздiң
халқының бiрыңғай мәдениетiнiң негiзiн қалыптастырып болашақ үлкен әдет-ғұрпына
жол ашты. Қазақ халқының мәдениетiне көршi халықтардың, әсiресе, Едiл маңы, Сiбiр
және Орта Азия халықтарының мәдениетi едәуiр әсер еттi. Сайып келгенде, XV-XX
ғасырлардың басында қазақ далаларының ежелгi тайпалары мәдениетiнiң таңдаулы
дәстүрлерiне негiзделген бiрыңғай мәдениет iс-әрекетте болды.
XIX ғасырда халық мәдениетiнiң дамуына ерекше үлес қосқан қазақ арасынан
шыққан аса көрнектi тұлғалар бар болатын. Мәдениет пен қоғамдық ой-пiкiрдiң
тарихында қазақтың тұңғыш ғалымы, көрнектi демократ-зерттеушi Ш.Ш. Уәлиханов
(1835-1865) терең iз қалдырды. Оның саяси-қоғамдық, ғылыми және әдеби қызметi
қазақ даласында прогресшiл идеялардың тарауына кең жол ашты. Ш. Уәлиханов 1858-
1859 жылдарда Шығыс Түркiстанда болып, ондағы халықтардың тарихы мен
этнографиясына, сондай-ақ осы сапарда Қырғыз елiнiң тарихына байланысты бай
материал жинап, соның негiзiнде көптеген шығармалар жазды. Оның қазақ тарихы
туралы еңбектерi шығыстану ғылымына зор үлес болып қосылды. Ол Ресейдiң ғылыми-
жағрафиялық қоғамының толық мүшесi болатын.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарында қазақтардың рухани өмiрiнде тарихи оқиға
болды, яғни Ресей отаршылар үкiметiнiң шешiмiмен Қазақстанда алғашқы бiлiм
жүйесiнiң негiзiне қадам жасалды. 1864 жылы Торғайда қазақ балаларына алғашқы
мектеп ашылды. Өңiрде халықтық мектептердiң ашылуы аса көрнектi ағартушы,
жаңашыл педагог, қазақтың жазба әдебиетiнiң және тiлiнiң негiзiн салушылардың бiрi
Ыбырай Алтынсарин есiмiмен тығыз байланысты. Ы. Алтынсарин орыс графикасына
негiзделген қазақ алфавитiн жасады. Осы алфавит бойынша жүргiзiлген сабақтар ол
ұйымдастырған қолөнер және ауыл шаруашылығы училищелерiнде оқитын қазақ
баларының дүниеге көзiн ашты. Қазақ қыздарын өнер-бiлiмге тарту мақсатымен ол бiр
топ мектеп-интернаттар ашуға себепкер болды. Олар 1864 жылы Торғайда, 1888 жылы
Ырғызда, 1891 жылы Торғайда, 1893 жылы Қазалыда, 1895 жылы Қарабұтақта, 1896
жылы Ақтөбеде жұмыс iстей бастады. Бұл оқу орындарының түлектерi - қазақ қыздары
елiмiзде бiлiм таратуға себепкер болды.
Осы кезде Батыс Қазақстанда өмiр сүрген көрнектi этнограф-тарихшы
Мұхамбет-Садық Бабажанов (1834-1872) өзiнiң шығармашылығымен кеңiнен мәлiм
болды. Орынбордағы кадет корпусын үздiк бiтiрген ол қазақтардың мәдениетке, бiлiмге
деген ықыласын қолдап, қазақтың тарихына, тұрмыс-тiршiлiгiне, Орал казактарының
зорлық-зомбылығына байланысты Петербург, Мәскеу, Астраханның баспаларында
көптеген мақалалар шығарды. Ол орыстың ғылыми-жағрафиялық қоғамының тiлшi-
мүшесi болды.
XIX ғасырдың екiншi жартысында өмiр сүрген, өздерiнiң халықтың мұң-
мұқтажымен үндесiп жатқан тамаша шығармалары мен танымал болған Орынбай,
Шөже, Бiржан, Жамбыл, Майкөт, Әсет т.б. жұртшылықты өздерiне тәнтi еттi. Айтысқа
түсiп жүлде алып, өлеңдерi жұрттың есiнде, аузында жүрген қазақтан шыққан қыз-
келiншектер де аз болған жоқ. Сара, Айсұлу, Манат, Балқия, Рысжан т.б. солардың
қатарына жатқызуға болады.
Қазақ музыка мәдениетiн әлемге паш еткен, елiмiздiң ұлттық музыкасының
классиктерi Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Тәттiмбет, Ықылас, атақты әншiлер
Мұхит, Әсет, Бiржан сал, Жаяу Мұсаның атағы осы кезде бүкiл қазақ даласына
жайылды. Олардың шығармалары қазақтың музыкалық мәдениетiн одан әрi дамытып,
жаңа белеске шығарды. Олардан қалған мол мұра - бүгiнгi таңда да қазақ халқының
игiлiгiне айналып отыр.
XIX ғасырдың екiнiшi жартысында өмiр сүрген, қазақтың жазба әдебиетiнiң
негiзiн салушы Абай өзiнiң өлеңдерімен, дастандар және қара сөзбен жазылған
109
ғақлияларының мол мұрасын қалдырды. Ол өз шығармаларында адамгершiлiкке, рухани
тазалыққа үндеп, қулық-сұмдықты, залымдықты шенедi.
Абайдың ақын шәкiрттерi өз балалары - Ақылбай, Мағауия, туысы Көкбай, iнiсi
Шәкәрiм қазақ әдебиетiнiң алтын қорына қосылатын көптеген шығармалар қалдырды.
Олардың арасында: “Қазақ шежiресi”, ”Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек”, “Дума”,
“Дубровский әңгiмесi”, деген поэмаларын, Хафиз ақын өлеңдерiнiң, америка жазушысы
Бичер-Стоу Гариеттiң “Том ағайдың балағаны” деген романының, Лев Толстойдың
шығармаларының қазақ тiлiндегi аудармаларын атауға болады. Қазақтың iрi ойшыл
шежiрешiсi, ақыны Мәшhүр Жүсiп Көпеевте (1858-1931) осы Шәкәрiм мен тұстас өмiр
сүрiп, халық сүйiп оқитын шығармалар жазды.
XIX-шы ғасырдың аяғы мен XX-шы ғасырдың басында елiмiздiң саяси және
мәдени өмiрiнде терең iз қалдырған, қазақтың шынайы рухани-психологиялық
ерекшелiгiн бейнелеуге шешiмдi қадам жасаған бiр топ интеллигенттер танылды. Олар
өздерiнiң творчестволық iзденiсiмен жарық жұлдыздай көзге түскен Ахмет
Байтұрсынов (1873-1938), Мағжан Жұмабаев (1893-1938), Жүсiпбек Аймауытов (1889-
1931), Мiржақып Дулатов (1885-1935) сияқты алыптар едi.
Оныншы дәрiс.
XIX-шы ғ. аяғы XX-шы ғ. басындағы Қазақстанның
Достарыңызбен бөлісу: |